Бір минералдан тұратын тау жыныстары(мономинерал):Тұз,Мрамор, Әктас, Кварцит,
Бірнеше минералдан тұратын тау жыныстары(полиминерал): Гранит, базальт, гнейс
Гранит үш минералдан тұрады: Кварц, дала шпаты, слюда
Минералдар екі күйде кездеседі:
Кристалды (атомдар мен молекулалар геометриялық пішінде орналасқан )
Аморфты (пішінсіз)
Тау жыныстары 3-ке деп бөлінеді: шөгінді, магмалық, метаморфты
Шөгінді тау жыныстары бөлінеді:(жер бетінің 75%-ы)
1.
органикалық(органогендік) (көмір, шымтезек, бор) Органогендік жыныстар бөлінеді:
карбонатты, кремнийлі, көміртекті
2.
химиялық(хемогендік): Тұздар (гипс, ангридит, магнезит, доломит, әкті туф) Хемогендік
жыныстар бөлінеді: шөгінді, гидротермальды, шөгінді-гидротермальды
3.
кесек(физикалық) жыныстар 2-ге бөлінеді: Борпылдақ (құм, қиыршықтас, сазбалшық)
Цементтелген: жұмырланбаған сынықтар(жентек тас үйіндісі, ұсақ кесектелген жентек тас),
жұмырланған сынықтар (қойтасты конгломерат, конгломерат)
Шөгінді тау жыныстарының ең таралғандары: cазды(50%), құмды және карбонатты жыныстар (45%)
Өсімдіктер шірімей және көміліп қалған қалдықтарынан Шымтезек пен Тас көмір, теңіздің өте майда
жәндіктерінің қалдықтарынан Бор құралады.
Шөгінді тау жыныстары ұзақ уақыт жатып тығыздалып,Құмнан >құмтасқа, саздан >сазды тақтатас,
бордан >әктәс түзіледі
Магмалық тау жыныстары:
1.
интрузивті (гранит, габбро)
2.
эффузивті (базальт, обсидиан, кеуектас, жанартаулық туф, пемза, шыны)
Магма грекше Былғыма, қойыртпақ деген мағына береді.
Метаморфты тау жыныстары: әктас > мәрмарға, гранит > гнейске, құмтас > кварцитке, сазды
тақтатас > кристалдық тақтатас
Достарыңызбен бөлісу: |