Бағдарламасы негізінде 2022 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары



бет11/13
Дата17.10.2022
өлшемі29,19 Kb.
#43625
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сөйлеуді дамыту

заттар тобын білдіретін сөздерді балалардың сөздік қорына жалпылауыш сөздерді түсіну арқылы ендіру (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз)

Көркем әдебиет

Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге үйрету

Математика негіздері

Геометриялық пішіндер:
балаларды геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету
дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

жәндіктердің аттарын (қоңыз, көбелек, шыбын) бекіту, кейбір жәндіктер туралы (құмырсқа) қарапайым түсінік беру.

3) бауырмен жорғалаушылар санатының өкілдерімен (кесіртке, тасбақа), олардың сыртқы түрімен және қозғалу әдістерімен таныстыру (кесірткенің денесі ұзын, құйрығы да ұзын ол оны тастап кете алады және ол тез қимылдайды):



Құрастыру

бөлшектерді өзара желімдеу, композиция құрастыру;
әртүрлі "пластик" түріндегі үлгілер жасау;

Сурет салу

заттардың үлгі бойынша олардың өзіне тән ерекшеліктерін: пішінін, пропорциясын және заттар мен олардың бөліктерінің орналасуын ескере отырып сурет салуға үйрету;

Мүсіндеу

Мүсіндеудің таныс тәсілдерін пайдалана отырып, сазбалшықтан, қамырдан, ермексаздан мусіндеу

Жапсыру

ересектердің көмегімен қағаз бетінде дөңгелек және сопақша пішіндегі ою-өрнекті жабыстыру

Музыка

әуеннің сипатын тану: әннің қайырмасын орындау кезінде күрделі емес ырғақтық бейнені орындап, сылдырмақтармен ойнау, музыканың тактісімен алақандарды соғу; түрлі жанрдағы музыканы қабылдау және анықтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет