Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет41/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Дəріс № 15.


Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен əдісі.
Мақсаты: Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен əдісі туралы түсінік
Тірек ұғымдар: бағалаудың түрлері, бағалаудың əдістері.

Дəрістің мазмұны:


  1. Бақылаудың түрлері.

  2. Бақылаудың əдістері мен оларға сипаттама.

Білімді тексерудің кезеңдері:

    1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

    2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.

    3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

    4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мəнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу жəне жалпылау.

    5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында жəне оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

    6. Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.



А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)
«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

  • Қойылған сұрақтарға толық жəне дұрыс жауап берсе;

  • Есептерді дұрыс жəне барынша тез орындаса;

  • Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп жəне есептің сұрақтарына берген жауаптарын дəл тұжырымдап бере алса;

  • Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сəйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

  • Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дəлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

  • Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса жəне оны түзетуге шамалары жететін болса;

  • Есептерді шығарған кезде дəлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

  • өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дəлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.
«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

  • есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

  • есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса жəне есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.
Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет