Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1) Ə) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау (Т.Қ.Оспанов)
Бақылау жұмыстарының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты əр тараудың , тоқсан жəне жылдың соңында беріледі.
45 минут ішінде оқушылар жұмысты орындап жəне тексеріп үлгерулері тиіс.
Математикадан жазбаша бағылау жұмысын бағалауда өрескел жəне өрескел емес қателер кездеседі.
Өрескел қателерге мыналар жатады:
есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;
арифметикалық амалдардың орындалу тəртібінен жіберілген қате;
есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау , артық амалдар орындау);
есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;
орындалмаған жұмыстар.
Өрескел емес қателерге мыналар жатады:
есептеп шығару тəсілі орынды болмау;
есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;
есептің тұжырыдалу жауабы дұрыс алмау ;
берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;
қайта құруды соңына дейін аяқтамау.
Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:
егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал жұмыста 1 өрескел жəне 1-2 өрескел емес қате жіберілсе , «4» деген баға қойылады;
егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.
барлық тапсырма қате орындалса, «1» деген баға қойылады. Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:
егер есеп дұрыс орындалса , «5» деген баға қойылады.
егер есепті шығарғанда, 1-2 өрескел қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады.
егер есепті шығарғанда, 1 өрескел жəне 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, «3» деген баға қойлады.
егер есеп шығарылмаса , «1» деген баға қойылады. Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:
егер жұмыс қатесіз орындалса, «5» деген баға қойылады;
егер орындалған жұмыста 1 өрескел жəне 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;
егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел жəне 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса , «3» деген баға қойылады;
егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;
егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса , «1» деген баға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: