Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет39/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
Байланысты:
Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)

Дəріс № 13.


Тақырыбы: Шағын жинақты мектептегі өзіндік жұмысты ұйымдастыру.
Мақсаты: Өзіндік жұмыстың түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: Тапсырамның көлемі, өзіндік жұмыстың түрлдері мен амалдары.

Дəрістің мазмұны:


  1. ШЖМ өзіндік жұмысты ұйымдастыру

  2. Өзіндік жұмыстардың түрлері.

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-əрекеттерініғ бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тəрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
Өзіндік жұмыстардың нəтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тəртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тəрбиелейді.
Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек: 1.Өзіндік жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

    1. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

    2. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны əртүрлі болуы керек;

    3. Əрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

  • жұмысты орындаудың жəне аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен жəне қалауымен істеуі;

  • оған əсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мəселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тəсілдерге үйрену).
ə) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

  1. Тапсырма əрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

  2. Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

  3. Міндетті түрде тексерілуі керек.

  4. Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

  5. Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау əдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

  6. Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты əр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап əкелу керек.

  7. Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пəндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Қазақ тілі сабақтарында – түрлі жаттығу жұмыстарын орындау, қима қағаздармен, перфокарталармен жұмыс, сурет бойынша сөйлем, əңгіме құрау, сөздіктермен жұмыс тапсырылады. Мысалы, мұғалім грамматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мəтін береді. Жоспар жасатады (əуелі ауызша, сонан соң жазбаша жоспар жасатады). Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, олар жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады. Негізінде қазақ тілі сабақтарындағы жаттығулардың барлығы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатуды көздейді. Алайда жаттығу ұғымы оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасатудан кеңірек. Жаттығу − мұғалімнің басшылығымен орындалатын, оқушылардың алған білімдерін бекітуді көздейтін тұтас тəжірибелік жұмыс. Жаттығуда уақытқа шек қойылмайды. Ал оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстарына белгілі мөлшерде уақыт беріледі.
Балалардың қазақ тілі сабақтарында өз беттерінше грамматикалық талдау жасауы төменгі сыныптардың өзінде-ақ іске асырыла бастайды.

  1. сыныптың балалары оқу жылының екінші жартысынан бастап тақтадан, болмаса оқулықтан қысқа мəтіндерді көшіріп жазатын болады, кейбір сөйлемдерді бөліп, жеке айырып жазып қояды, мұғалім астын сызып көрсетіп берген сөздерді жазып алады, кеспе əріптерден сол сөздерді құрастырып, сөздің əрқайсысын буынға бөледі, мəтіннен көшіріп жазып алған сөздердегі дауысты жəне дауыссыз əріптерді көрсете алатын болады.

  2. сыныптың балалары нəрсені, сапаны, əрекетті білдіретін сөздермен танысып болғаннан кейін, олар мəтінде кездескен сол сөздерді өзбеттерінше тани біледі, оған өздерінше сұрақ қоя алады. Заттың атын, сапасын, əрекетін білдіретін сөздерді алдымен жеке-жеке, содан соң топтап жазады, ол сөздердің астын сызып қояды. Содан кейін заттың атын білдіретін сөздерді, оның сапасын болмаса əрекетін білдіретін сөздермен біріктіріп құрастырады. Сол сияқты 2-сыныпта сөздерді буынға бөлу, ұяң жəне қатаң дауыссыз дыбыстарды табу, сөз екпіні түсетін буындардың астын сызып қою, екпінді дауысты дыбыстарды табу балалардың өз беттерінше істейтін жұмыстары есебінде жүргізіледі. Сөздің түбірімен танысып болғаннан кейін балалар мұғалімнің оқып берген мəтініндегі біріне-бірі ұқсас сөздердің астын сызып, көшіріп жазуға дағдыланады. Балалар біраз уақыт дағдыланғаннан кейін сол түбірге ұқсас түбірлі сөздерді іздеп табуға жаттығады.

Өз бетінше жұмыс істеудің бұл түрлері кейінгі сыныптарда да кеңінен қолданылады.
3 жəне 4-сыныптарда балалардың өз бетінше грамматикалық талдау жасауын ұйымдастыру кең өріс алатын болады. Балалар өз беттерінше сөзге морфологиялық, грамматикалық талдау жасайды. Жазбаша грамматикалық талдау жұмыстарын алғашқыда сызба бойынша өткізген қолайлы. Сызба балалардың зейінін тəртіпке келтіреді, сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын есте сақтауға жəрдемдеседі жəне əртүрлі грамматикалық тұлғаларды өзара салыстыруға мүмкіндік туғызады. Сызбаны пайдаланбай мəтінді жазбаша грамматикалық талдау жасау көбінесе бақылау жұмыстары сияқты болып жүргізіледі. Балалардың өз беттерінше қандай да болсын грамматикалық талдау жасау түрлері грамматика жəне орфография сабақтарының бір бөлімі болып өтуге тиіс.Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек жəне көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта
− 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, əр пəннің ерекшелігін ескере отырып, алдын- ала дайындауы керек.
Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа əдіс-тəсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту əдісін пайдаланған дұрыс. Ана тілі сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысын басқару ісі 1-сыныптан басталады. Ал, 3- сыныпта жүргізілетін жұмыстар 2-сыныпқа қарағанда мазмұны жəне көлемі жағынан күрделі болады. Ол өте күрделі үдеріс болғандықтан, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай біртіндеп дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет