Дəріс № 12.
Тақырыбы: ШЖМ сабақ кестесін құрастырудың варианттары.
Мақсаты: ШЖМ сабақ кестесін құрастырудың варианттары. Туралы түсінік қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: əрпəндік сабақ кестесі, бірпəндік сабақ кестесі
Дəрістің мазмұны:
Сабақ кестесінің түрлері жəне оларды құру технологиясы 2.Сабақ кестесін құрастырудағы сабақ түрлері
Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тəрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, əр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пəндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пəндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пəнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пəн бойынша, мəселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тəжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пəндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пəнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пəндердің бірдей дəрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пəндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі күндері
– оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне əсер ететін, нəтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін əр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пəндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пəнді бір мезгілде оқытуға, əр пəндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пəн немесе 2 пəн қатар оқытылады. Ал қалған пəндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет
1 пəнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пəндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тəрбие жұмысының нəтижелі болуына сабақ кестесінің əдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор. Осыған орай қосымша материалдарда бір пəндік жүйедегі сабақ кестесінің үлгілерін ұсынамыз. Бір пəндік сабақ кестесі, соның негізінде бір пəндік жүйедегі сабақты өткізу жөніндегі мұғалімнің ой – пікірі мынадай: «… бір мезгілде барлық сыныптармен мазмұн жағынан бір тектес пəндер оқытылса, мұғалімге сабақ өткізу жеңіл, яғни мұғаліс өз назарын математикадан ана тіліне немесе дүниетанудан қазақ тіліне ауыстырудан гөрі, қосудан көбейтуге немесе жай сөйлемнен құрмалас сөйлемге көшу мұғалімнің ойын бөлмей жұмыс істеуге ықпалын тигізеді.»
Бір пəндік жүйеде 4 сыныпта бірдей сабақ өткізу негізінде баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін ескерсек, онда математика пəні 2 сабақта өткізілгені тиімді екен. Мұнымен қатар 3 жəне 4- сыныптарда математика сабағы аптасына 5 рет, ал 1 жəне 2-сыныптарда 4 рет болады. Демек, мүмкіндігінше 3 пен 4, 1 мен 2 сыныптарын біріктірген қолайлы, өйткені 1 жəне 2 сыныптарда қосу жəне азайту, ал қалған екі сыныптағы оқу материалы көбінесе көбейту жəне бөлу амалдарымен байланысты. Сонда бұлай біріктіргенде 2 сынып оқушылары «Қайталау- білімнің атасы » деген қағиданы ұстанужағдайында болса, 1 сынып оқушылары «Алдын - ала оқыту» əдісін ұстану жағдайында болады.
Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің əдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың əр түрлі типтері ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |