Бағдарламасы шифр және ббб в01610 -тарих Оқу нысаны Күндізгі Семестр Курс Кредиттер саны 7



бет2/11
Дата19.10.2023
өлшемі61,14 Kb.
#119103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тарих өндір-пед пр бағдар 2022-23 (1) (1)

1. Іс-тәжірибенің мазмұны: Өндірістік іс-тәжірибе білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін практикалық меңгеруіне мүмкіндік береді.
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты кәсіби құзыретін бекіту, кәсіби қызметінің практикалық дағдылары мен тәжірибені игеру;

  • оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту;

  • практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену;

  • нақты өндірісте бакалаврдың кәсіби қызметінің ерекшеліктерімен танысу;

  • өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әрекетінің мәселеллерін анықтап оларды өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыптастыру болып табылады.

Өндірістік іс-тәжірибе барлық мамандықтардағы (педагогикалық мен тілдік мамандықтарынан басқа) білім алушылар үшін жүргізіледі және білім алушылардың оқуды аяқталуына дейін 2 курстан бастап ұйымдастырылады.
Өндірістік іс-тәжірибе оның мазмұнына байланысты арнайы кафедраның немесе нәтижесінде аталған өндірістік іс-тәжірибе түрінің объектілері болып табылатын теориялық оқытуды жүргізетін кафедраға бекітіледі.
Өндірістік іс-тәжірибе өту барысында кәсіби практиканың бұрынғы кезеңдерінде алған білімі мен дағдыларына сүйенеді. Осының нәтижесінде мамандықтың практикалық дағдыларын игерудегі сабақтастықтың сақталуы қамтамасыз етіледі.


2. Педагогикалық практиканың міндеттері.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында оқыту ісінде теориялық даярлық, қоғамдық, педагогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педагогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі, ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы - педагогикалық практика. Мұғалімдердің кәсіптік даярлығын арттыруға деген талаптың жылма-жыл күішейіп отыруына байланысты студенттердің педагогикалық практикасы да ұдайы жетілуде. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында студенттердің педагогикалық практикасы мұғалімдерді даярлау жүйесінің маңызды компоненті болып отыр. Оларды теориялық білімді жүйелі түрде игерумен қоса, практикалык. педагогикалық іскерліктерін үнемі жетілдіруі қажет.
Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық практиканың рөлін бір жақты қарастыруға болмайды. Оны тек теориялық оқытудан кейінгі педагогикалық іскерлікті практикада орындау деп қана түсінуге болмайды. Теория мен практиканың байланысы педагогикалық жоғары оқу орындарында оқытудың басты принципі ретінде болашақ мұғалімдерді көсіптік даярлаудың күрделі практикасы ретінде қамтып көрсетеді. Бір жағынан, қажетті педагогикалық білімсіз нақты оқу-тәрбие процесін түсінуге және оны басқаруға болмайды. Екіншіден, жанды фактілерге сүйенбей, нақты мектеп қызметіне талдау жасамай тұрып, оқыту және тәрбиелеу теориясын терең, әрі жете түсіну мүмкін емес. Оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар теория мен практика арасында табиғи байланыс орнатуға жәрдемдеседі.
Педагогикалық практиканың маңызды міндеті — оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тербиелеу мен оқыту педагогикасын және психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына
қажетті құрал береді.
Теорияны терең түсінуді белсенді педагогикалық қызметнен үйлестіруге негізделген оқу-төрбие процесіндегі педагогикалық бақылау - педагогикалық практиканың алғашқы күнінен бастап-ақ жетекші міндеттердің біріне айналады.
Педагогикалық практика бірінші курстың екінші семестрінде басталады. Болашак мұғалім ретінде мектеп табалдырығын аттағанда талқыламайтын, толғанбайтын студент жоқ. Енді сенің өзіңе, яғни студентке сыныптағы, мектептегі балалардың өмірі қызғылықты болатындай етіп ұйымдастыруды үйренуің керек. Бірінші курс студенттерінің педагогикалық практика алдында ерекше толқуының басты себептерінің бірі - олардың оз күшіне, қабілетіне сенімсіздігі. Мұның өзі кейбір практиканттардың оқушылармен дербес тәрбие жұмысына тез, белсенді, әрі ынталана кірісуіне бөгет жасайды. Мұндайда студенттер алғашқы практикалық қадамынан қанағаттана алмай, озін педагогикалық кызметке мүлде қабілетсізбін деп ойлап, кәсібінен тайсақтай бастайды.
Балалармен дұрыс педагогикалық қарым-қатынас орнату педагогикалық іскерлікке байланысты. Мұндай іскерлікті меңгеру-ерекше міндет, оның өзі педагогикалық практика барысында шешіледі.
Педагогикалық практикада жекелеген оқушылармен де, оқушылар коллективімен де, педагогикалық бірлікте әрекет еткенде ғана оларды танып білуге жердемдеседі.
Педагогикалық практика процесінде болашақ мұгалімнің педагогикалык, іскерлігі мен өзіне тән кәсіптік сапаларын қалыптастыру міндеті шешіледі, ал оган мыналар жатады:
қоғамдық-саяси, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді орнықтыру, терендету, әрі байыту, оларды нақтылы оқу-тәрбие міндеттерінде шешуге қолдану;
мұғалім мамандығына деген ықыласы мен сүйіспеншілігін, озінің кәсіптік-педагогикалық тәрбиесі мен біліміне қажеттілігін, педагогикалық қызметке творчестволық тұргыда қарауды ұдайы тәрбиелеу;
мектептегі, орта кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жағдаймен, педагогикалық озат тәжірибемен танысу, балалар мен жеткіншіктерге үлгілі тәрбие беру міндеттерін шешуде оқу-тәрбие мекемелеріне қолдан келгенше көмек көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет