Байланысты: Тарих өндір-пед пр бағдар 2022-23 (1) (1)
Практиканттың сабақты өткізуге даярлығы Кез - келген сабаққа даярлану – оқу бағдарламасымен, оқулықпен, оқу-әдістемелік әдебиетпен танысу, күнтізбелік - тақырыптық жоспарды түзу, сынып оқушыларының ерекшеліктерімен танысудан құралатын үлкен жұмысты талап етеді.
Сабақта даярлануды жоспардың сәйкес бөлігін мүқият оқудан бастаңыз. Осыдан соң мектеп оқулығының сәйкес бөлігімен танысыңыз. Келесі кезеңде әдістемелік және дидактикалық құралдармен танысуды орындаңыз.
Сабақтың барлық кезеңіндегі оқушылардың толымдық іс-әрекетінің әдістерін ойластыру.
Оқытудың қазіргі кезеңдегі білім беру технологиясын қайталаңыз.
Оқушылардың сабақта дербес, топтық, ұжырымдық қызметтерін пайдалаиу мүмкіндігін қарастыру.
Сабақта білімін бағалайтын оқушылардың аты-жөні белгілеңіз.
Үй тапсырмасын оқушылар орындап алатын деңгей мен көлемді белгілеңіз.
Қандай кұралдардың жәрдемімен дамытушы және тәрбие беру міндеттерін атқаратыныңызды ойластырыңыз .
Сабақтың жоспарын жасауға кірісіңіз. Жоспарда негізгі мақсат, міндет, пайдалынатын құралдар, сабақтың барысын тұтас жазып шығыңыз.
Сабақ өткізілген соң оның нәтижелерін талдаңыз. Сабақтың күшті және нашар жақтары айқындап, түсініңіз. Бұл келесі сабақтарда даярлауга неғұрлым жетілген әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сабақты даярлап, өткізу - шығармашылық жұмыс. Шығармашылықсыз шеберлік шыңдалмайды.