Бағдарламасы шифр және ббб в01610 -тарих Оқу нысаны Күндізгі Семестр Курс Кредиттер саны 7


Тәжірибе күнделігінің жүргізудің тәртібі



бет10/11
Дата19.10.2023
өлшемі61,14 Kb.
#119103
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7. Тәжірибе күнделігінің жүргізудің тәртібі,
1. Практиканың бірінші аптасында оқушылармен және сыныппен танысу: өз пәндері бойынша сабақтарда, сынып жетекшісінің, басқа мұғалімдердің сабақтарында, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларды бақылау.
2. Жұмысты жоспарлау: - пән (тарих) мұғалімінің жұмыс жоспарымен танысу; - сынып жетекшісінің жұмыс жоспарымен танысу; - практика кезіңе өзінің оқыту-тәрбиелеу жұмысын жоспарлау (мұғаліммен және сынып жетекшісімен бірге).
3. Оқыту жұмысы: - басқа студент – практиканттардың сабақтарына қатысу; - сабақты өздігінен өткізу (әрбір сабақтың тақырыбы және өткізу мерзімі).
4. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс: - сыныптан тыс шараларға қатысу; - сыныптан тыс шараларды өздігінен өткізу (экскурсиялар, үйірме сабақтары және т.с.с.); - кабинетте жұмыс (көрнекі құралдарды дайындау және жөндеу және т.б.); - үлгермейтін оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.
5. Сынып жетекшісі ретінде оқушылармен тәрбие жұмыстарын өткізу: - ағымдағы тәрбие жұмыстарына қатысу (сынып кезекшілігінде, сенбілікті, саяхаттарды, экскурсияларды және кештерді өткізуде және т.с.с.); - тәрбие жұмысын өздігінен өткізу ( шаралардың тақырыбын, өткізу күнің және орынын көрсетіп).
6. Ата-аналармен жұмыс (ата-аналар жиналысын дайындауға және өткізуге қатысу, ата-аналар жиналысында сөз сөйлеу).
7. Әдістемелік және зерттеу жұмыстарына қатысу: - сынып жетекшілерінің семинарына, пән мұғалімдерінің әдістемелік мәжілістеріне, студенттердің семинарларын;
- тақырыптар бойынша оқушылармен тәжрибелік жұмыс өткізу.


8. Білім алушылардың іс-тәжірибе туралы есептерін дайындау тәртібі
Студенттердің педагогикалық практикасының қорытындысы мектеп директорының қатысуымен мектептің педагогикалық кеңесінде және факультеттің қорытынды конференцияларында шығарылады. Осы шаралардың басты міндеттері, мынадан тұрады:
- практиканттардың оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының қорытындысын шығару;
- олардың жұмытарындағы жетістіктерді және кемшіліктерді анықтау;
- студенттердің мектептегі оқыту-тәрбиелеу жұмысына теориялық және практикалық дайындығу туралы қорытынды жасау;
- практиканы ұйымдастыру бойынша университет мұғалімдерінің және мектеп педагогтарының жұмысының сапасының бағасы;
- практиканы одан әрі жетілдіру бойынша шараларды құру.
Практика қорытындысы бойынша студент тиісті кафедраға практика бойынша күнделігін, мінездемесін және есеп беруін тапсырады, оны практика жетекшісі тексереді, кафедра меңгерушісінің нұсқауымен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есеп беруді қорғау нәтижесі бағалау жүйесінің бекітілген балл-рейтингтің әріптік жүйе бойынша бағаланады.

Өндірістік іс-тәжірибе аяқталған соң студент оны толық өткізгендігі туралы есеп беруді кафедраға тапсырады.


Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп берудің құрылымы:
Мазмұны.
Кіріспе.
1.Негізгі бөлім.
1.1............
2.Жеке тапсырма:
2.1.............
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Есептің кіріспе бөлімінде қысқаша іс-тәжірибе базасы және іс-тәжірибе өту кезеңі туралы мағлұмат қамтылуы қажет. Негізгі бөлім бір немесе одан да көп тараулардан құрылуы мүмкін. Жеке тапсырма бөлімі кафедра берген дербес тақырып бойынша қарастырылуы қажет, жеке тапсырма бөлімі бір немесе оданда көп тараулардан құрылуы мүмкін. Есептің құрылымы 20-25 беттен кем емес болуы керек. Есеп - А4 форматта, шрифті-14 (Times New Roman), парақтың сол жақ қашықтығы - 30мм, жоғарғы жағы - 20мм, төменгі жағы -20мм, оң жағы - 10мм, абзац - 1,25 талаптары сақталуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет