Бағдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері



бет59/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#23452
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71
Педагогикалық жүйе- жеке тұлғаға білім беру, дамыту мақсатында бір-бірімен біріккен көптеген құрылымдардан, компонентінен тұратын педагогикалық процесс.

Педагогикалық әрекеттестік- педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынас жасау барысында белсенділік, ынтымақтастық таныту нәтижесінде тәртіптерінің, әрекеттерінің, қатынастарының өзгеруі.

Интериоризация- әлеуметтік әрекеттердегі меңгеру барысында баланың ішкі психикасының құрылымының өзгеруі.

Экстериоризация- ішкі психикалық әрекеттің сыртқы әрекетке ауысуы (тәртіп).

Ұжым- белгілі ұйымдар шеңберінде құрылған адамдардың қатынас жасайтын әлеуметтік-психологиялық тобы.

Тәрбие әдістері- тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің біріккен әркеттердің тәсілдері.

Сендіру- (әдіс ретінде) қоғамдағы, жеке адамның өміріндегі түрлі жағдайларды, фактілерді түсіндіру, көзқарасты қалыптастыру мақсатында оқушылардың санасына әсер ету жолы.

Жаттығулар- тәртіп негізінің тұрақтылығын орнату үшін көптеген қайталау әркеттер тәсілдерінің іске асуы.

Мақтау- оқушының тәртібінде, әрекетінде көрініс алған жақсы қасиеттерді мойындау, қолдау дұрыс бағалау.

Жазалау- тәртіп пен іс-әрекетке қарсы келетін қылықтарға сөгіс айту, теріс бағалау.

Көзқарас- адамның санасында әлемнің жалпы бейнесін айқындайтын және іс-әрекетін бағыттайтын философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастарының, сенімдерінің біртұтас ғылыми жүйесі.

Азаматтылық- жеке тұлғаның интегративтік қасиеті. Оның саналы, белсенді азаматтық міндеттері мен борышын мемлекет, қоғам, халық алдында орындауы; өзінің азаматтық құқығын саналы пайдаланып, елдің заңдарына құрметпен қарап, орындауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет