Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі – білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканың қолданбалы қызметі – білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Заңдылық– құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс.
Қозғаушы күш – қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды.