Бағдарламасы (силлабус) Пән : ҚР мектептерін реформалаудың педагогикалық аспектілері


Педагогикалық процестің принциптері



бет63/71
Дата31.12.2021
өлшемі1,04 Mb.
#23452
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Педагогикалық процестің принциптері- тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы үшін оқыту мен тәрбиені нәтижелі ұйымдастыруда басшылыққа алатын негізгі талаптар жүцесі.

Педагогикалық процестің заңдылықтары- педагогикалық процестер мен құбылыстар арасында тұрақты, обьективті түрде қайталанып отыратын тұрақты мәнді байланыстар.

Аксиология- құндылықтар туралы философиялық ілім. Жалпыланған тұрақты адам үшін ерекше мәні бар құндылықтар. Дәстүрлі педагогикада әдіснамалық негізі болып келеді.

Педагогиканың аксиологиялық негізі- педагогикалық көзқарастар жүйесі. Негізіне адамның өмірі, тәрбиесі, оқыту, педагогикалық қызмет, білім беру құндылықтары алынады.

Білім беру мақсаты- педагогикалық ұғымдарда көрініс алған қоғам талаптарына сай рухани қайта жаңғыру сферасы.

Білім беру – оқушылардың белгілі ғылыми білім жүйесін және танымдық білік пен дағдылардын игеруін, соның негізінде дүниеге көзқарасының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын және олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ететін процесс.

Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әрекеті.

Арнаулы педагогикалық мағынадағы тәрбиелеу – мақсатты түрде адамның жеке басның дамуына оның қарым – қатынасына, сеніміне, көзқарасына, мінез белгілеріне, қоғамдағы тәртібіне үнемі әсер етуі және оның нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу – (адамның қоғамдағы орнын табуы) – мақсатты түрде оқыту мен тәрбиелеудің әсерімен адамның жеке басының дамуы және оның нәтижесі.

Білім берудің мазмұнымектеп оқушылардың ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының, мінезқұлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдылардың жүйесі. Білім берудің мазмұнына сонымен бірге адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтері де кіреді.

Зерттеу әдістері – әр түрлі ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық қбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.



Басқару – әрекеттердің тобы: педагогиқалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ол процеске ынталандыру және оның нәтижесін талдау.

Дидактика – білім беру және оқыту теориясы.



Әдістеме – қолданбалы дидактика.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет