Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет5/25
Дата05.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#122283
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

Екінші апта
2 дәрістің тақырыбы: Орта ғасырлардағы тіл білімі.
Қарастырылытын мәселелер:
1.Орта ғасырлардағы қоғамдық өзгерістердің тіл білімі дамуына әсері.
2.Орта ғасырлардағы араб тіл білімі
Терминдер мен анықтамалар:
Менталингвистика деген термин құрамындағы мента – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді.
Неолингвизм.(гр. neos – жаңа және лингвистикаатауларының бірігуінен туған).
Натурализм-латынның натура деген сөзінен шыққан. Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
Орта ғасырлардың өзіндік бір ерекшелігі- әр түрлі діндердің әлемдік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болатындығы. Кейбір дін тілдерінің канондық тілдерге айналуы. Христиан дінінде латын тілінің канондық тіл болуы, оның грамматикасының бүкіл Еуропа халықтары тілдерінің грамматикаларын үлгіге айналуы. Орта ғасырдың соңғы кезеңдерінде жарық көрген грамматикалық туындылар
Орта ғасырлардағы араб тіл білімі. Арабтарда көне дәуір тіл білімінің жетістіктерін пайдалана отырып оны одан әрі дамытуы. Арабтардың тілдік зерттеулердегі өзіндік бағыттары, тың жүйелері. Араб ғалымдарының өзге тілдерді зерттеу тәжірбиелері,тіл білімі тарихында олардың ең алғашқы болып әр түрлі тілдер деректерін бір-біріне салыстыра зерттеу әдісін қолданулары. Олардың түркі, моңғол, парсы,араб тілдерін салыстырмалы сөздіктерін, грамматикалық очерктерін жазуы. Араб зерттеушілерінің сөздік жасау саласында жеткен үлкен табыстары.
М.Қашқаридың «Диуани лұғат ат- түрік» еңбегінің маңызы. Бұл еңбектің түркі тілдерін салыстыра зерттегент тұңғыш сөздік екендігі. Оның түркі тілдері тарихы үшін мәнінің орасан зор болғандығы.
2 практикалық сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы тіл білімі.
Тапсырмалар:

  1. Орта ғасырлардағы тіл білімінің даму жайы.

  2. Канондық тілдердің артықшылықтары.

  3. Араб тіл білімі.

  4. Түркі тілдерінің орта ғасырлардағы зерттелуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет