Бағдарламасы Түсіндірме жазба


Оқу жетістіктерін бағалау



бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі47,01 Kb.
#122328
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Оқу жетістіктерін бағалау

29. «Математика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.


30. Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
31. Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
32. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
33. Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.



  1. «Математика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



34. Оқу жүктемесінің бөлінуі:
1) оқу бағдарламасындағы әр сыныпқа арналған сағат саны:
1-кесте

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық жүктеме

1

4 сағат

132 сағат

2

4 сағат

136 сағат

3

5 сағат

170 сағат

4

5 сағат

170 сағат

35. Сынып кабинетіндегі жиһаздардың орналасуы үлгілеу және практикалық жұмыстарды жүргізу бөліктерін, оқушылардың жұмыстарын таныстыра алатын орынды, бумаларды, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастыруы қажет. Сыныптағы жиһаз жеке, жұп немесе топ ішіндегі жұмыстарды, семинарларды ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қозғалмалы болғаны дұрыс.
36. 4-сыныпта күрделі есептеу операцияларын орындау үшін қажетті жағдайда калькуляторлар берілуі керек.
37. Оқу пәнінің мазмұны:
1) пәннің мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады. Бұл бөлімдер сыныптарға арналған оқыту мақсаттары бойынша білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға арналған бөлімшелерден тұрады. Бөлімшелердің ішіндегі оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлауға, оқушылардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқушыларды келесі оқыту мақсаттарымен таныстыруға мүмкіндік береді:
2-кесте



Бөлім

Бөлімше

1

Сандар және өлшемдер

1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

1.2 Сандармен амалдар орындау

1.3 Шамалар және оларды өлшеу бірліктер

2

Алгебра элементтері

2.1 Санды және әріпті өрнектер

2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

3

Геометрия элементтері

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу

3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

4

Жиын. Логика элементтері

4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар

4.2 Пікірлер

4.3 Тізбектер

4.4 Нысандардың комбинациялары

5

Математикалық модельдеу

5.1 Есептер және математикалық модель

5.2 Математикалық тіл

38. Мұғалімдер тараулар мен бөлімдерді тараудың және тиісті тоқсанның аясында оқу ретін өз бетімен анықтауға құқылы. Бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыруға құқылы. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына құқылы. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінде қабылданады. Жоспарлағанда мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескеруге тиісті.
39. 1 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:
«Сандар мен цифрлар»
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Тура, кері және реттік санау. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандар құрамы. Разрядтік құрамы, разрядтік қосылғыштар.Ондықтар. Сандық топпен санау. Заттар санының жартысы.
Сандармен амалдарды орындау. Сандарды қосу және азайту. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.1 мен 0 қасиеті. Сандардың қосу кестесі.
Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ұзындық, масса, көлем, уақыт шамалары. Өлшем бірліктерін өлшеу, салыстыру, түрлендіру. Циферблат бойынша уақытты анықтау. Монеталармен әрекеттер.
«Алгебра элементтері»
Санды және әріпті өрнектер. Санды және әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Әріпті өрнектің мәні. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Өрнектерді салыстыру. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. Тура және тура емес теңдік пен теңсіздік. Теңдеулерді шешу.
«Геометрия элементтері»
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Нүкте, кесінді, сәуле, бұрыш. Жазық және кеңістік фигуралар. Геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар. Кесінді. Геометриялық фигуралардан композициялар. Нысандардың орналасуы және бағыты.
Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Нүктелердің сандық түзуде орналасуы.
«Жиындар. Логика элементтері»
Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындар. Жиындардың классификациясы. Жиындарды салыстыру. Тең жиындар, бос жиын. Тұжырымдар. Ақиқат немесе жалған тұжырымдар. Ребустар, логикалық есептер.
Тізбектер. Сандар мен амалдар тізбегі. Заттардың комбинациялары. «Екі - екіден» заттар комбинациялары.
«Математикалық моделдеу»
Есептер және математикалық модель. Есеп шартын моделдеу. Ұғымдар, терминдар. Есептерді талдау және шығару. Есептерді шығару тәсілдері.
Математикалық тіл. Сандарды бейнелеу. «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілері. Сандық сәуле. Қосу және азайту амалдарының компоненттері. Деректерді жинақтау, жүйелеу. Кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.
40. 2 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:
«Сандар және шамалар»
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 100 көлемінде сандар. Тура және кері санау. Екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандар құрамы. Сандарды римше нөмірлеу. 1000 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандармен амалдар орындау. Көбейту және бөлу. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі. 2; 3; 4; 5-ке көбейту және бөлу кестесі. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту. Екітаңбалы сандарды қосу және азайту.
Шамалар және өлшем бірліктер. Әртүрлі өлшеу аспаптар шәкілдері. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) салыстыру. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) түрлендіру. Монеталармен әрекеттер.
«Алгебра элементтері»
Санды және әріпті өрнектер. Қосу және көбейту қасиеттері, санды 1-ге көбейту және бөлу. Жақшалы және жақшасыз әріпті, санды өрнектер. Теңдік және теңсіздік. Теңдеулерді шешу. Күрделі теңдеулер.
«Геометрия элементтері»
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Бұрыштар түрлері. Көпбұрыштар классификациясы. Тіктөртбұрыш, шаршы, тікбұрышты үшбұрыштың белгілері. Фигуралардың қабырғаларын табу. Периметрдің формуласы.
Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Кесінділер және түзулер. Тік бұрыш. Жазық фигураларды салу. Геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу. Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Нүктелердің түзуде орналасуы.
«Жиындар. Логика элементтері»
Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындарды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу. Сандық жиындардың классификациясы. Жиындар элементтері. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі.
Тұжырымдар. Ақиқат және жалған тұжырымдар. Басқатырғыштар. Логикалық есептер.
Тізбектер. Сандар тізбектеріндегі заңдылық. . «Үш -үштен» заттар комбинациялары.
«Математикалық моделдеу»
Есептер. Математикалық модель. Есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу. Есептерді талдау және шығару. Шамалар арасындағы байланысқа есептер шығару. Тура және жанама сұрақтары болатын есептер. Екі амалды сандық өрнек түрінде берілген есептер..
Математикалық тіл. Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Латын алфавитінің бас әріптері. және таңбалары. Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммаларды кескіндеу.
41. 3 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:
«Сандар мен шамалар»
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 1000 көлемінде сандар. Тура және кері санау. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сандардың разрядтік және кластық құрамы. Разрядтік қосылғыштардың қосындысы. Мыңдық. Үлестер: оқу, жазу және салыстыру.
Сандармен амалдар орындау. Бөлшектер. Бөлшектерді салыстыру. Санның квадраты және кубы. 1 мен 0 –дің көбейту және бөлу қасиеті. Көбейтудің ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері. 6; 7; 8; 9-ға көбейту және бөлу кестесі. Сандарды қосу және азайту. Қалдықпен бөлу. Кестеден тыс көбейту және бөлу. Қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу. Қосындыны санға көбейту. Кестелік көбейту және бөлу. Санның үлесі, кері амал.
Шамалар және өлшем бірліктер. Палетка. Шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру.Купюраларды ажырату және олармен әрекеттер жасау. Сағаттар түрлері. Уақытты анықтау.
«Алгебра элементтері»
Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Өрнектің мәні. Көбейтудің ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері әріпті теңдік түрінде. Санды өрнектерді салыстыру. Жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Өрнектерді салыстыру. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу.
«Геометрия элементтері»
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Шеңбер мен дөңгелек, центр, радиус, диаметр. Симметриялы және симметриялы емес фигуралар. Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш аудандары. Құрастырылған фигуралардың, периметрі. Параллель және қиылысатын түзулер. Шеңбер сызу. Кеңістіктік фигуралардың жазбасын дайындау. Кеңістіктік фигуралардың өзгерістері.
Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Нүктелердің жазық фигурада орналасуы.
«Жиындар. Логика элементтері»
Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі. Тұжырымдар. Ақиқат және жалған тұжырымдар. Логикалық есептер. Кестелер мен графтар. Тізбектер. Сандар тізбектеріндегі заңдылық. Тізбектерді құрастыру. Заттар комбинациялары. Мүмкіндіктер тармағы.
«Математикалық моделдеу»
Есептер. Математикалық модель. Есептердің шартын моделдеу. Есептерді талдау және шығару. Есептің жауабын алдын ала болжау.
Математикалық тіл. Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Разрядтар және кластар кестесі. Жиын белгілері. Латын алфавитінің әріптері. Амалдар компоненттерінің атаулары.Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммалар, пиктограммалар.
42. 4 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:
«Сандар мен шамалар»
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Көптаңбалы сандар. Санның натурал сандар қатарында орны. Көптаңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және дөңгелектеу. Көптаңбалы сандардың разрядтік және кластық құрамы. Разрядтік қосылғыштардың қосындысы. Миллион. Пайыз. Пайыз бүтіннің жүзден бір үлесі. Бөлшектерді салыстыру. Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар.
Сандармен амалдар орындау. Бөлшектерді қосу және азайту. Көптаңбалы сандарды қосу және азайту. Санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу. 0, 100, 1000-ға бөлу. Көптаңбалы санды көбейту және бөлу. Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау. Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру. Пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру
Шамалар және өлшем бірліктер. Шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру. Шетелдік және ұлттық валюта, олармен әрекеттер.
«Алгебра элементтері»
Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Бірнеше айнымалысы бар өрнектер. Бөлшектің негізгі қасиеті.
Бөлшектері бар өрнектерді салыстыру. Жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Қуып жету қозғалысы мен бір бағыттағы қалып қою қозғалысына байланысты формулалар. Микрокалькулятор көмегімен есептеу. Сандарға қалдықпен бөлу. Өрнектерді салыстыру. Теңдік. Қос теңсіздік. Теңдеу. Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу.
«Геометрия элементтері»
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Тікбұрышты үшбұрыш, куб, тікбұрышты параллелепипед және оның элементтері.. Үшбұрыштардың классификациясы. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі. Фигуралардың аудандары.
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Перпендикуляр түзулер. Симметрия осі. Симметриялы және симметриялы емес фигуралар. Бұрыштың градустық өлшемі. Пирамида, цилиндр, конустың жазбасы.
Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Геометриялық фигураларды орны, қозғалыс және бағыты бойынша нұсқаулыққа сәйкес сызу.
«Жиындар. Логика элементтері»
Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындар арасындағы қатынас. Қиылысуы мен бірігу аймақтары. Жиындардың ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері.
Тұжырымдар. Математикалық мазмұны бар тұжырымдар.
Тізбектер. Сандар тізбектеріндегі заңдылық. Тізбектерді құрастыру. Заттар комбинациялары. Комбинаторика есептері.
«Математикалық моделдеу»
Есептер. Математикалық модель. Есептердің шартын моделдеу. Есептерді талдау және шығару. Есептердің алгебралық және арифметикалық тәсілдері.
43. Бағдарламада оқу мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет