Еркін ойын балалардың ойын әрекетін дамытуға септігін тигізеді, ол ересектердің қатысуымен де, қатысуынсыз да өткізіледі, еркін ойын балаға өзін белсенді түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Ойынның мәні-балаға еркіндік берілуінде. Бала өзі ересек адамның қатысуынсыз, қоршаған ортадан көргендерінің бәрін ойынға енгізеді. Ойынның мазмұнын балалардың өздері толық анықтайды және кейде мүлдем күтпеген оқиғалар болуы мүмкін. Бұл жағдайда таным процесі жетілдіріледі. Еркін ойын - балалардың өз ерік-жігерін сыртқы әлемнің заттарын тануға бағыттайтын, әртүрлі біліктер мен дағдыларды меңгеретін табиғи әрекеті. Балалар өз ойларының ықпалымен өз бетінше әрекет етеді, оларды жүзеге асырады, әлемді таниды. Алдын-ала әзірленіп,
ұйымдастырылған ойын қызықсыз болуы мүмкін және бұл ойында балалар шынайылық танытпайды.
Тәрбиешінің міндеті- балаларды әртүрлі, қарқынды ойын әрекеттеріне, еркін ойын ұйымдастыруға ынталандыру балаларға ойын барысында қажет болуы мүмкін заттарды (үстелдер, орындықтар, мата қиындылары, орамалдар, тақтайшалар, төсеніштер, жастықтар, әртүрлі табиғи материалдар және т.б.) дайындау немесе олардың қиялын оятуға мүмкіндік беру.
https://youtu.be/RKVf1UwpnKw https://youtu.be/YhrUVzV-kDQ https://youtu.be/_EIee0XGo4w https://youtu.be/Q-15td3aYIc https://youtu.be/hw-SaijUqFs https://youtu.be/yjYIlJZ5YfQ
Серуенге дайындық
Серуенге дайындық кезінде тәрбиешілерге балаларды өзіне қызмет көрсетуге, өздігінен реттілікпен киіну және шешінуді үйрету, киімдерін шкафтарға салуға, дербестікке дағдыландыруға, сөздік қорды балалардың киімдерінің, аяқ киімдерінің атауларымен байытуға, оларды мейірімділікке, бір- біріне көмектесуге баулу олардың сөйлеуін дамыту ұсынылады.
https://youtu.be/-DkKD6k1j5o https://youtu.be/-3aFXevdK4U
Серуен
Күнделікті серуендеу балалардың денсаулығын нығайту, олардың қимыл белсенділігіне деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, шаршаудың алдын алу үшін маңызды.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына сәйкес серуендер ауа-райы жағдайы ескеріле отырып, күн сайын жүзеге асырылады [11].
Балалардың күнделікті таза ауада серуенде болуы оның физикалық дамуына әсерінің маңыздылығын ескере отырып, серуеннің мазмұнын жан-жақты ойластыру, оны балалар үшін қызықты түрлі әрекеттермен: ойын (дербес қимылды және сюжетті ойындар, ұлттық ойындар), танымдық, коммуникативтік, зерттеу әрекеті және басқалармен өткізу қажет.
Серуен мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
балалардың дербес әрекеті;
қимылды ойындар, ұлттық ойындар, спорттық ойындар мен жаттығулар;
бақылау, зерттеу әрекеті;
еңбекке баулу.
Педагог балалардың серуені қызықты және мазмұнды болуы үшін оны қажетті заттар мен материалдармен (ойындар мен бақылауларға, зерттеулерге, еңбек әрекетіне) қамтамасыз етуі, серуеннің білім беру мүмкіндігін барынша қолдана білуі қажет.
https://youtu.be/B0f1AzuHf_M https://youtu.be/wrdril3Y1gQ