Ата-аналар балаларын балабақшадан немесе білім беру ұйымынан алып кетуге келгенде, тәрбиеші балаларды жеке-жеке есімімен атап, оларға мейірімділік танытып, әрқайсысын жақсы көретінін білдіру, балаларының жетістіктері туралы айтып, ата-ананың көзінше баланы мақтау, баланың өзіне, ата-ананың педагогке деген сенімін, ертеңгі күні баланың балабақшаға келуге деген құлшынысын арттыруға ықпал етеді.
Сондықтан әрбір ата-анамен сөйлескенде бүгінгі күннің қалай өткені туралы, баланың жетістіктері қандай болғаны туралы сөйлесу, ата-ананың білуі тиіс ақпаратты мерзімінде беру, баланың алдымен жетістіктеріне тоқтала отырып, ұсынылады. Бұл өз кезегінде ата-ананың өзін білім беру процесіне белсенді қатысушы ретінде сезінуіне және баланы тәрбиелеу мен дамытуды бірлесіп, ықпалдастықта жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Балабақшада орын алған келеңсіз жағдайлар немесе қандай да бір мәселелер туындаған кезде баланың ата-анасына басқа ата-аналарды немесе баланың өзін қатыстырмай жеке сөйлесу ұсынылады. Кез-келген жағдайда педагог ата – аналармен сыпайы, оларды жалықтырмай сөйлесуі және жеке тәсілді ұстануы қажет.
Дұрыс құрылған күн тәртібі балалардың білім беру ұйымындағы әр сәтін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, балалардың жалығуына жол бермейді.
Балалардың денсаулығын нығайту бойынша жұмысты ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымда балалардың денсаулығын нығайту, ағзаны шынықтыру және оның атқаратын қызметін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуі тиіс.
Шынықтыру – бұл ағзаның қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлеріне және суыққа төзімділігін арттыруға бағытталған сауықтыру шараларының кешені, көбінесе шамадан тыс салқындау суық тию ауруларын тудырады. Шынықтыру шараларын өткізу үшін негізгі табиғи факторлар: күн, ауа және су қолданылады. Шынықтыру әдістерінің негізі – бала ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін осы факторлармен немесе оларды үйлестірумен жүйелі мөлшерлеу арқылы біртіндеп жаттықтыру. Нәтижесінде жылуды реттеу процестері біртіндеп қайта құрылады (жылу беру процестерінің үйлесімділігі жақсарады), бұл денсаулыққа зиян келтірмей сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне бала ағзасының тез бейімделуіне мүмкіндік береді.
Шынықтыру мынадай қағидаларды:
жеке тәсіл;
жүйелілік;
бірізділік ;
қауіпсіздік;
баланың оң көзқарасы;
кешенділікті сақтаған кезде ғана тиімді болуы мүмкін. Балаларды шынықтыру мынадай шаралар кешенін қамтиды:
үй-жайда және таза ауада жеңіл спорттық киіммен өткізілетін дене жаттығулары;
салқын сумен жуыну және басқа су, ауа және күн шаралары;
арнайы сауықтыру шаралары (сауна, тұзды үңгір, фито-бар және т.б.). Балалардың дене бітімінің қалыпты дамуына көңіл бөлу маңызды. Үй-
жайларда оңтайлы температуралық режимді, жиі желдетуді қамтамасыз ету қажет; балаларды үй-жайларда болғанда жеңіл киінуге үйрету және балалардың күн тәртібіне сәйкес таза ауада болуын қамтамасыз ету қажет.