Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет9/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152

Таңертең балаларды қабылдау


Таңертең балаларды қабылдау күн тәртібінің негізгі сәттерінің бірі. Күні бойы топта эмоционалды жайлылық орнату және балаларда жағымды көңіл-күй
қалыптастыру маңызды болып табылады. Балаларды қабылдауда педагог өзі көтеріңкі көңіл күйде болып, баланы қарсы алғанда, әрдайым оны көргеніне қуанатынын, жақсы көретінін білдіруі, әрбір баланы атымен атап, жақын тартып, ол үйде немен айналысты, не істеді, қайда қыдырып барды және т.б. туралы әңгімелесуге болады.
https://youtu.be/puChD5OvCSY https://youtu.be/agrKEIhyEmE https://youtu.be/qs2axjRmNBg https://youtu.be/OxtQBk7Tok8
Топқа балалар келген кезде балаларды реттілікпен шешінуге, киімдерін шкафқа жинап қоюды үйрету. Еңбек әрекетін: бөлмедегі гүлдерді суаруды, кітаптарды реттеуді, ойын алаңында жапырақтарды жинауды және басқаларды ұйымдастыруға болады.
Жазды күні балаларды қабылдауды таза ауада (ауа-райының жағдайларына байланысты) ұйымдастырған дұрыс. Бұл кезеңде еңбек әрекетін жер учаскесінде ұйымдастыруға болады.

Таңертеңгі жаттығу


Таңертеңгі жаттығу дене белсенділігінің бір түрі, ол бұлшық еттер мен буындарға физикалық жаттығулар кешенін құрайды.
Таңертеңгі жаттығулар балалардың күні бойы сергек белсенді болуына, күнді сәтті ұйымдастыруға, жағымды эмоционалды көңіл-күйді қалыптастыруға және балалар ұжымын біріктіруге ықпал етеді.
Таңертеңгі жаттығу күн тәртібінің міндетті бөлігі және күн сайын таңғы ас алдында өткізіледі, жылдың жылы мезгілдерінде таңертеңгі жаттығуды таза ауада, аулада ал салқын күндері топ бөлмесінде немесе таңертеңгі жаттығуды өткізу кестесіне сәйкес спорт залында, мектепке дейінгі ұйым дәлізінде, холында балаларға ыңғайлы жағдайларда өткізуге болады.
Таңертеңгі жаттығуды музыкамен немесе балаларға арналған әндермен ойын түрінде оларды қуанышқа бөлейтіндей қызықты етіп ұйымдастыру қажет. Дене белсенділігіне балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін дене жаттығуларын, қимылдарды немесе музыканы ауыстырып, түрлендіріп отыру маңызды.
Таңертеңгі жаттығуды жүйелі өткізу балаларды күнделікті дене жаттығуларын жасауға дағдыландырады.
https://youtu.be/lSkOYLbEuuo https://youtu.be/oIfdCCCS2eQ https://youtu.be/vx1Sim3Jz3Q https://youtu.be/N5LFdPo2QcQ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет