Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет14/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152

Ұйқыға дайындық, күндізгі ұйқы


Ұйқыға дайындық балалардың күндізгі ұйқысы үшін жағдай жасаудан басталады, ол үшін тыныштық орнату және бөлмені желдетіп, таза ауамен қамтамасыз ету керек.
Ұйқыға дайындықты баяу музыкамен бастауға болады, музыка ырғағымен балалар өздігінен шешінуді, жатын бөлмеге кіріп, кереуетке жатуды әдетке айналдырады. Баяу музыка белсенділікті және қозғыштықты төмендетуге, баланы тыныштандыруға әсер етеді.
Ұйықтар алдында балаларға кітап оқып беру ұсынылады. Ересек топ және мектепалды балалары үшін танымдық әнгімелерді сондай-ақ көлемді көркем шығармаларды оқып беруге болады. Шығармада оқиғаның қалай, неден басталғанын естіген балалар келесі күні сол оқиғаның немен аяқталатынын білгісі келіп бір-бірін тыныштандырып шығарманы бар ынтасымен тыңдайтын болады. Сондай-ақ балаларға тыңдатуға мәнерлі оқылған аудио жазбаларды да ұсынуға болады.
Балалар белсенді қимыл әрекеттерден кейін демалу керек. Күндізгі ұйқының қанық болуы үшін педагог жағдай жасауы қажет (балалар ұйықтайтын бөлмені алдын-ала желдету), ұйықтар алдында балаларға кітап оқу, күнделікті кітап оқып беру олардың дамуы үшін өте маңызды, сондай-ақ балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлеріне баулу мақсатында бесік жырларын, баяу музыканы қоюға болады.
Балалар ұйықтап жатқан кезде педагог олардың жанында болуы керек.
Балаларды түскі ұйқыдан кейін шынықтыру, жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында жатын бөлмесінде денсаулық жолдарын төсеген жөн.
https://youtu.be/-A1MiKr6rSY https://youtu.be/eGV6CI6Bugw https://youtu.be/_9_DZbf1wGs https://youtu.be/C0c16qtJr9I https://youtu.be/X0AZX1GowpM https://youtu.be/2Z32tC08w9c


Біртіндеп ұйқыдан ояту, профилактикалық дене шынықтыру- сауықтыру шаралары


Балаларды күндізгі ұйқыдан біртіндеп оятуды дұрыс ұйымдастыру, тыныш жағдайдан сергектікке біртіндеп көшіру, баланың ағзасын қимыл белсенділігіне
дайындауға, олардың көңіл күйін көтеретін жағымды жағдайды жасауға, сондай- ақ балаларды шынықтыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оларды мынадай тәртіппен жүргізу ұсынылады:

  • жағымды музыкамен біртіндеп ояту;

  • қолдар мен аяқтарды керу, созу, көтеріп, түсіруге жаттығулар, өзіне-өзі массаж жасау және саусақ жаттығуларын орындау;

  • массаж жолдармен жүргізу;

  • тыныс алу жаттығулары;

  • шынықтыратын су шаралары;

  • ұйқыдан соң киіну.

Барлық шараларды ойын түрінде тақпақтармен, әндермен сүйемелдеп өткізу ұсынылады.
https://youtu.be/L4oIkCG4KU8 https://youtu.be/7zA2byEZ-dY https://youtu.be/ybLM8PEia8Q https://youtu.be/G9098CEH200 https://youtu.be/dcrZB52AjeY https://youtu.be/1I-VzKaPINs https://youtu.be/kvv6c3PxSnc




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет