Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы



бет17/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Жас ерекшелігі әртүрлі қағидасы бойынша жас топтарының толықтырылуы:


  1. топта жас ерекшелігі екі түрлі (1 жастағы балалар, 2 жастағы балалар) балалар болған жағдайда– 15 баладан артық емес;

  2. топта жас ерекшелігі үш түрлі (3 жастағы балалар, 4 жастағы балалар, 5 жастағы балалар) балалар болған жағдайда – 20 баладан артық емес.



Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады:


  1. 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі);

1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптары үшін оқу жылы (Бағдарлама мазмұнын меңгеру кезеңі), оқу жылы бойы мектептің (лицейдің, гимназияның) ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес каникулдар белгіленеді;

  1. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;

  2. мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;

мектепалды даярлық бағдарламасын өткен тәрбиеленушілерді мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарынан шығару жыл сайын 31 мамырда жүзеге асырылады;

  1. тәрбиеленушілерді бір жас тобынан басқасына ауыстыру тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады;

мектептердің (лицейлердің, гимназиялардың) мектепалды сыныптарын жинақтау тәрбиеленушінің ағымдағы күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.


Мектепке дейінгі жастың барлық кезеңінде балалар әрекеттерінің негізгі түрлері:


  • ойын – әртүрлі ойындар арқылы балалардың қоршаған әлемді тану қабілеті мен күнделікті әрекетін ұйымдастыру. Ойын түрлері: дидактикалық, қимылды, музыкалық, театрландырылған, сюжетті-рөлдік, драма ойындары және т.б.;

  • қимылдық – баланың әртүрлі қимыл белсенділігінің түрлері мен мазмұнын тиімді үйлестіру;

  • коммуникативтік – түрлі нысандарды (әңгімелесу, жағдаяттар құру, сөйлесу, сюжеттік ойындар және т.б.) қолдана отырып, балалардың сөйлеуін дамыту;

  • еңбек – өзіне-өзі қызмет ету, табиғаттағы еңбек, қол еңбегі, ересектердің еңбегін бақылау; ойындарға арналған заттарды дайындау, макеттер жасау, коллекциялар және оларды безендіру, мерекелерде топ бөлмелеріне арналған әшекейлер дайындау;

  • танымдық-зерттеушілік - айналаны танып білу және жаңа білімді меңгеру;

  • бейнелеу әрекеті – сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру және т. б.

  • музыкалық-көркемдік – музыкалық аспаптарда ойнау, ән салу, тыңдау, қосылып айту, суырып салмалық өнер, ырғақты музыкалық қимылдар;

  • педагогтің шығарманы оқуы – тыңдау, түсіну, әңгімелеп беру өлеңдер мен тақпақтарды мәнерлеп оқу, иллюстрацияны қарау, әртүрлі жанрдағы шығармаларды талқылау;

  • мультфильмдерді, бейнефильмдерді, телебағдарламаларды қарау және талқылау;

  • өсімдіктер мен жануарларды бақылау барысында заттық және сюжеттік картиналар қарастыру және әңгімелер құрастыру;

  • жағдаяттар құру, әлеуметтік-адамгершілік мазмұнда әңгімелесу, қызықты деректер мен оқиғалар туралы арнайы әңгімелер құрастыру;

  • билер, музыкалық-ырғақтық би қимылдарын көрсету, халықтық әуендерге бірігіп би шығару, қосылып ән шырқау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет