Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет8/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152
Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.


ұсынылады.
https://youtu.be/U3fbASzPj8M https://youtu.be/tbSkOWFE-tE https://youtu.be/CmzSU0nBwFM https://youtu.be/NBf6O822HxA https://youtu.be/JOYwSrghVt0 https://youtu.be/kuY4q7HNGE0
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Бөбек жасы балалары үшін сенсорика бойынша заттарды, ойыншықтарды өз бетінше зерттеуіне көңіл бөлінеді, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыратып, салыстыруға баулу көзделеді. Баланың затты немесе ойыншықты ұстап көріп, зерттеп, өздігінен тәжірибе жинақтауына басымдық беру ұсынылатын болғандықтан, педагог ауызша сөзбен айтып түсіндіруді барынша жетекші сұрақтарды жиі қолдану тәсіліне қарай бағыттағаны дұрыс болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Мұнда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында берілген ұғым, түсініктерді (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) еркін ойында және режимдік сәттерде балалардың жасына сәйкес бекіту, ол үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады.
Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды.
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық
құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді.
https://youtu.be/3LQLLExzMEQ https://youtu.be/nDEdoNTZLHI https://youtu.be/3nV58sf7d4c https://youtu.be/DCC9kPGsjuc https://youtu.be/tRNz0tNp-5w
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру күн сайын тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде ғана емес, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, басқа уақытта да ұйымдастырылады және бірнеше жұмыс түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір жұмыс түрімен айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өз бетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
https://youtu.be/C2wSO2OfNf4 https://youtu.be/tTQ1_FFBNoU https://youtu.be/SMh2if_2C_w https://youtu.be/a97SJ8yKVz8
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.
https://youtu.be/E2Y74hlfsK
Тәрбиелеу-білім беру процесінде мектепке дейінгі ұйымдағы іс-шаралардан тұратын күн тәртібіне (балаларды қабылдау, таңертеңгі жаттығу, тамақтану, серуендеу, күндізгі ұйқы, шынықтыру шаралары, балалардың үйге қайтуы) сәйкес балалар іс-әрекетінің түрлері (ұйымдастырылған іс-әрекет, ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, заттық, қимылдық, бейнелеу) қарастырылады.
https://youtu.be/sDennIwHDVY




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет