Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет7/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152
Мобильді кітапхана. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың көркем шығарманы тыңдау, түсіну және мазмұнын айтып беру, сондай-ақ балалардың сөйлеуін дамыту мен баланың ертегілер мен кітаптарға қызығушылығын қолдау үшін мектепке дейінгі ұйымның дәлізінде немесе кабинетте мобильді кітапхана ашуға болады. Онда кітаптарды және педагогтердің алдын-ала әзірлеген ертегілері, шығармалары, өлеңдер, тақпақтар және басқалардың аудио жазбасын жылдам жауап беру кодымен (QR) карточкаларға орналастырып, балалардың жасына сәйкес реттілікпен қоюға болады. Мобильді кітапхананы балаларға ыңғайлы жұмсақ төсеніштермен, кресломен, үстел, орындықтармен жабдықтауға болады. Балаларды дамыту мен тәрбиелеуге ата-аналарды тарту үшін, ата-аналар балаларымен бірге шығарманы тыңдауға немесе жаттауға берілген тақпақтарды, өлеңдерді үйде балаға үйретуге жазып алуына және кітапхана қорын құру үшін (аудио жазбаларды балалармен бірге әзірлеу) ата-
аналарды баулыған жөн. Мобильді кітапхананы мына сілтемелерден көруге болады: https://youtu.be/-ikRidBn75M


ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:



  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт);

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына 1-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар);

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістерімен) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);

  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 422 бұйрығына сәйкес енгізілген өзгістерімен) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы

Тәрбиелеу-білім беру процесінде:
әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;
балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;
салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл- қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым- қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;
тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем- эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш рет мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң өткізу ұсынылады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады.
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі (мектепке дейінгі ұйым кестесіне сәйкес аптасына ортаңғы және ересек топта бір рет, мектепалды топта 2 рет) ұйымдастырылған іс-әрекеті қарым-қатынас, заттық әрекет, ойын әрекеті, еңбек әрекеті, бейнелеу, шығармашылық әрекет (балаларға кітап оқып беру, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау) театрландырылған, дербес және басқа да әрекет түрлері арқылы күн сайын күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады.
https://youtu.be/roI7pOZu_m8 https://youtu.be/DCC9kPGsjuc
Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет