Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құруға ұсынымдар



бет5/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құруға ұсынымдар


Заттық-кеңістіктік дамытушы орта:

  • Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуі;

  • балалардың жастарына сәйкес болуы;

-тәрбиеленушілер, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қол жетімді болуы;

  • балалардың эмоционалды жай-күйі мен тұлғасын дамытуға жағдайлар жасауды (демалыс немесе балалардың оңаша ойнауына арналған орынды және т. б. жабдықтау) қамтамасыз етуі;

  • түрлі материалдарға бай, сондай-ақ ересек пен баланың бірге әрекет етуіне және баланың өздігінен әрекет етуіне ыңғайлы болуы тиіс https://youtu.be/1K2tlzb4Lis

https://youtu.be/dn4_ZsW72e4 https://youtu.be/OLXjwNQiBrk https://youtu.be/KLEVAOhLAyY https://youtube.com/shorts/ec1n6ihhy-4?feature=share)
Жиһаз бен жабдықтар баланың бойына және жасына сәйкес келуі, қауіпсіз, тартымды және балаларды дамытатындай болуы керек.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның ойыншықтары мен ойынға арналған материалдар:

  • қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуы;

  • баланың дамуына ықпал етуі;

-Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес үнемі жаңартылып отыруы, тартымды және сапалы болуы;

  • жеткілікті мөлшерде (топтағы барлық балалар үшін), әртүрлі болуы (әр баланың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыра алуы), балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет.

Топтың қабырғаларында орналастырылған материалдар балалар үшін қызықты және пайдалы, олардың жастарына сәйкес болуы, сондай-ақ балаларға белгілі ақпарат беретіндей, яғни Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес болуы тиіс. Балалар өздігінен талдау жасауы және олардың сөйлеуі мен ойлауын, танымдық қызығушылықтарын дамыту үшін топ бөлмелерін балалардың жұмыстарымен безендіру ұсынылады.
Материалдар балаларға анық көрінуі керек, егер материалдардың бірі жоғары орналастырылса, онда балалар оны оңай көре алатындай үлкен болуы
керек. Балалар бөлшектерін қарауы үшін көп бөлшектері бар, өлшемі кіші материалдарды (фотосуреттер, суреттер және т.б.) төмен орналастыру қажет.
Үлгілік бағдарламаның мақсатында айқындалған әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу үшін мектепке дейінгі ұйымның топ бөлмелерін балалардың қызығушылықтары бойынша орталықтарға бөлу ұсынылады.
Топтағы орталықтар «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13272 болып тіркелген) [9] сәйкес құрылады.
Топты орталықтарға бөлуде бір орталықта белгілі бір әрекет түрімен айналысып отырған балаларға келесі басқа орталықтағы балалар кедергі келтірмейтіндей болуы және орталықтарды бөліп тұратын арасынан өтетін орын қарастырылуы қажет. Орталықтарды аласа сөрелермен, сюжетті ойын жабдықтарымен немесе жұмсақ төсеніштермен бөлуге болады.
Орталықтар тек топ бөлмесінде ғана емес, сонымен қатар жатын бөлмеде, қабылдау бөлмесінде, егер жағдай жасалған болса, балабақшаның дәлізінде де құрылуы мүмкін.
Орталықтардағы ойын материалы әртүрлі, тартымды, балалардың өздігінен қолдануы үшін жеткілікті мөлшерде болуы және олар үшін қол жетімді жерде сақталуы керек.
Жұмсақ төсеніштерге топтың кілемдерін қолдануға болады. Балалардың қауіпсіздігін және тазалықты сақтау (салқын күндері кілемді үнемі жуу немесе кептіру мүмкін емес болуы) үшін кілемдердің сыртын қазақтың ою- өрнектерімен, геометриялық фигуралармен безендірілген, жұмсақ матадан (велюр, атлас, шыт және басқалар) тігілген тыспен қаптап қоюға болады.
Сондай-ақ жұмсақ төсеніштерді балалардың жасына сәйкес құрастырмалы пазлдар, геометриялық фигуралар түрінде, төрт түлік бейнесінде ішін паралоннан сыртын матамен қаптап, қазақтың ою-өрнектерімен безендіріп, сыртын ауыстырып қаптап отыруға ыңғайлы етіп жасауға болады.
Төсеніштерд осы сілтемелер арқылы көруге болады: https://youtu.be/id2mksQbCrY
https://youtu.be/Z2FpTlieFiQ
Балалар жеке төсеп отыратын шағын көрпелерді де ішін мақтамен сыртын төзімді матамен қаптап, жасауға болады.
Бұл төсеніштерді топта, сондай-ақ серуенде және жазғы сауықтыру кезеңінде аулаға алып шығып, балалардың ойын және басқа да түрлі әрекеттерінде қолдануға болады.
Ата-аналарды тәрбиелеу-білім беру әрекетіне тарту және «Әжелер мектебі»,
«Аналар мектебі» жұмыстарын жандандыру үшін осындай төсеніштерді ата- аналармен бірге ықпалдастықта ұйымдастыру ұсынылады.
Сюжетті-рөлдік ойындар орталығы – мұнда балалардың жасына сәйкес ойындарға қажетті мынадай материалдар мен ойыншықтар: ұлттық, маусымдық киімдегі қуыршақтарды, «киіз үй және оның жабдықтары» ойын жиынтығын, ойыншық жиһаз, ойыншық ыдыстар жиынтығы, машиналар, көліктер жиынтығы (жеңіл, жүк, әуе, су, арнайы), құммен ойнауға арналған жиынтық, ойыншықтар, туған өлке туралы иллюстрациялық альбомдар, көкөністер мен жемістердің муляждарын орналастыру ұсынылады.
Театрландырылған ойындарға арналған бұрыш – мұнда шымылдық, ертегі кейіпкерлерінің маскалары, қуыршақ, саусақ, үстел үсті, көлеңке және басқа түрлі театрлар, әртүрі мамандыққа арналған балалар киімдерін, кейіпкерлердің костюмдерін және басқаларды орналастыруға болады, балалармен бірге костюмдер, атрибуттар, декорацияларды әзірлеу ұсынылады.
Ойындарға арналған атрибуттарды таңдау, әртүрлі ойын түрлерінде балалардың қызығушылықтарын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Дизайнның әсемдігі оның заманауи материалдардан жасалуы мектеп жасына дейінгі балалардың ойнауға деген құштарлығын тудырады. Таңдалған ойын материалы әртүрлі сюжеттерді біріктіруге, жаңа ойын бейнелерін жасауға мүмкіндік береді. Театрда мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің кейіпкерлерінің күтпеген қырларын көрсете отырып ашылады. Ұялшақ балаларда ойындарға қатысқаннан
кейін сенімділік пен белсенділік пайда болады.
Осы сюжетті-рөлдік ойындар орталығы мен театрландырылған ойындарға арналған бұрышты бір-біріне жақын жерге жасақтаған ыңғайлы болады.
Демалыс орны және балалардың оңаша ойнауына арналған үйшік, 1-2 баланың топтағы балалардың қызу әрекетінен алшақтап, демалуына немесе бірлесіп, кітап қарауға және дербес ойнауына ыңғайлап жасақталады. Демалыс орнын жұмсақ балалар креслоларымен және диванмен ал үйшікті шағын көрпелер мен жастықтар, жұмсақ ойыншықтармен жабдықтауға болады. Балалардың оңаша ойнауына арналған үйшікті матадан жасалған шатыр немесе киіз үй формасында қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріп жасауға болады.
Демалыс орны және балалардың оңаша ойнауына арналған үйшікті баяу ойналатын ойындар орталығына жақын жерден ұйымдастыру ұсынылады.
Кітап бұрышын балалардың күнделікті кітаптарды өздігінен қарастыруға, ондағы таныс шығармаларды бір-бірімен талдауға мүмкіндік беру, күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың пікірлерін тыңдау үшін топта балалардың жасына сәйкес кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио, видео шығармалардан ұйымдастыруға болады.
Кітап бұрышы балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. ықпал етеді.

  • Тиімді ұсыныс



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет