Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет100/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   153
Той жасау толғаныстары
1

Той – тәрбие мектебі. Өйткені той-тамашада талай жез таңдай, күміс көмей шешендер, білімдарлар, көпті көрген көне көздер, ел ардақтылары ой-толғаныстарын ортаға салады, тағылым ұсынады. Кейде кітаптан таба алмайтын ой-пікірлеріңді, адамгершілік ғибратын бір той үстінде естіп-білуің, көкейіңе қондыруың ғажап емес. Сөйлегендер егеді, тыңдағандар орады.

Той – адам тану мектебі, адам еңбегін қастерлеу мектебі. Тойға неғұрлым қонақты көп шақыру мақсат емес. Қонақ санын етене жақын туыс-тумалармен, қимас дос-жарандармен, құда-құдағилармен, еңбектес сыйластармен шекетесе де жеткілікті болмақ.

Тойдың сәтті-сәтсіз өтуі, ең алдымен асабаға байланысты. Асабалыққа аса абыройлы азамат, ел алдында беделді, жүздеген жанды ауа жайылдырмай уысында ұстай алатын шебер ұйымдастырғыш, бүгінгі заман ұғымындағы білімдар, моральдық тұрғыдан кіршіксіз таза замандас, өнерлі кісі таңдалып алынса абзал.

Асабалық – аса ардақты адамға бұйырар сый, әрі сенім. Асабалыққа қолы жеткендер ел-жұрттың сол сенімін де, сый құрметін де бағалай білуі қажет. Сондықтан асабада кезекті тойды басқаруға мұқият дайындалуы шарт. Көкейіндегі ойды көрікті сөзбен жұп-жұмыр етіп жеткізе білу – асабаға да, басқа сөйлеушілерге де – сын. Басқалардың қымбат уақытына қиянат жасамау да – мәдениеттілік. Асаба алдын ала сөз беру ретін анықтап, ара-тұра айтар әңгіме, күлдіргі-сықақ, мақал-мәтелдерді де ойластырып, сөйлеушілерге берілер қысқаша азаматтық сипаттамаларды да дайындағаны жөн. Орайлы сөздерді оқыста тауып отырғандай әсер қалдыратын асабалар абұйырлы болмақ. Алдында жазылғанға анда-санда көз қиығын тастап қоюдың өрескелдігі жоқ. Осының бәрі қобыратпай, жамыратпай, көптің тойын жинақы басқарудың алғы шарттары.

Тойға келгендер түгел сөйлеуі шарт емес. Оған мүмкіншілік те бола бермес – біріншіден. Екіншіден, сөз тиетін сыйлылардың бәрі бірдей алдымен сөйлей алмайды. Бұл турасындағы негізгі қағида: «бұрын сөйлеген ұтпайды, мығым сөйлеген ұтады». Сондықтан, сөйлеуші айтарын айшықтап жеткізгені абзал. Алдыңғы сөйлеушілерді қайталама, қайталанған сөз – қадірсіз сөз. Ойлы, тапқыр пікір күлдіргі детальдармен өріліп келсе – жетістік. Демек, тауып сөйлеуің керек, әсерлі сөйлеудің керек екенін күні бұрын толғап, тойға ойланып баруың шарт екен. Бұлай болмаған жағдайда, тойдың тағылымдық салмағын бәсеңдеткенің, тәрбиелік ықпалын әлсіреткенің. Ендеше, тойға жай ішіп-жеушілердің бірі болып келмей, жақсы да келісті пікірді қалыптастырушылардың бірі болып келгеніңді ұмытпа. Той иелерінің – яғни осы әулеттің үлкендерінің – еңбеккер жандарының ел дәулетіне, ел тірлігіне қосқан үлестерін, сіңірген еңбектерін, жақсы-жағымды қылықтарын көпшіліктің көзінше тоқталып атау – жасамыстар үшін – мархабат, жастар үшін – ғибрат.

Той – тәрбие мектебі. Әр тойдан көңілдерге із қалады. Ол іздер – ізгілік, жақсылық іздері болуға тиіс. Тек, артыңда кірлі іздер, мұңды іздер қалмасын деңіз.

Адам сезімін оятып, ақыл, сана, түйсік көздерін аша білетін небір жан тебіренерлік сөздер халқымыздың рухани қазынасында мол. Солардың біразын қонақтарға таныстырып, табыстырса, асабаның да мерейі аса түспек.


2

Тойдың мақсаты елді керістіру емес, қонақтардың көңіл-күйін келістіру.


3

Кей тойға шаршап келсең де, шаттанып қайтасың. Кей тойға шаттанып келсең де, шаршап қайтасың.


4

Ақылды музыкант - жайлы әуенмен елді дем алдырады. Ақымақ музыкант - даңғаза дырылдақпен тозақта қалдырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет