Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың әйелдері:
Жалпы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) ертелі-кеш 13 рет үйленген екен. Талдап айтсақ:
Бірінші әйелі – Хадиша Мекке қаласынан, саудамен айналысатын, бай әйел еді, Құрайыш тайпасынан. Бұрын екі рет тұрмыста болған. Бұлар үйленгенде – Пайғамбар 25 жаста, ал Хадиша 40 жаста екен. Хадиша анамыз 65жыл өмір сүріпті.
Екінші әйелі – Сәуда Зәманың қызы, бұрын тұрмыста болған, күйеуі Сәкран ибн Амр еді. Сәкр қайтыс болғаннан кейін және Хадиша о дүниелік болғаннан соң пайғамбар екеуі тұрмыс құрады. Сәуданың бұрынғы күйеуінен 5 баласы бар болатын. Сәуда Хазіреті Омар халифа болып тұрғанда дүниеден қайтты.
Үшінші әйелі - Айша-Әбу Бәкір әс-Сыдықтың қызы Пайғамбардың қыздай алған жалғыз әйелі. Хижраның 56 жылы Мәдинеде 67 жаста қайтыс болған.
Төртінші әйелі – Хафса – Хазірет Омардың қызы Пайғамбарлық келерден бес жыл бұрын туған, 63 жасқа келгенде дүние салды.
Бесінші әйелі – Зайнаб бинт Хузайма еді, Пайғамбармен некеде 2-3 ай тұрып дүние салды, жасы 30-дан аспаған. Өте жомарт жан болыпты.
Алтыншы әйелі – Умму Салама, құрайыштың ақсүйек, абыройлы қызы еді. Шын аты Хинд, Махзум тайпасынан. Күйеуі Абдуллаһ ибн Абдул Әсәд қайтыс болғаннан соң 5-6 баласымен жесір қалып, кейіннен пайғамбарға күйеуге шыққан кезде жасы 44-те екен, 84 жасында қайтыс болыпты. 400-ге жуық Хадистерді өзгелерге жеткізген.
Жетінші әйелі - Зайнаб бинту Жағшта, құрайыш ақсүйек жерден шыққан, алдымен Пайғамбардың құлдықтан босатқан өкіл ұлы Заидтың әйелі болып, ажырасқан соң Пайғамбарға тұрмысқа шыққан. Хижраның 21 жылында 53 жасында қайтыс болды.
Сегізінші әйелі – Жуайрия (Жубайра). Күйеуі Пайғамбарымыздың қас жауы Мусафи ибн Сафуян шайқаста мерт болады да, жесір әйел тұтқында қалады. Пайғамбар оған құда түсіп үйленеді. Сөйтіп бұл бірден үш бақытқа ие болады. Біріншіден – күңдіктен құтылады, екіншіден – бүкіл руын күңдіктен құтқарады, үшіншіден – Пайғамбарымызбен некеге отырады. Бұдан кейін бүкіл руы мұсылмандықты қабылдапты. Жасы 70-ке келгенде қайтыс болыпты.
Тоғызыншы әйелі – Райхана иахудилердің бастығы Иазидтың қызы. Бұларда қолға түскен тұтқындар екен. Мұсылмандықты ерікті қабылдаған соң пайғамбар әйелдікке алған.
Оныншы әйелі – Рәмлә немесе Умму Хабиба, Меккелік кәпірлер мен мүшіріктерінің көсемінің сұлу қызы еді. Күйеуі – Убайдуллаһ ибн Жахш екеуі Эфиопияда тұрыпты, күйеуі христиандықты қабылдаған, айырылысып мұсылмандықты қабылдап Пайғамбарға тұрмысқа шыққан. Әкесі Әбу Суфианның да мұсылмандықты қабылдауына ықпал еткен. Хижраның 44-жылы Мәдинеде қайтыс болды.
Он бірінші әйелі – Сафиа бинту Хаидың. Әкесі Бани Назир - Иахуди тайпасының басшысы. Бұл кісі де соғыста тұтқын болып қолға түскен. Өте ақылды адам болыпты. Хижраның 52 жылы Мәдинеде қайтыс болған.
Он екінші әйелі – София. Әкесі де, күйеуі де яхуди басшылары әрі Ислам дұшпандары екен, сатқындықтары үшін өлтірілген. София өле-өлгенше Пайғамбарға адал, опалы болыпты.
Он үшінші әйелі – Мәймуна. Зәйнәб бинт Хузайма мен Меймунаның шешесі бір сіңлісі екен. Зәйнәб Пайғамбардың бесінші әйелі болған. Күйеуі Әбу Рихм өліп, 26 жасында жесір қалады. Көңіл білдіргендерге қарсы болып күйеуге шықпапты. Кейін Пайғамбарға өзі қалап тұрмысқа шығады. Хижраның 51 жылы 80 жасында дүниеден өткен. Пайғамбар дүниеден өткенде 50 жаста болыпты.
Пайғамбарымыздың бірнеше күңдері болған:
Мария - Мысыр патшасы Мұқауқыс Пайғамбарымызға сыйлыққа жіберген екен. Мариядан Ибраһим деген ұл болған, бірақ ол жас кезінде қайтыс болыпты.
Екінші күңнің аты тарихта қалмаған.
Үшіншісі – Зулейха. Бани Күрейза деген иахуди тайпасының қызы. Бұл да соғыстан күң болып түскен екен.
Пайғамбарымыз неге көп әйел алған?
Ислам дінінің өркендеп қанат жаюына жоғарыда аттары аталған аналарымыздың еңбектері ерекше. Әсіресе, хадистер мен аяттар Пайғамбарымыздың әйелдері арқылы да қауымға жеткен.
Белгілі бір қауымның не тайпаның басшысының қызымен некелесу арқылы өзге дін өкілдерін немесе дінсіздерді исламға тартуды мұрат еткен. Осылайша, олардың Исламға, мұсылмандарға деген қастықтарын жойып не жұмсартып, ал егер бұрыннан дос болса, арақатынасты одан да нығайта түсуді көздеген.
Ислам жолында шейіт болған сахабаларының қорғансыз қалған әйел, бала-шағаларын мүшіріктерге қорлатпау үшін оларға иелік ету мақсатымен некелескен.
Жақын жолдастарымен туыстық қатынас орнату арқылы арадағы рухани жақындықты күшейткен.
Ойланар болсақ, осындай себептермен Пайғамбарымыздың көп әйелге үйленуінің өзінің ар жағында үлкен мән жатқанын байқаймыз. Демек, ол әйелқұмарлығынан емес, ұлы мақсатқа жетуі үшін жасалынған амалдарының бірі деп түсінгеніміз жөн. Бұдан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) аса білімді, стратег, тактик, психолог, ғұлама-философ, данышпан екендігін аңғарамыз.
Яһудилер мен Христиандардың қыбласы Құдыс-Шәриф болса, Хазірет Ибраһим құрған ұлы Қағба жер жүзіндегі Аллаға сенуші – мұсылмандардың қыбласы, ол Мекке қаласында тұр.
Мұсылмандар Меккеден Мединеге алғаш рет 622 жылы қоныс аудара бастаса керек.
Ұлы көштің екінші жылында Хазірет Фатима мен Хазірет Али үйленген, Фатима Пайғамбарымыздың кіші қызы, ол кезде 18 жаста, ал Хазіреті Али 21 жаста еді. Бұл шамасы 623 жыл болуы керек.
Көштің төртінші жылы, яғни 625 жылы Хазірет Али мен Фатиманың ұлдары, Пайғамбарымыздың сүйікті жиендері Хазірет Хасан мен Хазіреті Хұсайын дүниеге келді.
Көштің 8-жылы, яғни 630 жылы Мекке қаласы толықтай мұсылмандарға берілді.
Арабтар ескіден бері көп әйел алуға дағдыланған, бұл оғаш саналмайтын. Көп әйел алу дағдысын Ислам әкелмеген, қайта оны өзгертіп шектеген, яғни төрт әйелден артық әйел алуға Ислам діні рұқсат етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |