Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет49/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
Сәдір қожа Шаһанәдірұлы
«Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» трагедиясы заманында халық өз мекендерінен босып, бас сауғалап, Арқадан Сыр бойына дейін жер ауып көшкені тарихтан белгілі. Бұл зұлмат заман өткеннен кейін елдің қырғыннан аман қалғандары біртіндеп естерін жинай бастағанда қайтадан бұрынғы ата қоныстарына қарай жылжыған екен. Сондай халықтың бірі – Тобықты болса керек. Тобықты әулеті алдымен Ор, Торғай, Ырғыз, Кеңгір бойын мекендеп, бірте-бірте жылжи көшіп, ақырында Шыңғыстауға қоныс теуіпті. Бұл көшті Мамай батыр мен Қараменде би бастап әкелген деген дерек бар. Бұл 1780 жылдары болса керек. Кейіннен Қараменде би мен Кеңгірбай бидің екеуінің арасында келіспеушілік болып Тобықтының Дадан бұтағын Бесжан Тобықтысынан бөліп алып, Қараменде би Балқаш-Тоқырауыл бойына қоныс аударыпты. Бұл мөлшермен XVIII-ғасырдың соңы ХІХ-ғасырдың басы болса керек.

Осы кезеңде Қаратау жағынан Сәдірқожа бастаған біраз қожалар келіп әр руға тарай бөлініп, мұсылманшылық шарты бойынша Аллаһ жолын – Исламды уағыздауға иелік етті. Осы жерде мендегі бар екі деректерде екі түрлі пікір айтылады. Біріншісі – Сәдірмен бірге келгендердің ішінде Халауайт ұлы Өтеген қожа да бар еді дейді, яғни Халауайтты Сәдірдің ұлы еді деп нақ айтылмайды. Екіншісі - Сәдірқожадан Халауайт, ал Халауайттан Өтеген қожа деп таратады. Бұл жайды таразылай келе мен екінші нұсқаны дұрыс деген шешімге келдім (Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені» кітабынан қараңыз). Себебі, Бекен Исабаев ағамыз осы Шыңғыстың тумасы, сол рудың (Тобықтының) өкілі болғандықтан бұл уақиғаның бәрін жасынан естіп өскен адам. Жә, сонымен, осы Өтеген қожаны Қараменде би өз елінде ұстапты. Оған жер бөліп беріп, қыстау салғызып, барлық жағдайын жасаған екен, оның үстіне екеуі замандас болса керек. Өтеген қожа – көріпкел, әулие, киелі, қасиетті болғандықтан елі-жұрты сыйлап өтіпті. Қараменде биде заманы бір болған соң құрдастық жолмен Өтеген қожаға оңаша отырған кезде қалжыңдап: «Өтеген, осы сен кімсің, қожамысың, сартпысың?» - дейді екен. Сонда Өтеген қожа: «Құдай оңдаған, не десең де өзің біл. Дін мұсылманды тұтастырып, құдай жолы деп жүрген жанбыз ғой» - деп жауап берсе керек. Өтеген қожа көріпкел, әулие, кие қасиеттерінің арқасында Қараменде бидің ақылдасы, сыйласы, пірі болыпты. Бұған дәлел болар мынандай бір әңгіме-уақиға бар.

Бір жылы Үйсін, Жалайыр елінің ұрылары Дадандар жылқысын ұрлапты. Қаракең өзі бастап қуып барып, ел басшыларының алдына салып, көзі барының өзін, көзі жоғының төлеуін алып, жылқысын айдап қайтыпты. Үйсін елінің басшылары ары өткен, бері өткендерді тонайтын қарулы қарақшылар шығып тұрғанын ескертіп, Қаракеңді сақтандырыпты. Қарекеңдер Алатау сілемінен тіке түсіп, Балқашта ұзын Аралдың сілеміне түсе бергенде қалың тұман басып кетеді. Жүргіншілер осы жерге қонады. Таңертеңгі елең-алаңда «Кеп қалды! Кеп қалды!» - деген ащы дауыспен оянып, іле-шала атқа мінгенде андыздап ат қойып келе жатқан жау қарасы көрінеді. Күш тең емес екенін бағдарлаған би: «Көлге тарт! Көлге тарт!» - деп дауыстайды. Қашқан топ әупіріммен қуғыншылардан бұрын көл жиегіне ілігеді. Бірақ, олар көл қабағының мұзы сөгіліп, жиектегі судың ақ көбіктеніп толқын атып жатқанын көріп қатты сасады. Қуғыншылар сойыл салымға таяп, бұлардың құтын қашырады.

Қарекең: «Иә, Өтеген Қожа! Сарт болмай қожа екендігің шын болса, сиындым аруағыңа, қолдай гөр!» - деп, өзі бастап жылқыларды қуа көлге түседі. Қуғыншылардың алдыңғы легі де екпіндеген бетімен көлге қойып кетеді. Бірақ, аттары бойламаған терең су шетінде екі-үшеуі «қарық» болады. Қалғандары кері бұрылып, жиекке өліп-талып әзер жетеді. Қаракеңдер тобы аман-сау мұзға ілігіп үстіне шығады. Шығынсыз бергі қабаққа өтеді.

Үйсін елге аттанарда жолай соғып, жол босын айтып қалған Өтеген аулына ат басын бұрып жолсеріктеріне Қарекең: «Мынау көк айғырдың кішісін Қожаға береміз» - деп атайды.

Бұрылып келген Қарекеңе Өтеген: «Ат көлігін аман келдің бе, құдай оңдаған? Тар жерде қыстың ғой» - дейді. «Қалай тар жерде қыстым?» - деген Қарекеңнің қарсы сұрағына Өтеген қожа ештеңе деместен көйлегінің етегін көтеріп, арқасын көрсетеді. Екі жауырынының ортасына аттың төрт тұяғының ізі түсіп қалған екен. Сөйтсе ертеңгілік намазға ұйып тұрғанда Қарекеңнің айқайын естіп, жау қолынан құтылу үшін желеп-жебейтін иелері арқылы көмек жасаған екен.

Қарекең: «Мен сізге бағындым. Артымда қалар ұрпағыма Сіздің әулетті құрметтеп өтуді тапсырармын. Ақтығыңызға барымтадан қайтқан екі көк айғырдың үлкенін сіздікі деп атадық» - дейді. «Әй, Құдай оңдаған, жаңа серіктеріңнен бөлінерде айтқаның кішісі еді ғой» - депті қожа. «Иә, кішісі деп атағаным рас еді. Сіздің көріпкел әулиелігіңізді сынау үшін әдейі айтқан едім. Кешірім өтінемін. Ата пірім, Пайғамбарымның әулеті, киелі қасиетіңнен айналайын!» - деп Қараменде иіліп тағзым етіпті. Өлерінде балаларына Өтеген ұрпақтарын қадірлеп сыйлауды өсиеттеп: «Қожадан қыз алмаңдар, алсаңдар күндерде бір күн зайыптарыңа тілдерің тиюі мүмкін. Ондай тіл аруақты күңірентіп, Өтегеннің киесіне ұрындырары хақ. Мен десеңдер кейінгі ұрпаққа да осы тілегімді жеткізіңдер» - деп тапсырады.

Өтеген Қарекеңнен бұрын дүние салған екен. Қарекең және «Мені Өтеген Қожадан төмен жерлеңдер. Құрметімнің жөнін содан да білер ұрпақтарым» - деп өсиеттепті.

Қазір Тоқырауын өзені бойындағы Айырық деген жерде Өтеген Қожа белгісі би кесенесінің шығысында 30 метрдей жерде сәл жоғарыда тұр.

Әулиелігімен танылған Өтеген қожадан көптеген ұрпақ тарап, өсіп-өнген. Одан төрт ұл: Қасым, Тұрсын, Данияр, Даданқожа атанып кеткен Сапарүмбет туады. Оның Тұрсыннан туған немересі Сапарүмбетті атасының аруағы қолдап, дуалы ауыз болып ержетеді. Имандылықты ту етіп ұстағаны үшін ол Әлтек-сарым мен Тобықтының бас қосқан жиынында Дадан еліне бас указ болып сайланады. Осы Сапарүмбетте айтулы қасиеттерінің арқасында Даданнан шыққандықтан Даданқожа аталып кетіпті. Бұдан алты ұл өркен жайыпты және бұлар да ел ішінде үлкен бедел иелері болған екен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет