Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет11/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96

 

Балабақшадағы    оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік 

қорларын  молайту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті 

өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста 

қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл 

дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 

 Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы 

заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін 

ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым, 

түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-  қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде логопед: 

-балалардың сөздік қорларын дамыту; 

-жаңа сөздерді меңгерту; 

-үйренген  сөздерін  тиянақтап,  анықтап,  әрі  байытып  отыру  басты  міндет 

саналады. 

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа 

алып отыруы тиіс. 

Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше. 

Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  арқылы  бала  айналасындағы 


 

95 


 

нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап  алады.  Баланың  бір  ерекше 

қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. 

Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол 

ашады.        

Қай бала болмасын  ойынмен өседі, өйткені бала  табиғатының өзі  тек ойынмен 

байланысты.  Ойын  үстінде  бала  еш  нәрсеге  тәуелсіз.  Ол  озін  еркін  ұстайды.  Ал 

еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен 

құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. 

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде 

де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 

ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде 

де  жалғасы  береді.  Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің 

сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. 

Ойынды  қолданумен  бірге  ойлауға,  тілді  дамытуға,  шығармашылық  әрекетін 

байытуға  бағыт  алады.  Баланың  ойын  кезіндегі  қимыл-  қозғалысы  дене  бітімін 

жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық 

әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса 

отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. 

Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында 

баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- 

құлық  дағдыларын  қалыптастыру  көзделеді.  Психологиялық  жаттығулар  баланы 

үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін 

айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы  баланың  білімділік 

дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. 

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің 

үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді.  Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін 

анықтау үшін қолданылады. 

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің 

жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей 

білуін  анықтау,  қалыптастыру.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең 

алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да 

ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. 

Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма- 

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры 

дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді.,  таным  белсенділіктері  қалыптаса  түсіп, 

ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 

Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасын  тауып  келе  жатқан,  әрі  үлкен  мәні  бар  мәдени 

шығармашылық-  саусақ  ойыны.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған 

ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-  жануарларды,  құстарды,  ағаштарды  т.б 

көптеген бейнелерді бейнелей алады. 

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық 

етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. 


 

96 


 

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік 

қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін 

толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. 

Ұсақ  моториканы  дамыту  жұмыстарын  ерте  сәбилік  шақтан  бастаған  дұрыс. 

Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне 

әсер  ете  отырып  массаж  жасау  керек. Ерте  жаста  және  мектепке  дейінгі  кіші жаста 

қарапайым 

жаттығуларды 

жасауда 


өлеңмен, 

тақпақпен 

ұымдастырылған  

жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын 

қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. 

Ал  ересек  топтағы  балалар  үшін  ұсақ  моториканы  дамыту  және  қолдың 

икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға 

үйренудің маңыздысы болып саналады. 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не 

қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  өзінің  айналасындағы  қоршаған  ортамен 

танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. 

Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы 

арта  түседі.  Ойын  -  баланың  бірінші  әрекеті,  сондықтан  да  оның  мән  -  мағынасы 

ерекше. 

Қазақ халқының ұлы ойшылы  Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер 

бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп 

жасына  дейінгі  балалардың  зейіні  тұрақсыз  болады.  Оларды  біркелкі  жұмыс  тез 

жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын 

түрінде  жүргізу  қажет.  Өйткені  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  алған  білімді 

ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. 

Ойын  барысында  баланың  жеке  басының  қасиеттері  қалыптасады.  Баланың 

қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық 

ерекшелігі  мынада:  олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  ұшқындалады,  белсенділігі 

артады,  ерік  қасиеті,  қиял  елестері  дамиды,  мұның  бәрі  баланың  шығармашылық 

қабілеті мен дарынын ұштайды. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  көргендерін,  байқағандарын,  айналасынан 

естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты 

бейнелейді.  Ойын  барысында  балалар  дүниені  тани  бастайды,  өзінің  күш  жігерін 

жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. 

Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген 

ойға  келді.  Ойын  арқылы  оқыту,  бұл  ой  көптеген  балалармен  мен  логопедтерді 

қызықтырды.  Грузин  педагогы  Ш.А.Амонашвили  ойын  арқылы  балаларға  өте  қиын 

әлемдік  танымды  түсіндіре  білді.  Ш.А.Амонашвили  өз  оқушыларымен  ойын 

ойнағанда  өзін  балалармен  бірдей  қоя  отырып,  олардың  көңіліне,  ойына,  санасына 

пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті - 

баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. 

Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  дамыту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті 


 

97 


 

өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста 

қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. 

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл 

дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.  

Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы 

заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін 

ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым, 

түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз.  

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде логопедтің:  

- балалардың сөздік қорларын дамыту;  

- жаңа сөздерді меңгерту;  

-  үйренген  сөздерін  тиянақтап,  анықтап,  әрі  байытып  отыру  басты  міндет 

саналады.  

Осы аталған міндеттерді логопед үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа 

алып  отыруы  тиіс.  Балалардың  сөздік  қорын  дамытуда  ойын,  тапсырма, 

жаттығулардың  орны  ерекше.  Соның  ішінде  ойын  –  баланың  шын  тіршілігі.Ойын 

арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап 

алады.  Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің 

дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. 

Қай бала болмасын  ойынмен өседі, өйткені бала  табиғатының өзі  тек ойынмен 

байланысты. Ойынүстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік 

дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін  білуге  деген  талпынысы  мен 

құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.  

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын 

алады. Логопед бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, 

саяхат,  ойын  -  сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сөздік  қорларын 

дамытады.  

Арнайы  іс  -  әрекет  ұйымдастыруына  қарай  танымдық,  дамытушы  ойындарды, 

тапсырмаларды  қолдану,  балаларды  заттарды  бір-бірімен  салыстыруға,  оларды 

қасиетіне  қарай  ажыратуға  және  оны  танып  білуге  үйретеді.  Сөйтіп  бала  топтағы 

жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.  Ойынұйымдастыруда логопед өзі 

жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды 

ойната  отырып,  ойлануға  бағыттайды,  заттың  атын  немесе  қасиетін  есінде  сақтап 

қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. 

Сонымен  қатар  ойынбарысында  бала  үлкендермен,  өз  құрбыларымен  қарым-

қатынас  жасайды.  Әр  бала  өз  жетістігіне  қуанып,  мәз  болады.  Сондықтан  да  ойын-

тапсырмаларды  таңдауда  және  іріктеуде  балалардың  жас  және  жеке  ерекшелігін 

ескерген жөн. 

Логопед балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі 

етіп өткізуіне болады. 

Заттармен  ойналатын  ойын  ойыншықтарды,  табиғи  заттарды  қолдану  арқылы 

өтіледі.  



 

98 


 

Үстел үсті ойынын ұйымдастыру: баулар, су – джок, түймелеу, мозаика, домино, 

лото, кұрастыру, қыстырғыш, санамақ, суреттер қолданылады.  

Ал  сөздік ойын  арқылы  сөзді  орынды қолдана білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз 

мағынасын  түсінуге,  орынды  сөйлеуге  үйренеді.  Мысалы:«Сөз  ойла»,  «Сөз  құра», 

«Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». 

Сонымен  қатар  балалардың  сөздік  қорларын  дамыту  жұмысына  ойындарды 

қолданумен  қатар,  «Пішіндер  көрмесі»,  «Өрнекті  есіңде  сақта»,  «Қиын  жолдар», 

«Суретті  жалғастыр»,  «Биші  адамдар»,  «Көңілді  таяқшалар»  тәрізді  жаттығу 

тапсырмаларды  да  пайдаланып  отыру  өз  нәтижесін  берді.  Бұл  аталған  жаттығу, 

тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және 

саусақ бұлшық етін дамытады. 

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды 

талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды 

өткізуге әзірлік болып табылады. 

Балаларды  ойынның  мазмұнымен  таныстыру  ойынды  өткізу  болып  табылады. 

Ойынды  талдау,  бұл  ойынның  өз  мақсатына  жетуі,  балалардың  белсенділігі  және 

олардың  іс-әрекеті  болып  табылады.                  Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын 

дамытуда  ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.  Ойын 

арқылы  балалардың  сөздік  қоры  дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді,  таным 

белсенділіктері  қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер 

бойына сіңіреді. 

Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-

жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі  алдыма қойған 

мәселем. 

Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін және ұсақ моторикасыны 

дамыту да ойын арқылы жүзеге асады.  

 

Қолданылған әдебиеттер 



 

1.  «Тәрбиелей,  оқытайық»  -  республикалық  педагогикалық  журнал  «Бала  мен 

балабақша». 

2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. 

3. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», 2006 

4.  «Өзін-өзі 

тану» 

пәні  бойынша  жалпыға 



міндетті 

мемлекеттік 

стандарты.  Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006. 

5. «Ойын өмір айнасы» Алматы 2001. 

6. Мектепке дейінгі білім 2007. 

 

 



 

 

 



 

 


 

99 


 

ОПТИМАЛЬНЫЙ ЭТАП В РАЗВИТИИ ЭКОЛОГОЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ 

ЛИЧНОСТИ РЕБЕНКА. 

 

Акатаева Г.Б., Оразбекова К.К. 

КГКП я/сад «Куаныш» г. Караганды 

 

На  сегодняшний  день  одной  из  наиболее  актуальных  проблем  является 

дегуманизация  общества  в  целом,  в  том  числе  обесценивание  таких  нравственных 

ценностей,  как  проявление  заботы  друг  о  друге,  об  окружающем  мире  и  природе. 

Причина этого – серьезные изменения в социальной, экономической и политической 

сферах, приведшие к социальному расслоению, снижению качества жизни достаточно 

большой  части  населения,  что  и  повлияло  на  учащения  вспышек  негативизма, 

агрессии, жестокости. Проблема экологического образования сегодня волнует всех – 

ученых, педагогов, общественность. Чему и как учить детей, чтобы сформировать у 

них на доступном им уровне современную научную картину мира, представление о 

месте человека в этом мире, об особенностях взаимоотношений в этом мире? 

 Работая в детском саду, мы  обратили  внимание на то, что небрежное, а порой 

жестокое  отношение  детей  к  природе  объясняется  отсутствием  необходимых 

знаний.      Например:  трех  летний  малыш  безжалостно  топчет  муравья,  отрывает 

насекомым  крылья,  обрывает  и  бросает  листья.  Делает  он  это  не  потому,  что  он 

жестокий, а потому, что не знает, какую пользу приносят растения, насекомые, птицы 

и т.д. 

 

Кого винить в том, что в жизни насущной при нехватке средств и времени, 



мы упускаем из виду такие ценные качества человека, как любовь к природе, бережное 

отношение к « братьям нашим меньшим». Дошкольный возраст – оптимальный этап в 

развитии  экологической  культуры  личности.  В  этом  возрасте  ребенок  начинает 

выделять  себя  из  окружающей  среды,  развивается  эмоционально-ценностное 

отношение  к  окружающему,  формируются  основы  нравственно-экологических 

позиций личности, которые проявляются  во взаимодействиях ребенка с природой, а 

также  в  его поведении  в  природе.  Расширяется    представления о  мире  предметов и 

явлений,  растительном  и  животном  мире,  сезонных  изменениях  в  природе,  

элементарной поисковой деятельности.  

Именно благодаря этому появляется возможность формирования экологических 

знаний у детей, норм и правил взаимодействия с природой, воспитания сопереживания 

к  ней,  активности  в  решении  некоторых  экологических  проблем.  Именно  поэтому 

работу  по  осознанно-правильному  отношению  к  природным  явлениям  и  объектам, 

которые  окружают  ребенка,  необходимо  начинать  как  можно  раньше,  при  этом 

используя новые подходы к воспитательно-образовательной деятельности  

  

Эффективный  путь  освоения  экологической  культуры  состоит  в  том,  чтобы  не 



только  передавать  знания,  а  формировать  способ  мышления,  необходимый  для 

решения и прогнозирования существующих проблем.  

 

Усваиваемые  детьми  нравственные  нормы  и  правила    поведения  в  природе 



проявляются  у  них  в  слове  и  действие.  Дошкольники  уже  способны  вербально 

 

100 


 

выражать  своё  отношение  к  окружающему  миру,  способны  облекать  в  словесную 

форму желания, потребности, состояния и настроения объектов природы. 

 

Формированияу  ребёнка  такого  нравственного  качества,  как  заботливого 



отношения к объектом природы, зависит от многих составляющих: 

 



умение быть настойчивым – это качество помогает ребёнку довести начатое дело 

до конца, преодолеть трудности, сдерживать свои импульсивные желания, считаться с 

интересами, потребностями живого организма; 

 



совершенствование  трудовых  действий  –  детей  важно  учить    самостоятельно, 

выполнять трудовые действия, осуществлять уход за животными и растениями; 

 

умение быть ответственным – способность ребёнка отвечать за состояние живого 



организма и нести ответственность за совершенное или не совершенное им вовремя 

заботливое действие; 

 

оперативность – важно научиться незамедлительно при необходимости оказывать 



помощь  нуждающемуся,  если  ребёнок  не    может  самостоятельно    позаботиться  об 

объекте  природы,  он  должен  вовремя  обратиться  за  помощью  к  товарищу  или 

взрослому; 

 



проявление  альтруизма  –  важно  уметь  жертвовать  своими  потребностями  и 

интересами  ради  заботы  о  другом,  уметь  на  время  отложить  интересное  для  себя 

занятие (игру) для оказания помощи другому

 

Следует отметить, что ребёнку не всегда просто выразить и проявить отношение 



к взрослому и сверстнику, значительно легче это сделать по отношению к объектам 

природы.  Проявляя  заботу  к  объектам  природы,  ребёнок  чувствует  себя  более 

уверенным,  сильным,  умеющим  и  знающим.  Именно  поэтому  необходимо 

максимально  использовать  природное  окружение  для  формирования  такого 

нравственного качества, как правление заботливости. 

 

Природа  имеет  глубокое  нравственное  содержание,  свидетельствующее  о 



важности и необходимости проявления бережного, заботливого отношения ко всему 

живому.  Заботясь  о  живых  существах,  ребёнок  может  руководствоваться  разными 

мотивами:  пониманием,  что  это  хороший  поступок,  желание  получить  похвалу, 

одобрение со стороны взрослого. Организуя педагогический процесс и понимая это, 

мы  должны  добиваться  того,  чтобы  ведущим  мотивом  поведения  ребёнка  стало 

заботливое отношение к природе. 

 

Только  тогда  у  ребёнка  начинают  формироваться  социальные  мотива 



поведения, которые проявляются в том, что он стремится удовлетворить потребности 

живого организма, доставляя тем радость и удовлетворение и объекту природы, и себе. 

Осознание важности и необходимости  совершения заботливых поступков приносит 

ребёнку особое удовлетворение  и радость от совершённого. 

Наряду с традиционными формами работы, такими как наблюдения, проведение 

опытов, чтение художественной литературы на экологическую тематику, прогулки и 

экскурсии, игровые обучающие ситуации, экологические занятия, в своей работе  мы 

должны использовать  театрализованные игры и  постановки. 

Театрализованная деятельность - одна из нетрадиционных форм экологического 

образования  и  воспитания  детей.  Нетрадиционных,  потому  что  проблемы 

окружающей  среды  дети  раскрывают  посредством  костюмированных  театральных 


 

101 


 

постановок  с  включением  стихов,    песен,  танцев,  которые  направлены  на  охрану  и 

бережное отношение к природе. 

 Экологический театр наряду с другими несет в себе и серьезную воспитательную 

цель: объяснить детям необходимость бережного отношения к первозданной чистоте 

природы,  показать  неприглядность  потребительского  отдыха,  загрязняющих  все 

вокруг.    Интерес детей к экологической сказке определяется, прежде всего, новизной 

сюжета,  наличием  необычных  персонажей,  их  действий,  а  также  конечным 

результатом.     

Для  овладения  навыками  актерского  мастерства  много  внимания  уделяется 

этюдной  работе.  Она  раскрывает  творческую  природу  ребенка  и  включает  в  себя 

упражнения, развивающие внимание, которые могут адресоваться к любому из пяти 

чувств:  зрению,  обонянию,  осязанию,  слух  и  вкусу.  Знакомство  с  сюжетом  дает 

возможность хорошо разобраться в поступках героев, в нравственном уроке сказки. 

Вся  серьезная  экологическая  информация  становится  доступной  благодаря  яркому 

языку,  фантастическим  сюжетам,  в  которых  есть  и  волшебство,  и  приключения,  и 

неожиданность.  В  процессе  работы  над  экологическим  спектаклем  учитывается 

возраст  зрителей,  продолжительность  спектакля,  стараемся  сделать  его  легким  для 

восприятия.   

 «Экологический  театр»  помимо  театрализации    включает  в  себя  разные  виды 

деятельности.  Вместе  с  детьми  можно  придумывать    игры  -  макеты,  изготавливать 

атрибуты и декорации к спектаклям.  

Для экспериментирования также можно создать уголок, чтобы дети могли сделать 

несложные опыты -  наблюдения и т.д. 

 Рассказывая детям сказку, необходима наглядность. Так ребенку легче запомнить 

сюжет,  а  герои  предстают  в  более  ярком  свете.  Для  этой  работы  используем  наше 

многофункциональное  «панно», которое является просто незаменимым, ведь действия 

многих сказок происходят в лесу. Куда интереснее видеть, как Машенька идет среди 

самых  настоящих  сосен  и  берез,  да  и  лесные  звери  здесь  выглядят  как-то  более 

убедительно. 

Проигрывая определенный сценарий (стихотворение, короткую сказку), дети по 

нескольку  раз  меняются  ролями.  Им  удается  побыть  и  волком,  и  зайчиком, 

попробовать  себя  в  роли  бабочки,  или  утенка.  У  ребенка  появляется  возможность 

многократного  перевоплощения.  Дети  это  делают  с  большим  удовольствием  и 

непосредственностью.  Глядя  друг  на  друга,  в  спокойной  атмосфере  удается 

расшевелить  самого  скованного,  зажатого  ребенка.  У  агрессивных  детей  есть 

возможность почувствовать себя беззащитной жертвой или, в социально приемлемой 

форме выплеснуть агрессию. 

В ходе игр-драматизаций дети учатся владеть собой, вести себя правильно, так 

как  поступают  их  любимые  герои.  И  это  помогает  им  избавиться  от  затруднений  и 

легко находить общий язык с другими.   

В  дошкольном  возрасте  у  ребенка  формируется  новое  психическое  качество  – 

ценностная ориентация. В связи с этим особое значение для полноценного развития 

детской  личности  приобретает  дальнейшее  приобщение  к  миру  взрослых  людей  и 

созданных  их  трудом  предметов.    Наша  задача  как    педагогов  –  помочь  ребенку 


 

102 


 

научиться  свободно,  ориентироваться,  правильно  использовать  по  назначению  и 

ценить  предметы  материальной    культуры,  которые  окружают  его  в  повседневной 

жизни  дома,  в  детском  саду,  на  улице.  Организуя  познание,  важно  раскрыть  детям 

сущностные особенности предметов, способствовать освоению способов познания и 

видов 


интеллектуальной 

деятельности, 

развивать 

наблюдательность, 

исследовательский  подход  к  доступным  для  дошкольника  объектам  окружающей 

действительности. Именно это открывает перед ребенком возможности действовать в 

повседневной  жизни  разумно  и  достаточно  самостоятельно,  позволяет  понимать, 

осмысливать  и  реализовывать  в  своем  поведении  нравственное  отношение  к 

предметам как результатам человеческого труда. 

Театрализованная  деятельность,  игра  помогает  ребенку  почувствовать 

причастность к природе, ответственность за нее, что является началом экологической 

культуры  дошкольников.  В  своей  работе  по  формированию  основ  экологической 

культуры  и  через  экспериментальную  деятельность    хотим    добиться  от  детей 

понимания того, что всё взаимосвязано - природа и человек. Ребёнок познаёт мир на 

эмоционально-чувственной  основе.  Он  учится  наблюдать  мир,  окружающий  его  и 

ориентируется в нём.    

 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУ АЛАДЫ 



 

Акжарова Гүлдана Назымбекқызы, Мусаханова Айгүл Умирзаковна 

КМҚК «Алтын сақа» балабақшасы 

 

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшады не  



қоршап  тұрғанын  ұғынады.  Біртіндеп  өмірден  алған  тәжірибесі  көбейеді.  Мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  өзінің  айналасындағы    қоршаған  ортамен    танысуға  өте 

құштар.  Мектепке  дейінгі  балаларды      қоршаған  ортамен  таныстыру  -    бұл  оладың 

санасына қоршаған орта,  табиғат туралы  сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық 

тұрғысында білім қалыптастыру  және оған деген дұрыс  қарым-қатынасқа тәрбиелеу 

әдісі. 


Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік  қарым-қатынаста бола отырып,  

қоршаған  ортаны,    ондағы  табиғат құбылыстарын    және басқа  өһмірді    тани біледі. 

Қоршаған ортаменг таныстыру  барысында кеңістік, уақыт, заттығ пішіні, т.с,  сапасы,  

салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген қғымдар қалыптасады. 

Қоршаған  ортамен    және  оның  түрлерімен  таныстыра  отырып,    балалардың 

ұғымын  кеңейтеміз.  Қоршаған  ортамен  таныстыруда    мына  ұғамдарды 

қалыптастырамыз:  Мен  адаммын  түсінігі  және  өзі,  өзінің    жағадайы  туралы 

түсініктерін  кеңейтеміз.  Өзін-өзі  танудағы    талаптарын  мадақтауға,    дене  мүшелері 

(қол, аяқ, бас және т.б), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін  қажеттігін 

білуге. Мен қандай көңіл күйде  боламын ( қуанамын, ренжеймін, ашуланамын және 

т.б.), өзін-өзі дұрыс бағалау  қажеттігін қолдауға, өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, 

өзіне қызыметі мен дербестігін дамытуға  мүмкіндік туғызуға, өзінің қолынан келетіні, 

жақсы көретіні,  не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қармы-қатынастар 


 

103 


 

туралы ойлап,  өз ойын айта білуге үйретуге, құрдастарының арасында өз жағдайын, 

басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйретеміз. 

Адам  –  тіршілік  иесі.  Өзін  адам  әлемінің    өкілі  ретіндегі  алғашқы  түсініктерін 

қалыптастыру.  Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайын туыстық және қоғамдық қарым-

қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру. 

Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні 

туралы  түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы  мен айырмашылығын сыртқы 

белгілеріне  қарап  ажырата  білуге  үйрету:  басы,  қолы  мен  аяқтары,  тері  және  шаш 

қабаты, көздері мен шаштардың әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары 

(жүрек, асқазан, өкпе) бар екендігі туралы ақпарат беру. 

Жер - қасиетті алау. Жер- адамзаттың мәңгілік мекені, ортақ үйі. Жер адамның  

асыраушысы,  сол  үшін  адамның  жерге  деген  көзқарасы,  махаббаты,  қадірі  мен 

құрметі, жанашырлығы, аялы адал борышы екенін мектеп жасына дейінгі балаларға 

қарапайым тілмен жеткізе білуіміз керек. Осы ортақ үйімізге  жанашыр жүрек, қамқор 

қол керектігін түсіндіру. Бұл кеудесінде жаны бар әрбір азаматтың ақ адал борышы. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  туған  жерінің  табиғатын  сүюге,  қамқор  болуға 

тәрбиелесек, болашақта нағыз елін, жерін сүйетін патриот өсетініне сенемін. 

«Сулы жер – нулы жер», «Жылап жүріп арық тазаласаң, күліп жүріп су ішерсің» 

деген  халақ  сөздеріндегі    -  сусыз  өмір  жоқ,  суды  пайдаланбай  ешбір  халық 

шаруашылығы алға баспайды – демекші мектеп жасана дейінгі балаларға суды дұрыс 

пайдалану жолдарын үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде, бақылау кезінде 

тәжірбие  жүргізу  арқылы  балаларға  үйретуге  болады.  Сол  себепті  халық  суды  өмір 

нәрі, денсаулық кепілі деп санайды. 

Қай қоғамның болсын басты байлығы – адам. Ал, сол байлықты ұзақ ғұмыр кешіп, 

жалғасын  табуы  үшін  ағзасына  мықтылық  пен  беріктік,    қалыпты  ырғағы,  деніне 

саулық  керек.  Осы  денсаулықтың  ең  басты  кепілдерінің  бірі-  қоршаған  ортаның 

тіршілікке  керек  ауаның,  судағы  тұтынатын  азық-түліктің  экологиялық  тазалығы. 

Былайша айтқанда – жанның да, тәннің де тазалығы денсаулыққа кепіл бола алады. 

Барлық адамдар  экологилық таза, қауіпсіз ортада өмір сүруге құштар. Олар жан-

жақты әлеуметтік  қызмет көрсетуін қалайды. Қоршаған ортамыздың  жақсы болуы, 

табиғаттың  өз  қалпында  сақталуы,  жердің,  судың,  ауаның  радиациялық  заттармен  

уланбауы жалпы  тіршілік мекені  - Жер планетасының бүлінбеуі қазіргі жанашырлық 

жұмыстарымызға байланысты. 

Экологиялық  қауіпсіздік  –  ұлттық  қауіпсіздік  деп  тегін  айтылмаған  ғой. 

Сондықтан  елді,  жерді,    туған  өлкемізді  ластамай,  таза  сақтауға  оны  келер  ұрпаққа 

табиғи    қалпында  тырысқанымыз  жөн.  Біз  табиғаттың бір  бөлшегіміз,  одан  өзімізді 

бөліп  алып  қарамауымызға  еш  болмайды.  Егеменді  ел,  дербес  мемлекет  тболған 

күннен  бастап  кеңес  одағы  кезінде  әр  түрлі    экологиялық  апаттарға  үшыраған    кең 

байтақ  жерімізге  қорғау,  қалпына  келтіру  сияқты  кезек  күттірмейтін  мәселеларге 

үкімет    және  аталған  проблемалар  саласындағы  мекемелер  меғн  жауапты 

қызыметкерлер тарапынан  көп көңіл бөлінуде. 

Табиғаттымызды таза, көркем, бай қазыналар қалпында сақтап қалу үшін жоғары 

оқу  орындарында   оқитын  суденттер  қауымына  экологиялық  білім берудыі  маңызы 

зор.  Атамыз  қазақ    қоршаған  ортаны  «Табиғат  –  тал  бесігің»  деп  бекерге  айтпаған. 


 

104 


 

Ендеше  экологиялық  білім  берудің    негізгі  мақсаты  қоршаған  ортаны  қалыпты  

жағадайда  сақтауға  жеке    азаматтардың  жауапкершілік    сезімдерін  арттыру,    әрбір 

адамды    экологиялық  сапалыққа    тәрбиелеу.  Экологиялық    проблеманың  туу  көзі  – 

әлеуметтік  –  экономикалық  факторлар.  Экологиялық  білім-табиғат    қорғау  саясаты 

және  білім беру жүйесін насихаттаушысы. Қоршаған ортаның күннен-күнге  ластануы 

және улануы нәтижесінде адамның денсаулығына  зиян келтіретін, сондай-ақ төтенше 

экологиялық  жағадай  аймағында    жасалған  әрекеттер  туралы  ғылыми  мәлеметтер 

береді. 

Экологияда бір-бірінен бөле-жара  қарайтын  маңызды буын, басты сала- негізгі 

тақырып  деген  болмайды,  болуға  тиіс  емес.  Бізді  қошаған  ортада,  тіршілік  мекені 

табиғат қойнауы ортақ үйіміз – Жер планетасының  бетінде бәрі де, бір-бірімен тығыз, 

үйлесімді байланысты. Сол үйлесімді  – сол өзгерістерді, дамуды,  қарам-қатынасты 

терең  білу  крек.  Қазіргі  таңда  экология  мәселесі  барлық  тұрғыдан  алып  қарағанда 

бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі болып отыр. Барлық  әлем болып күрескенімізге 

қарамастан бұл проблема әлі де өзекті күйінде қалып келеді. Республикамызда ерекше 

қоғауға алынған табиғаты сұлу, әсем өлкелер аз емес. Бірақ оларды кім қорғайды деген 

сұрақ туындайды. 

Егер сол адам ойланса, табиғатқа, қоршаған ортаға зиян тигізгенін түсінсе – олай  

істемес еді. Әрине, барлық адамдарды осындай деп айтуға болмайды. Азған, тозған, 

жер, лас өзен – көл, қуарған дала, ауру – сырқау адам, осының бәрі – бідің еліміздің  

экологиялық  құзар  шыңның  басында  тұрғанын  көрсетеді.  Оның  үстіне  біздің 

халықтың экологиялық сауаты нашар. 

Бұған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазіргі адам өлімінің 20 пайызы тікелей 

Экологиялық ахуал кінәлі» деу куә. 

Адамдардың  бір-бірімен  айырмашылықтары  мен  ұқсастықтары  бар  (  сырт 

келбеті, әдеттері, түрлі  сезімдері мен күйлерді сезінеді). Адамның өсуі үшін қажетті 

шарттар  –  су,  жарық,  жылу,  тағам,  қозғалыс  пен  демалыс,  күтім  мен  махаббат. 

Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш. Өзінің дене бөліктері мен 

мүшелерінің кейбір қызыметтерін  түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. 

Отбасы  бейнеленген  суреттерді  қарастырып,  отбасы  мүшелерін,  қызыметтері  мен 

қарым-  қатынастарын  (немен  айналысады,  бір-біріне  қандай  қамқорлық  жасайды, 

қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру. 

Ойын  жағдайларында  отбасы  үшін  бөлмені  жабдықтау:  жиһаздар  мен  ыдыс-

аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен үлкендердің еңбегін ойын 

әрекетінде  көрсету.  Балаларды  өзінің  отбасы,  жақсы  көретін  адамдары,  олардың 

жақсылығы  мен  қайырымдылығы  туралы  әңгімелеуге  ынталандыру.  Өзінің  отбасы 

мен бір-біріне  қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балардың 

да өз отбасы, ата-аналар, олардың өз балалардын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны 

туралы  түсіну.  Ересектердің  еңбегі  мен  олардың  қызыметтері  (  тәрбиеші,  аспаз, 

тасатушы, дәрігер, құрылысшы ) туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі мамандық иелері 

(жүргізуші,  ұшқыш,  машинист,  капитан)  әртүрлі  көлік  құралдарын    басқаратыны 

туралы білім беру. 

Заттарды,  кабинеттердің  бір-бірімен  салыстыруға  (кең,  тар,  жарық,  үлкен,  т.б.) 

үйрету.  Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің  


 

105 


 

көмегімен салыстыруға үйрету. Бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және 

олардың  өсуі  мен  дамуына  қолайлы  жағдайларын  туғызу  қажеттілігі  туралы  нақты 

ұғымдарын қалыптастыру. 

Өсімдіктердің  көптүрлілігі  мен  оларға  әртүрлі  күтім  керектігі  (суару,  

жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту. 

Тірі  табиғат  бұрышын  мекендеушілер  мен  өсімдіктердің  белгілерін  білдіретін 

сөздерді  қолдануға  үйрету.  Бейнелеу  өнеріндегі  қол  еңбек  бұрышы,  көркем 

шығармашылық,  музыка  бөліміндегі  ұлттық  музыка  аспаптары    (домбыра,  қобыз) 

туралы  түсінік беріп,  олармен таныстыру. Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша  

ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру. 

Ағаштар,  гүлдер  және  құстардың  белгілеріне  қарай  анықтап  және  ажырату 

іскерліктерін  дамыту.    Маусымдық  өзгерістерді  байқауға,    балабақшаның  сыртқы  

және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету. 

Ұлттық  педагогика  негіздеріне  сүйене  отырып  өзін-өзі  ұстау  мәдениетіне 

дағдыларын  меңгерту. Құрдастарымен келіспеушілік  болған  жағдайда, татуласуға, 

өзіне  ұнамайтын теріс  қылықты өзгеге жасамау  керектігін түсіндіру, ортақ шешімге 

келіп,  бір-бірімен  татуласу  дағдылырын  үйрету.  Әрқашан  ізеттілік  көрсетіп, 

сәлемдесу,  алғыс  білдіру,    көмегін  ұсыну  сияқты  жағымды  әрекеттер  жасауға 

дағдылындыру. Қарапайым әдептілікті сақтауға әдеттендіру. Үлкеннің алдын кеспеу, 

сөзін бөлмеу, кішілерге қамқор болу, ойыншыққа таласпау,  қоғамдық орындарда өзін 

мәдениетті ұстау, т.б. Кішіге – ізет, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.  Өзінің тегінің  

шежіресіне қызығушылығын  ояту.  Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін 

дұрыс  айтуға  үйрету.  Отбасылық  мерекелер  мен  оны  өткізуге  дайындыққа 

белсенділігін мадақтау.  Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-

бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне 

жақын  деген  мәселелер  туралы  көзқарастарын  білу  дағдыларын  қалыптастыру. 

Әрқашан, қандай жағдай болмасын өз-өзін мәдениетті ұстау керек екендігін ұғындыру. 

Өзінің жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізде мекендейтін 

басқа  ұлт  өкілдеріне  сүйіспеншілігі  мен  сыйластығын  қалыптастыру.  Өзін,  өзінің 

қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу. Ересектердің балаға әрі – сыншы, әрі – қолдаушы 

екендігін ұғындыру. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын  айналадағы құбылыстарды 

тану  арқылы  жетіледі.  Қоршаған  ортамен  танысу  арқылы  баланың  тілі  дамиды. 

Қоршаған  ортаны  таныстыру  бойынша  балалар  өздерінің  аты-жөнін,  жасын, 

жанұясын,  балабақшадағы  тарбиешілер  мен  топтағы  балалардың  аты-жөнін  тани 

бастайды. 

Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып , топ , бөлме , асхана , дәрігер  

бөлмесі  ,  т.б.  айырмашылықтарын    ажырата    бастайды.  Сонымен  қатар  әр  бөлмеде 

жұмыс  түрін,  қажетті  құралдарды,  олардың  аты,  не  үшін  қажет  ,  неден 

жасалғаны,қайда?  кімде ? қандай?  кім не істейді?  Деген сұрақтарға  дұрыс  жауап  

беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы  әңгімелейді.  

Балалар әсіресе  ұл  балалар жағының  қызығы  көлік түрлері , яғни  ұшақ  ,  поезд 

, жеңіл , жүк машиналардың түрлі көлік  түрлерінің  міндеттерін  жақсы біледі.  Балалар 

бос уақыттарында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.    



 

106 


 

Қарапайым    экологиялық    түсініктерді    меңгерту    баланың  қоршаған    ортамен 

таныса  отырып,    танымдық    қызығушылығын    арттырумен    байланысты  болып  

табылады. 

Таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала  ересектерге 

еліктей  отырып  ойын  образдарын  жасай  келе,  белсенді  түрде  қимылдап,  қоршаған  

әлемімен танысады.  Айналасында болып  жатқан  барлық оқиғаларға назар аударып , 

мән  беріп,  ересектің  соңынан    сөйлемдер  мен  сөздер  қайталап  отырады.  Мысалы: 

заттардың қасиеттеріне ,  табиғатқа , жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылығын 

қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық , салқын 

, шай ыстық . Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға 

үйрету.    Заттармен  іс–әрекеттерді    орындау:  қуыршақты  киіндіру  ,  ойыншықтарды 

жинастыру , киімін тазалау , қоршаған ортадағы тәртәпсіздікті бақылау. Киімдердің 

атауын айта білуін жетілдіру.  Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну. 

Баланың танымдық  даму ойын барысында, табиғат пен құбылыстарға бақылау 

жасау, заттарды қарап , зерттеу кезінде, табиғат күн тізбесіндегі ауа райы жағдайын 

бақылау    нәтижелерін  айта білу, еңбек және басқа да  әрекеттер барысында жүзеге 

асада. 


Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  кезеңінде  баланың  танымдық  дамуы 

эмоционалдық  қызығушылықпен  қабылдайтын  қарым-  қатынастар    арқылы 

қалыптасады.  Әрбір  жеке  бала  –  қоршаған    ортаның  кішкентай  зерттеушісі.  Бала 

белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуен арқылы бақылау мен зерттеу 

сияқты  әдістер  балаға  неғұрлым  жақын  болып  табылады.  Серуен:  тәрбиешінің 

көмегімен  атқарылатын  іс-әрекет.  Серуен  барысында  балалардың  табиғатқа 

қызығушыықтарын арттыра отырып, бақылау жұмыстарын өткізу.  

Біріншіден, арнайы бағдарламаны пайдалану оқу-тәрбие  жұмысын  жоспарлау 

кезінде    жеңілдік  туғызса,  екіншіден,  бақылауды  жүргізуге  қойылатын  талаптар 

сақталады.  Балалардың    танымдық  құдіреттілікті  меңгеру,  бақылау  нәтижесі 

тәрбиешінің  қолданатын  әдіс-тәсілдері  мен  бақылауды    ұйымдастыруына  тікелей 

байланысты болып келеді. Қоршаған ортамен  таныстыруда  балалардың  бір-біріне 

деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір-біріне 

беру,  айтудан  бастауға    болады.    Мәселен:  -Сәлеметсіз  бе  балақайлар!  -Бүгін  күн 

қандай тамаша!  деген  жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп, көңіл- күйін бір сергітіп 

тастайды.    Tабиғатты    күтіп  баптау  ертеңгілік  қабылдаудан  басталады.  Ертеңгілік 

балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргізіледі. Балаларға 

гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінің, ал күтіп баптамаса 

оның солып, өліп қалатының әңгімелейді. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазы 

күндері  жердегі  құрт  -  құмырсқаларды  да    бақылап  оларға    тіспеуді  үнемі  айтып 

отырамыз.  Мысалы:  ағаштардағы  құрт-құмырсқаны  құстардың  жейтінін,  сөйтіп 

ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Кейбір 

балалар  суды ағызып ойнағанды ұнатады. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, 

ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, 

топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз. 

Ауа  туралы    балаларға  түсінік  бере  отырып,  оның  көзге  көрінбейтіні,  бірақ 

онымен  біздің,    басқа  да  тіршілік  иелерінің  дем  алатындығын  айту  қажет.  Ауа  таза 


 

107 


 

болмаса  ауыратындығымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың,  үйдің таза болуы, 

топта  ойыншықтарын жинау керектігі, кез-келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, 

кез  –  келген  нәрсені  жерден  алмау  керектігі  туралы  айтылып,  ескертіп  отырылады. 

Ауамен  дем    алатынымызды,  қандай  дене  мүшелерімізбен  дем  ала-алатынымызды, 

мысалы:  ауызды  басса  мұрынмен,  мұрынды  басса  ауызбен  дем  алатынымызды 

тәжірибе  жасау  арқылы  көрсету  қажет.  Мұндай  жаттығуды  балалар  өте  қызыға 

орындайды. 

Заттарды  қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын қалыптастыру. 

Заттардың  құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте ссақтау үйрету: 

киім,  ойыншықтар,  ыдыстар,  жануарлар,  құстар.  Қоршаған  ортадағы  құбылыстар, 

затармен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды жуу және жинаймен айналысқанды 

баланың өзіндік тілегін колдау қажет.  

Баланың жан-жақты дамуы, оның  қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы 

негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда  «Сезіну – танып білу – жүзеге асыру»  - осы үш 

бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап алудың 

маңызы зор.  

Қазіргі кезде экологиялық білім беру ЮНЕСКО деңгейінде  жүзеге асып отыр. 

Экологиялық  білім    мен    тәрбие  беруде  педагог  –  экологтардың    зерттеу 

жұмыстарының  маңызы  жоғары  .  Концепция  бойынша,  еліміздің    азаматтарына  , 

мектептерде, жоғарғы  оқу  орындарында экологиялық білім және  тәрбие беруге үлкен 

көңіл бөлініп отыр. 

Бүгінде білім беру саласының  алдында тұрған  міндет – жас ұрпаққа экологиялық 

тәрбие мен білім беру, баларды қоршаған ортаны қорғауға , табиғи ресурстарымызды    

ұқыпты  пайдалануға тәрбиелеу. Қазақстанда экологиялық  білім мен тәрбие беру білім 

беру  саласының  барлық  деңгейлерін    қамтып  отыр,  соның  ішінде  мектепке  дейіңгі 

білім  беру  саласы  да  бар.    Сондықтан,  біз  балаға  жастайыннан  экологиялық  білім 

беруіміз  қажет.  Осы  ретте,  балабақша  жасындағы    бүлдіршіндердің  санасында  

қоршаған  орта,  табиғи  құбылыстар  туралы  ұғым  қалыптастырғанымыз  жөн.  

Органикалық  дүние туралы ұғымдар балаға түсінікті қарапайым тілде жеткізілуі тиіс. 

Балаға табиғаттың күрделі екенің, өлі және тірі бөліктен тұратынын, тірі табиғаттың 

бір бөлшегі екенін ұғындыруымыз керек. Сонымен бірге адамзат өзінің іс – әрекеттері 

арқылы өзінің табиғатқа кері әсер етіп  жатқанын да бала білуі  қажет. Балабақшадағы 

экологиялық  білім  беру  тәжірибелік  бақылаулармен  ұштастыра  жүргізілсе  ғана 

нәтижелі болмақ.  

Халық  даналығынан  туған  «Орман  –  жер  сәулесі,  ел  дәулеті»,  «Атаңнан  мал 

қалғанша, тал қалсын », «Күте білсең, жер жомарт», т.б.  аталы сөздер бала құлағына 

жастайынан  сіңіп,  ұлттық  рухын  қалыптастырады.  Табиғат  сұлулығы    рухани 

қайырымдылыққа  тәрбиелеуде  үлкен  рөл  атқарады,  яғни,  баларды  мейірімділікке, 

адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Бала  үшін табиғат 

– бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорының байыту көзі. Бұл 

–  балалардың  сөйлеу  және    ойлау  қабілетінің  дамуына  ең  қолайлы    және  пайдалы 

фактор.  Табиғат  баланың  тұлғалық  қалыптасуына  зор  ықпал  етеді.  Баланың  қандай 

болып өсуі – бізге, яғни ересектерге байланысты. 



 

108 


 

Біздің  елімізде  адамдардың  құқықты  білімін  көтеру,  елбасының    стратегиялық 

бағдарламасын насихаттауда атқарылып келе жатқан жұмыстар өте мардымсыз. Егер 

халықтың белгілі бір  саладағы білімі нашар болса, онда  бұл салада сөз қозғаудың өзі 

бекер. Ал халықты сауаттандыру үшін экологиялық білім,  қоршаған ортамен достық 

қарым-қатынаста  болуға  жас  жеткіншектерімізді,  яғни  мектепке  дейінгі 

балдырғандарды жеке тқлға  ретінде өмір сүруге қадам басуға біз жетелейміз. «Ұяда 

не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  дегендейолардың  тәй  –  тәй    басқан  алғашқы 

қадамыдарын құрыс жолға салу ата – анамен тәрбиешілердің басты міндеті. Ендеше 

қоғам болып «Экологиялық білім мен тәрбие беру» тұжырымдамасын  басшылыққа 

алғанымыз жөн. 

Экология  тақырыбын  насихаттауда  бұрын  істеліп  келе  жатқан  жұмыстың  өзі  соңғы 

кезде  саябырсып  кетті.  «Ойды  ой  қозғайды»демекші  болашақ  табиғатты  қорғаушы 

экологтар  ретінде  жас  жеткіншектердің  келешегі,  біздің  болашағымыздың  тағдыры 

бізді ойландыру керек. Осыны айта келіп, келешегімізді, болашағымызды ойласақ  – 

экология  пәні  балабақшадан  басталып,  мектеп  курсынан  жалғасын  табу  қажет  деп 

санаймыз. Сондықтан – қоршаған ортада ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін түсіндіре 

отырып,  оны  экологиямен  байланыстыру  арқылы  балаларды  қоршаған  ортаны  таза 

ұстап, табиғатты аялауға баулимыз. 

Балабақшаның негізгі міндеті – дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да 

инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін 

арттыру,  әрі  баулу.  Балаға  табиғаттағы  әрбір  өсімдікті  таныстыру,  көрсету  арқылы 

ғана  экологиялық  тәрбие  бере  аламыз.  Қорыта  келе  айтарым,  балабақшадан  бастап 

қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиеленген бала келшекте табиғат қамқоршысы 

болатыны сөзсіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет