Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет12/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96

 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Отбасы және балабақша №1.2015 қаңтар – ақпан 

2. М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж) 

3.  Ү.Тұрғынтаева,  «Халық  даналығы-адамгерішілік  тәрбие  құралы.  Отбасы  және 

балабақша» (2001ж) 

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА АГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН - АЛУ 



ЖОЛДАРЫ 

 

Акыжанова М.С. 



№ 108 «Арман» балабақшасы КМҚК 

 

Ата-анадан өсіп ұрппақ таралған, 

Жақсы, жаман болса бала солардан. 

Ж. Баласағұни 

Соңғы  жылдары  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  саяси  өзгерістер,  адамдар 

санасындағы  ерекшеліктер  көптеген  мәселелерді  қайта  қарауды  керек  етіп  отыр. 

Мұндай  мәселелер  балабақша  оқу-  тәрбие  үрдісінде  де  кездеседі.  «Тұлғаны  жан- 



 

109 


 

жақты  тәрбиелеу  үшін оны  жан-  жақты  білу  керек»-  деп  К.Д.  Ушинский  айтқандай 

бүгінгі заман талабы психологиялық қызметті жолға қоюды күн тәртібінен түсірмейтін 

мәселе  ретінде  қарауды  қажет  етеді.  Қоғамның  бүгінгі  таңдағы  жағдайы  адамның 

жүйке жүйесіне, психикасына түсетін ауыртпалықты, әлеуметтік стресті күшейтуде. 

Соның  салдарынан  кішкентай  балалардың  психскасы  зардап  шегуде,  себебі  мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  психикасы  тұрақсыз,  тез  әсерленгіш,  жараланғыш  болып 

келеді. Біз үшін кез- келген нәрсе ұсақ болып көрінгенмен, бала ренжиді, ашуланады, 

өйткені бала үшін қолайлы әрекет агрессия. Әсіресе, егер бала өзінің қажеттілігіне қол 

жеткізе алмаса агрессиялық әрекет жасайды. 

Ата-  аналар  баламен  қарым-  қатынас  жасаған  кезде  туындаған  қиындықтарға 

кезіге  отырып,  көбіне  бала  өсіп  есейген  жағдайда  өзін  қалай  ұстау  керектігіне 

үйренеді, осылайша барлық қиындықтар өзінен өзі жоғалады деп ойлайды. Бірақ кейде 

балаға  ықпал  ету,  оның  бойында  жақсы  қасиеттер  тәрбиелеу  мүмкіндігінің  уақыты 

өтіп  кетіп  жатады.  Егер  де  ата-  аналар  бала  туған  сәттен  бастап  оның  тәрбиесімен 

айналыспаса білімді, педагогикалық мәдениеті биік ата- ана болуға тырыспайтн болса, 

онда ол өз сәбиінің жеке ерекшеліктерін түсініп, ескермейтін болады. Баланың есею 

кезінде  кездесетін  қиындықтармен  күресуге  күш-  жігерлері  жетпейді.  Дегенмен 

мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  бойында  пайда  болған  эмоционалдық 

реакциялар және мінез- құлықтық модульдер кейіннен мінез- құлықтың сипаттамасы 

мен жеке тұлғаның мінездемесіне айналары сөзсіз. Дана халқымыз «баланы жастан» 

деп текке айтпаған болар.  

Агрессивтік мінез- құлық мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында ең көп 

тараған  ауытқушылықтардың  бірі.  Күнделікті  жағдайда  балалар  арасында  әр  түрлі 

қарым- қатынастар орнап жатады: балалар ұрысысады, төбелеседі, достасады. Барлық 

осындай қатынастар балаларды уайымға салады, әр түрлі эмоцияларды бастан өткізеді. 

Ал, үлкендер мән бермей қалуы мүмкін. Олардың қандай сезімде қалғанын, қарым- 

қатынасы  қай  деңгейде  екенін  түсінбеуі  мүмкін.  Баланың  құрдастарымен  құрған 

алғашқы  қарым-  қатынасы  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  негіз  болады.  Осындай 

мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым- қатынастың проблемалық түрлерін 

анықтау  және  балаға  оны  жеңіп  шығуға  көмектесу  педагог-  психологтың  негізгі 

міндеті  

Агрессия-  қоршаған  ортадағы  адамдарға  зиян  келтіру,  тұрақты  жағдайларға 

қарысы  тұратын  мінез,  адамдарға  психологиялық  немесе  физиологиялық  тұрғыдан 

зиян келтіруші күш. Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала- ата- ананың 

ғана  емес,  педагогтар  мен  психологтардың,  ең  бастысы  бүкіл  қоғамның  көкейкесті 

мәселесі. Балада агрессивтіктің пайда болуына көптеген факторлар ықпал етеді.  

Оларың ішіндегі ең маңыздылары:   

-

 

Отбасындағы тәрбие стилі 



-

 

Орталық нерв жүйесінің ауруы 



-

 

Шамадан тыс бақылау немесе бақылаудың мүлде болмауы 



-

 

Бала еркіндігіне жол бермеу 



-

 

Қозғалыс белсенділігіне тыйым салу 



-

 

Агрессиялы психологиялық қорғаныс құралы 



 

110 


 

Көптеген ғалымдар мен тәжірибешіл ұстаздардың пікірінше, оларың отбасылық 

ортасы  мен  тәрбиелеу  стилі  басты  фактор  болып  саналады:  эмоционалдық 

қатынастардың  сипаты,  қабылданған  мінез-  құлықтардың  нормалары,  баланың  кез 

келген  қылықтарына  қатысты  ата-  аналардың  іс-  әрекеті.  Егерде  ата-  ана  өздерін 

агрессиялы ұстап, дене жазасын пайдаланатын болса немесе балада агрессияның пайда 

болуына кедергі жасамайтын болса, онда бұл қылықтар кеңінен таралады және оның 

тұрақты  мінезіне  айналуы  мүмкін.  Сондықтан  да  агрессиялы  баласы  бар  отбасы, 

жалпы әр нәрсеге үлкен көңіл бөлуі керек. 

Агрессиялықты жою үшін төмендегі кеңестерді ұстану қажет:  

- Отбасылық қарым- қатынасты қалыпқа түсіру 

- Баланы қандай болса, сондай түрінде қабылдау, кемшіліктерімен қоса жақсы көру 

- Балаға талап қоярда, оның жас ерекшелігі мен жеке ерекшелігін ескеру 

- Баланың қызығушылығын басқа арнаға жіберу 

- Басқалармен қарым- қатынас жасауға үйрету 

- Баланы түсіне білу 

Агрессиялы балалармен түзету жұмысы 4 бағытта жүргізілуі керек: 

1.  Агрессиялы  балаға  ызасын  көрсетуін  ыңғайлы  түрде,  оны  ойын  арқылы  затқа 

ауыстыру жолдары 

2. Әр түрлі жағдайларда баланы өзін- өзі ұстай білуге үйрету 

3. Жанжал шығару кезінде, жағымды дұрыс жолдарды қарастыру 

4. Басқаға деген сенімділік қасиеттерін дамыту 

Балалар жеткілікті дәрежеде өсіп, бір- бірімен ойнауға икемді болғаннан бастап 

агрессия орын алады. Мектепке дейінгі жастағыларда агрессиялық әрекет- итеру, тебу, 

тістеу,  ойыншықты  тартып  алу  әрекеті  түрінде  кездеседі.  Агрессияның  кең  тараған 

түрі-  шатақ  шығару,  бұл  кездегі  әрекет  мақсаты-  біреуге  әдейі  барып  тиісу.  Бала 

ешқандай себепсіз өзге баланы итереді немесе мазақтайды. Инстурменталды агрессия 

түрінде бала өзіне қажетті мақсатқа жету үшін қолданады. Реактивті агрессия түрінде 

бір  баланың  әрекеті  екінші  баланың  ашу-  ызасын  туғызады.  Мұның  бәрі  қалыпты 

жағдай.  Егер  баланың  ашу-  ызасын  үнемі  басып  тастасақ,  ол  жиналып  есейген 

шағында әртүрлі формада психосоматикалық белгілері болуы мүмкін немесе әртүрлі 

аурудың себебіне айналуы мүмкін. Бала аяқ астынан агрессивті әрекет көрсетпейді. Ол 

біртіндеп, ақырындап жиналады. Бала өзінің дегенін, қажеттілігін жасату үшін белгілі 

бір кезеңге дейін ең алдымен сыпайы, жұмсақ жай түрде көрсетеді. Бірақ үлкендер мән 

бере қоймайды, тек баланың тәртібі анық бұзылғанда ғана көңіл бөледі. Агрессияның 

шығу  себебінің  ең  бастысы  айналасындағылармен  сәтсіз  қатынаста  болуы:  ата- 

анасымен, педагогтармен, балалар ұжымымен. Осындай сәтсіз қарым- қатынас болған 

кезде бала өзін ешкімге қажет емеспін деп санайды.  

Өз  тәжірибемде  зерттеу  қорытындылары  көрсеткендей  баланың  бойында 

агрессиялық әрекеттің болуына ең алдымен ата- анасы мен туған туысқандар себепші. 

Көпшілік  ата-  ана,  отбасының  басқа  да  мүшелері  баланың  агрессиялық  әрекетін 

тоқтату мақсатында қорқыту, ұрып- соғу әдісін қолданады. Мұндай әдіс агрессияны 

тоқтатуға күші болғанымен, дене жазалауының өзі бала үшін үлгі, дене жазалауына 

бала басқа балаларды «бағындыру құралы» ретінде қолданғысы келеді. Агрессияның 

себептерінің  бірі  теледидар  көру  деп  айтуға  болады.  Үй  жағдайында  балалардың 


 

111 


 

қандай  мультфильмдер  көретіні  белгісіз,  сондықтан  да  ата-  аналар  балаларының 

көретін дүниелерін үнемі бақылап, өздері таңдап берулері тиіс. Қазіргі заман әрекетіне 

бағытталған тренингтер өткізу де өте тиімді деуге болады. Тренинг балалармен ойын 

түрінде  ұйымдастырылады.  Агрессивті  балалармен  әрқашан  өзара  жылы  қарым- 

қатынас  түзеу  және  агрессия  түрлерін  ойын  арқылы  шығару  керек.  Ертегілер  мен 

өлеңдерді саханалау балаларды бір- бірімен жақындасуға, бір- бірімен сыйластықпен 

қарым-  қатынас  жасауға  үйретеді.  Мысалы:  «Бауырсақ»  ертегісінде  бала  екі  рөлді: 

бауырсақ  және  түлкіні  ойнауы  қажет.  3-  4  жастағы  балалар  үшін  тақпақ  түріндегі 

ертегілер тиімді, 4- 5 жастағылар үшін қысқа ертегілер мен әңгімелерді тыңдаған жөн. 

5-  6  жастағы  балаларға  ысқақ  әңгіме,  өлең,  тақпақтарды  қолданған  тиімді  болып 

келеді.   

Тренинг мынадай жаттығуларды қамтиды: 

«Бөліс»-  балаларға  ойыншық  пен  әткеншектегі  орынмен  бөлісуді  ұсыну  керек; 

кіммен кедергісіз бөлісетінін бақылау қажет. 

Жыласа, ойыншығын өзге біреу алып қойса оған аяушылық көрсетуін ұсыну. 

«Күлдіргіш»-  балалар  арасынан  «еш  күлмейтін»  баланы  таңдап,  қалғандарына  оны 

күлдіруді ұсыну. 

«Қорға»-  өз  досын  ертегідегі  жағымсыз  кейіпкерлерден,  жаңбырдан,  қардан, 

желден  қорғауды  ұсыну.  Психологиялық  ойындар  бала  бойын  тек  агрессиядан 

жеңілдетіп  қана  қоймай,  бала  белсенділігі  мен  қызығушылығын  арттырып,  таным 

процестерінің  да  дамуына  мүмкіндік  жасайды.  Тұлғалық  құнды  қасиеттерінің  де 

жетілуіне себеп бола алады.  

Қорыта келе, мен өз жұмысымда осы кеңестер мен ойындарды қолдана отырып, 

бұл ойындар бала бойындағы агрессияны жойып қана қоймай, оның жас ерекшелігіне 

сай  дамып  жетілуіне  көмектесетініне  көзім  айрықша  жетті  деуге  болады.  Дарынды 

психолог әрі педагог Ж. Аймауытов «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, 

мұғалім  адамның  ақылын,  мінезін,  жанын  сауықтырады»  деген  қағидасын  ұстана 

отырып, өркениетті заманда жас ұрпақты тәрбиелеуде, педагог мамандармен бірлесе 

отыра жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болу жағын қарастырған жөн.  



 

Әдебиеттер: 

1.  Ақшолақова  Ж.  Е.  Блалабақша  психологялық  қызыметін  ұйымдастыру.  Ақтөбе, 

2009 жыл  

2. Жұмабаев М. «Педагогика» Алматы, Ана тілі.  1992 жыл. 

3. Қызықты психология журналы, №11- 2013 жыл. 

4. Қызықты психология журналы, №11- 12- 2015 жыл. 

 

   



 

БАЛА — БОЛАШАҒЫМЫЗ, ТІРЕГІМІЗ 

 

Алдиярова А.У., Шуваева Л.Ю. 



«Еркетай» балабақшасы КМҚК 

 

«Балалы үй-базар» деген сөз бар. Бала — адамның бауыр етінен жаралған деп те 



 

112 


 

айтаты- ны бар халықтың. Осынау фәлсапалық мәнді қағидаға ой жіберсек, баласыз 

өмірдің  қараң  қызығы  шамалы  екенін  түсіну  қиын  емес.  Тағдырдың  ісімен  баласыз 

қалу (оның беті әрі бол- сын) бір сәрі де. Нәресте сүю жасындығылардың тұрмыстың 

ауырлығын,  экономик-  алық  қиыншылықты  көлденең  тартып,  бала  тууды  шегеріп, 

немесе бір, не екі баланы місе тұтып, шектеп қоюы белең алғаны көпшілікке аян. Бұл 

жағдайды  өтпелі  кезеңдегі  қиыншы-  лыққа  байланысты  уақытша  құбылыс  деп  те, 

кешегі  кеңес  дәуірінде  қоян-қолтық  араласқан  басқа  ұлт  әйелдеріне  еліктеу  деп 

түсінуге болар. Ғалымдардың дәлелдеуінше екі бала ата-анасының ғана орнын басады 

екен. Ендеше осы шектеулерді тоқтатпаған жағдайда халқы- мыздың санының өсімі 

азая  беретін  сөзсіз.  Бұл  —  көпшілікті,  әсіресе  жас  отбасыларын  ойландыра-  тын 

жағдай. Әрине, барлық отбасыларының тұрмыс деңгейі бірдей еместігі ақиқат. Үйсіз 

— күйсіз, жұмыссыз, тапқаны тамағына жетпей жүргендерде аз емес. Оларды өмірге 

бала әкелмедің деп кінәлаудан аулақпыз. Дегенмен, соңғы бір-екі жылдан бері еліміз- 

дің әлеуметтік — экономикалық жағдайы күннен-күнге көтеріліп, халықтың тұрмыс-

тіршілі- гі де жақсарып келеді. Ендігі жерде өтпелі кезеңнің қиындығы артта қалды деп 

есептеуге болады. Тыныш  — тық болса, бұдан былай да еліміздің қарышты қадамы 

нығайып, ілгері, өркениетті ел қатары- на қосылуына күмән тудырмайды. Елбасымыз 

Нұрсылтан  Назарбаев-  тың  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында  2020  жылға 

дейін халықымыздың санын  20 миллионнан асыру керек екенін және ол үшін ана мен 

баланың әлеуметтік жағдайын жақсар- тып, денсаулығына ерек-ше мән беру жөнінде 

аса құнды пікір айтты.  

Бұл  жаңалықты  халқымыз  қуанышты  жағдайда  қолдап,  қабылдағаны  белгілі. 

Елбасы- мыз халықтың санын өсірудің нақтылы жолын да белгілеп берді. Соның бірі 

— аналарға деген құрметті асқақтатып, денсаулықтарын жақсартуды үнемі назар ұстау. 

 Халықтың  өсімі  негізінен  тұрғылықты  қазақтардың  есебінен  деп  есептелсе, 

олардың негізгі ауылдарды мекендейді. Алдағы үш жылды ауыл жылы атап, арнайы 

бюджеттен қаржы бөлініп, ауыл экономикасын көтеру ісіне мемлекет тарапынан көңіл 

бөлінуі де жоғар- ыдағы мақсаттың жүзеге асуына қолқабыс жасары анық. 

Атам  заманнан  нешеме  зобалаңды  бастан  кешкен  қазақ  халқының  ұлттық 

қасиетіндегі бір ерекшелігі ұрпақ жалғасын бір сәт те естен шығармағаны. « Атадан ұл 

туса игеді, ата жолын қуса игеді» деген нақыл да осы мақсаттан тумасына кім кепіл? 

Жұбан ақын жырла- 

ғандай «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың ықылым заманнан бері санай бастасақ 

жүзде-ген,  мыңдаған  ұлы,  дана,  бір  туар  адамдарды  дүниеге  әкелгенін,  тарихта 

олардың  көбісінің  есімі  алтын  әріппен  жазылғанын  ұмытуға  хақымыз  жоқ!  Мүмкін 

мұның сыры қазақ халқы-  ның жеті атаға толмай қыз алыспау салтын сақтаған ұлттық 

ерекшелігіндегі болар? Аталас, бір қаннан тарағандар емес, басқа рідан некелесуден 

туған  ұрпақтың  адами  қасиеттерінің  сапалы  сапалы  болуын  медицина  ғылымы  да 

дәлел  дегені  көрінеді.  Сол  сапалы  қасиетімізден  жаралған  жас  ұрпақты  бұл  күнде  

маскүнемдіктен,  нашақорлықтан,  қатігездіктен,  имансыз-дықтан  сақтай  білу  де  зор 

міндет  болып  тұр.  Мұндай  аса  қауіпті  індеттен  арылмайынша  хал-ықтың  санының 

өсімін арттыру да оңай емес. Бұл да ел болып ойланатын жағдай. 

Халқымыздың  санының  өсіп-өркендеуін  көздеу  еркіккеннен  туған  ой  емес, 

уақыттың, заманның өзінен туындап отырған құбылыс деп едім. Атыраудан Алтайға 


 

113 


 

дейін  көсіліп  жат-қан  кеңбайтақ  жеріміз  бар.  Оның  асты-үстіндегі  әлем  жұртының 

сілекейін    шұбыртып  отыр-  ған байлығымыз бар.  Ендеше сол  кеңбайтақ  жерімізбен 

байлығымызға  ие  болар,  сырт  көзден  корғар,  оларды  өндіріп  халық  игілігіне 

айландырар ұрпақ өсіп жетілуі тиіс емес па? 

Ендеше сол ұрпақты дүниеге әкеліп қана қою аз. Оны өсіріп жетілдіруге уақыт 

талабы-на сай жан-жақты тәрбие беруге көп жағдай керек екені айтпаса да түсінікті. « 

Бес  саусақ  бірдей  емес»  дегендей  балаға  берілетін  үйдегі  тәрбие,  оған  мән 

бейқамдықпен  қарайтындар  аз  ба?  Оған  қоса  маскүнемдікке  салынған,  өз  төсегінен 

жерінген  әкелер,  тастанды  сәбилердің  көзін  жәудіреткен  көбелек  шешелер  азаймай, 

ұрпақ алдындағы жауапкершілікті жолға қою шешіле қояр ма екен? 

Ата-аналар  бала  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілін  білу  жөніндегі  білімін  арттыру, 

баланың  ден-  саулығын  қадағалау,  мектепке  дейінгі  сәбилерді  арнайы  ғылымға 

негізделген  әдіспен  білім  мен  тәрбие  беретін  балабақшаларға  беріп,  мектепке  жан-

жақты  дайындықпен  апару  сияқты  аса  қажет  жауапкершіліктерге  бейқамдықпен 

қарамай, зор мән бергені жөн дер едім. Сонда ғана заман талабына сай ұрпақ өсіріп, 

халқымыздың санын көбейте аламыз. 

 

1. Журнал «Балабақша және отбасы» 2008 жыл. 

2. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті п.ғ.п, доценті Жұмабека Ф.Н 

докладынан 

3. Журнал « Мектепке дейінгі тәрбие» 2011 жыл. 

 

 

ЗНАЧЕНИЕ ТЕАТРАЛИЗОВАННЫХ ИГР В РАЗВИТИИ ДОШКОЛЬНИКОВ 

 

Александрова Ю.И. 

КГКП детский сад «Алпамыс» 

 

Художественно-творческие способности являются одним из компонентов общей 

структуры личности. Развитие их способствует развитию личности ребёнка в целом. 

Именно  театрализованная  деятельность  является  уникальным  средством  развития 

художественнно-творческих  способностей  детей.  Решение  задач,  направленных  на 

развитие  этих  способностей,  требует  определения  иной  технологии,  использования 

театральных методик и их комбинаций в целостном педагогическом процессе. 

Творческие  способности  у  детей  проявляются  и  развиваются  на  основе 

театрализованнной  деятельности.  Эта  деятельность  развивает  личность  ребёнка, 

прививает устойчивый интерес к литературе, музыке, театру, совершенствует навык 

воплощать в игре определённые переживания, побуждает к созданию новых образов, 

побуждает  к  мышлению.  Существует  проблема,  волнующая  многих  педагогов, 

родителей, психологов: у одних детей возникают страхи, срывы, заторможенность, а у 

других, наоборот, развязанность и суетливость.  

У детей часто отсутствует навык произвольного поведения, недостаточно развиты  

память,  речь,  внимание.  Самый  короткий  путь  эмоционального  раскрепощения 

ребёнка, снятия зажатости, обучения сочувствию и художественном воображению  - 


 

114 


 

это  путь  через  игру,  фантазирование,  сочинительство.  Всё  это  может  дать 

театрализованная деятельность. Являясь наиболее распространённым видом детского 

творчества, именно драматизация, связывает художественное творчество с личными 

переживаниями, ведь театр обладает огромной силой воздействия на эмоциональный 

мир ребёнка. 

Театрализованная  деятельность  позволяет  решать  многие  задачи  программы 

детского  сада:  от  ознакомления  с  общественными  явлениями  до  формирования 

элементарных знаний физического совершенства. 

Разнообразие 

тематики, 

средств 


изображения, 

эмоциональности 

театрализованной  деятельности  дают  возможность  использовать  их  в  целях 

всестороннего  развития  личности  и  развития  творческих  способностей.  А  умело 

поставленные вопросы при подготовке к театрализованной деятельности, побуждают 

их думать, анализировать довольно сложные ситуации, делать выводы и обобщения. 

Это  способствует  совершенствованию  умственной  речи.  В  процессе  работы  над 

ролью,  над  выразительностью  реплик  персонажей,  собственных  высказываний 

незаметно  активизируется  словарь  ребёнка,  «совершенствуется  звуковая  сторона 

речи». 


В  театрализованной  деятельности  действия  не  даются  в  готовом  виде. 

Литературное действие лишь подсказывает эти действия, но их ещё надо воссоздать с 

помощью движений, мимики, жестов. Ребёнок сам выбирает выразительные средства, 

перенимает от старших. 

Тематика  и  содержание  театрализованной  деятельности,  как  правило,  имеют 

нравственную направленность, которая заключена в каждой сказке. Ребёнок начинает 

отождествлять  себя  с  полюбившимся  образом,  перевоплащается  в  него,  живёт  его 

жизнью.  Поскольку  положительные  качества  поощряются,  а  отрицательные 

осуждаются, то дети в большинстве своём, хотят подражать добрым честным героям. 

А одобрение взрослым достойных поступков, создаёт у них удовлетворение, которое 

служит стимулом к дальнейшему контролю за своим поведением. 

Эстетическое  влияние  на  детей  оказывает  выполненное  со  вкусом  оформление 

спектакля. Активное участие ребят в подготовке атрибутов, декораций развивает вкус, 

воспитывает чувство прекрасного.  

Театрализованная деятельность - это наименее разработанный раздел в системе 

художественного  воспитания  дошкольников,  который  характеризуется  отсутствием 

единой целостной методики и образовательной технологии, отвечающей современным 

требованиям. По этой причине сложно ответить на вопросы: С какого возраста можно 

обучать  детей  театральной  деятельности?  Чему  учить  и  как  учитывать  возрастные 

особенности? Ответы на эти и другие вопросы следует искать в положительном опыте 

театральной  педагогик  накопленной  К.С.  Станиславским,  П.М.Ершовым,  Н.И.Сац, 

Р.М.Быковым.  Секрет  эффективности их  методики  прежде  всего  в  сближении  игры 

актёра  и  игры  ребёнка,  основанной  на  вере  в  правду  вымысла,  искренности  в 

переживании и воплощении, на активном творческом воображении. 

Содержание занятий по театрализованной деятельности включает в себя: 

-просмотр кукольных спектаклей и беседы по ним; 

-игры-драматизации; 


 

115 


 

-подготовку и разыгрывание разнообразных сказок и инсценировок; 

-отдельные упражнения по этике; 

-упражнения в целях социально-эмоционального развития детей. 

Занятия по театральной деятельности выполняют ряд функций: познавательную, 

воспитательную  и  развивающую.  Их  задачей  является  не  только  подготовка  к 

спектаклям.  Содержание,  формы  и  методы  проведения  данных  занятий  должны 

преследовать одновременное выполнение трёх основных целей: 

-развитие речи и навыков театрально - исполнительской деятельности; 

-создание атмосферы творчества; 

-социально-эмоциональное развитие детей. 

Огромную  роль  в  организации  театрализованной  деятельности  играет 

воспитатель, умело направляющий данный процесс. Необходимо, чтобы воспитатель 

не  только  выразительно  читал  или  рассказывал  что-либо,  умел  смотреть  и  видеть, 

слушать  и  слышать,  но  и  был  готов  к  любому  превращению,  т.е.  владел  основами 

мастерства, а также совершенствовать театрализованную деятельность детей. 

Ни  в  коем  случае  нельзя  применять  никакого  давления,  сравнения,  оценки, 

суждения.  Наоборот  необходимо  предоставить  детям  возможность  высказаться, 

проявить внутреннюю активность. Педагог должен строго следить за тем, чтобы своей 

актёрской активностью и раскованностью не подавить робкого ребёнка, не превратить 

его только в зрителя. Нельзя допустить, чтоб дети боялись выходить на сцену, боялись 

ошибиться.  Недопустимо  деление  на  артистов  и  зрителей,  т.е.  на  постоянно 

выступающих и постоянно остающихся смотреть как играют другие. 

В соответствии с этим перед воспитателем встают следующие задачи: 

понять, разобраться в том, что чувствует ребёнок, на что направлены его переживания, 

насколько они глубоки и серьёзны, помочь ребёнку полнее высказать, проявить свои 

чувства,  создать  особые  условия,  в  которых  может  развернуться  содействие 

персонажам произведений. 

Занятия по театрализованной деятельности проходят в двух направлениях: 

-освоение  детьми  основ  актёрского  мастерства  в  процессе  выполнения  упражнений 

творческого характера; 

-освоение  детьми  технических  приёмов,  характерных  для  различных  видов 

театрального искусства. 

В  процессе  реализации  комплекса  занятий  по  театрализованной  деятельности 

решаются следующие задачи: 

-развитие творческих способностей и творческой самостоятельности дошкольника; 

-воспитание интереса к различным видам творческой деятельности; 

-овладение импровизационными умениями; 

-развитие всех компонентов, функций и форм речевой деятельности

-совершенствование познавательных процессов. 

Для того, чтобы все дети были вовлечены в работу, рекомендуется использовать 

разнообразные приёмы: выбор детьми роли по желанию, назначение на главные роли 

наиболее  робких,  застенчивых  детей,  распределение  ролей  по  карточкам, 

проигрывание  ролей  в  парах.  Во  время  занятий  необходимо  выслушивать  ответы  и 

предложения детей. Наибольший эффект дают такие методы развития творчества, как: 


 

116 


 

постанова проблемы или создание проблемной ситуации, создание креативного поля, 

переход игры на другой, более сложный творческий уровень, упражнения, этюды. 

Таким  образом  в  театрализованной  деятельности  поощряется  инициативность 

гибкость  и  самостоятельность  мышления,  творчество  детей.  Развитие  творческих 

способностей  в  контексте  театрализованной  деятельности  способствует  общему 

психологическому  развитию,  возможностям  нравственно-эстетического  воздействия 

на детей со стороны педагога.  

Театрализованная  деятельность  -  это  вариативная  система,  позволяющая 

формировать способности к анализу и синтезу, комплексно воздействовать на детей в 

вербальном и не вербальном плане. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет