Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



Pdf көрінісі
бет14/96
Дата08.01.2017
өлшемі14,44 Mb.
#1410
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96

 

Ағаштан ағаш рең алса,адамнан адам тәлім алады демекші - ата-бабамыздан бізге 

жеткен  қазақтың  халық  ойындары  күнделікті  заманымызға  сай  ұрпақ  тәрбиелеуде 

пайдасы өте  зор.  Осы ойын  түрлерін мектепке дейінгі мекемеде  үзбей  тәлім-тәрбие 

ісіне  пайдаланып  келеді.  Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,ойлай  да  білмейді», 

«Ойында  озған,өмірде  де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке 

жасындағы  баланың  ойынға  деген  құлқы,қарым-қатынасы,мінез-құлқы  көріністері 

олар өсіп-есейгенде де жалғаса береді.Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, 

өткенмен  бүгінді  байланыстыратын  баға  жетпес  байлығымыз,асыл  қазынамыз. 

Сондықтан оны үйренудің,күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ 

тәрбиелеуге пайдасы зор.                                                                                                

Рухани-адамгершілік тәрбие – өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын,ұйымдағы қарым-

қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын  қалыптастырады.  Жеке  адамның  адамгершілік 

санасының  дәрежесі  оның  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін  анықтайды.Сананың 

қалыптасуы  бала  мектепке  бармастан  бұрын,  қоғам  туралы  алғашқы  ұғымдарының 


 

132 


 

қалыптасуынан,  жақын  адамдардың  өзара  қатынасынан  басталады.  Баланы  жақсы 

адамгершілік қасиеттерге,мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың 

әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. 

Ұлтымыздың  қимыл-қозғалыс  ойындары  өзінің  мазмұны  мен  көлемі  жағынан 

тәрбиелік  әрекет  болып  табылады.  Ұлттық  ойындарды  игере  отырып,  қимыл-

дағдыларды тірек ететін әр алуан ойын қимылдары қолайлы дәлдікпен қалыптасқан 

ерекше ептіліктен көрінеді. 

Адамгершілік  –  адамның  рухани  байлығы,болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне 

бөлейтін  руханият  дәуіріне  жаңа  қадам.Адамгершілік  тәрбиенің  нәтижесі  адамдық 

тәрбие  болып  табылады.  Ол  тұлғаның  қоғамдық  бағалы  қасиеттері  мен  сапалары, 

қарым-қатынастарында  қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты 

белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы,іс-әрекеті, қарым-қатынасы, 

көзқарасымен сипатталады. 

Қимыл-қозғалыс  ойындары  тірек-қимыл  аппаратын  дамыту  және  жетілдіру 

жолымен 


ағзаны 

күшейтуге 

көмектеседі. 

Ұлттық 


ойындар 

балаларда 

әдептілікке,ұқыптылыққа,тәртіпке,әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. 

Дәстүрлі  таным-түсініктен  туындайтын  қазақ  халқының  ұлттық  ойындары-

баланы  іс-әрекетке,  адамгершілік  әдептерді  игеруге,  ақыл-ойын  желілдіруге, 

отансүйгіштікке  баулуда,  салауатты  өмір  сүруге  тәрбиелеуде  теңдесі  жоқ  құрал. 

Балалар  ойындарында  жас  ерекшелік,  физиологиялық  дамуына  үйлесімді  қимыл-

қозғалыс,  тіл  ұстарту,  сөздік  қорды  молайту  жағынан  өте  бай  және  педагогикалық 

заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау, 

шыныққан бала  әкелуі  жөніндегі өз  ұрпақтарына қалдырған  үлкен де бай  мұрасы  – 

ұлттық  ойындар.  Ежелден  «Адам  ақылымен  сымбатты,  ұрпағымен  қымбатты»  деп 

санаған  халқымыз  тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  туған  ұлттық  ойындарды  бала 

тәрбиесіне  лайықтап,  шебер  пайдалана  білген.  Балалық  кездегі  ойынды  тәрбие 

мәселесінен бөліп қарауға болмайды. 

Ұлттық  қозғалмалы  ойындарымыз  баланың  ақыл-ойын,  қиялын,  есте 

сақтағыштарын, тапқырлығын дамытуға көмектеседі. 

Ұлттық  ойындар:  айгөлек,  ақсерек-көксерек,  ақсүйек,  алакүшік  алтыбақан, 

ақшамшық,  арқан  аттау,  арқан  тартпақ,  асық,  аттамақ,  әйкел,  әуетаяқ,  батпырауық, 

белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-

теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген 

орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. 

түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, 

сымсыз  телефон,  сыңарын  табу.  Сондай-ақ  қазақтың  ұлттық  ойындарының  ішінде 

«қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. 

1. «Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. 

Ойынның  шарты  бойынша  балалар  екі  топқа  бөлініп,  араларын  жиырма  қадамдай 

ашып,  тізіліп,  қол  ұстасып  тұрады.  Бірінші  топ:  ақсерек,  көксерек,  шауып  алдым 

бәйтерек. 

Ақсерек, көксерек, 

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді: 

Ақсерек, көксерек, 


 

133 


 

Сізден бізге … (баланың аты) керек. 

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі 

керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала 

береді.  Қай  топта бала  көп  болса,  сол топ жеңеді.  Балалар  ептілікке,  бірлікке,  тобы 

үшін  намыстанып,  жеңіске  талпынуға  үйренеді.  Дене  тәрбиесі,  сергіту  сәттерінде 

пайдаланылады.  Кейде  сабақтарымда  бұл  ойынның  сәл  өзгертілген  түрі 

пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған 

бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай 

алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді. Бала тапсырманы қызыға орындайды. 



2.«Соқыртеке».  Ойыншылар  дөңгелене  тұрады.  Ортаға  орамалмен  көзі 

байланған  баланы  –  «Соқыртекені»  шығарады.  Шеңбер  бойы  тұрған  балалар 

«соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы 

тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» 

айналып,  ойын  жалғаса  береді.  Осы  ойынды  балалар  көбірек  ойнауға  тырысады. 

Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, 

сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын 

қалыптастыруға көмек береді. 

3.  «Тақия  тастау».  Ойынға  бірнеше  бала  қатысады.  Балалар  шеңбер  жасап 

отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей 

тастап  кетеді.  Сезіп  қойған  бала  жүргізушіні  қуып  жетуі  керек.  Ал  жүргізуші  бала 

қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала 

айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын 

дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы 

баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді. 

4.  «Арқан  тарту».Бұл  екі  топқа  бөлінген  балалармен  немесе  екі  баламен 

ойналады.  Арқанның  екі  жағынан  екі  бала  немесе  екі  топқа  бөлінген  балалар 

тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі 

бала  тартысқанда  қай  бала  өзіне  қарай  арқанды  тартып  екінші  баланы  құлатса, 

құламаған бала жеңіске жетеді. 

5. «Сымсыз телефон» ойыны. Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді 

тез  айтады.  Келесі  бала  естігенін  көршісіне  айтады.  Сөйтіп  тізбек  бойы  айтылады. 

Соңында  қай  сөз  айтылғаны  сұралады.  Егер  сөз  бұзылса,  оны  бұзған  бала  айыбын 

төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне 

әртүрлі  сөздер  айтады.  Кейін  жүргізуші  әр  балаға  сұрақтар  қояды.  Мысалы,  «Сен 

тамақты  немен  ішесің?»  —  дейді.  Ол  баланың  сөзі  «қарындаш»  болатын.  Сонда 

«Қарындашпен  тамақ  ішемін»  деп  жауап  береді.  Әрбір  қисынсыз  шыққан  жауапқа 

балалар мәз-мейрам болып күледі. 



Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де 

қолдануға  болады.  Балаларға  шапшаң,  епті  болуды  баулиды,  сонымен  қатар  асық 

табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді 

Сондай-ақ  балалар  ұлттық  ойындар  арқылы  ата-бабасының  тұрмыс-салтынан  да 

хабардар болады, бойына сіңіріп өседі. 

  Балалар  тек  ойнап  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  ойлайды,  аңғарады,  көп  нәрсені 

білуге,  зерттеуге  талпынады.  Яғни,  қазіргі  заман  ағымына  қарай  белсене  қатысады. 


 

134 


 

Аса  көрнекті  үздік  педагог  Н.К.Крупская  қимылды  ойын  жөнінде  былай  деп 

толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене 

күші  артады,  қолы  қатайып,  денесі  шыңдала  түседі,  көзі  қырағыланады,  зеректілігі, 

тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық 

дағдылары  қалыптасып  шыңдалады».  Ұлттық  ойындарымыз  балаларға  тәрбиелік 

мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор.Балаларды қазақ 

халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. 

Балабақшада  бала  ойынына  үлкен  мән  беріледі.Себебі,  ойын-баланың  негізгі 

әрекеті.Бала  өмірге  келісімен  ойын  арқылы  өзін  қоршаған  әлемді,табиғатты  тани 

отыра 

дамиды,өседі.Ойын 



үстінде 

игерген 


білім-білік 

дағдыларын 

қолдануға,жетілдіруге  мүмкіндік  алады.  Балабақшада  баланың  жан-жақты  дамуын 

көздейтін,оның  тілін  жаттықтыратын,қимыл-қозғалысын  жетілдіретін,белсенділігін 

арттыратын,басқа 

адамдармен 

қарым-қатынасын 

реттеп,құрдастарымен 

ұйымшылдығын  арттыруға  негіз  болатын  қазақ  ұлттық  ойындарының  алатын  орны 

ерекше деп білеміз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.Табылдиев  Ә.«Халық  тағлымы»  (қазақтын  халық  педагогикасы  және  тәрбие),  -

Алматы: «Қазақ университеті» 1992ж. 

2.Отбасы балабақша № 5- 2013ж. 

3.Бала тәрбиесі журналы.№7-2012ж. 

4.Әмірова Ә. «Дәстүрлі тәрбие» әдістемелік құрал..2006ж. 

 

 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҮШ ТІЛДІЛІК 

 

Аман А.М., Сыздыкова А.Р. 



Ғылыми жетекші: Хасенова Г.А. 

ҚМББ «Болашақ» колледжі 



 

Бүгінгі таңда көп тілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас 

ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін 

танытуға  мүмкіндік  алады.  Осы  орайда  балабақшалар  мен  мектептерде  үш  тілде 

оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, 

бәсекеге  қабілетті,  мәдениетті  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  ретте 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың:  «Қазақстан  бүкіл  әлемде  халқы  үш  тілді 

пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, 

орыс  тілі-  ұлтаралық  қатынас  тілі  және  ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға 

ойдағыдай кірігу  тілі»,  -  деген болатын.  Балабақшадан  бастап үш  тілде оқыту  жаңа 

заманның талабына, сұранысына сай болмақ.[1] 

Ағылшын  тілін  ерте  жастан  оқытудың  мақсаты  –  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  ағылшын  тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу  негіздерін  меңгеруі  болып 

табылады.  Ерте  жастан  ағылшын  тілін  оқыту  сәбилердің  коммуникативті  даму 

біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде 


 

135 


 

сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын 

тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілінде қатынас 

жасау  мақсатқа  сай  болуы  тиіс.  Баланың  шет  тіліндегі  сөздерді  қабылдауының  оң 

ыңғайын  жасау  керек.  Сол  оң  жағдай  жасаудың  бірден-бір  тәсілі  ойын  болып 

табылады.  Ойын  –  баланың  білім-білік  дағдысын  қалыптастыратын  тәрбие  құралы. 

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар 

өзінің  жеткен  нәтижесін  ертерек  көру  үшін  ұйымдастырылған  оқу-іс  әрекеттерін 

көбіне  сөйлеу  қабілетін  дамытуға  бағытталған  ойын  формасында  өткізу  өте  тиімді. 

Ойын  тілді  әр  жаста  тез  меңгеруге  өте  жақсы  жағдай  жасайды  әрі  көмектеседі. 

Ағылшын тілінде ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруде тигізер әсері 

мол.  Ол  адамның  интеллектуалдық,  тәрбиелік  және  рухани  әлеуетін  жақсартады. 

Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, 

балаларды  өзге  ұлт  мәдениетін  білуге  және  құрметтеуге  үйретеді.  Ғалымдардың 

зерттеулері көрсеткендей, ересек адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез 

меңгереді. Баланың ағылшын тілін үйренуге деген қабілеттілігі өсе келе бәсеңдейді.[2] 

 

Мектепке  дейінгі  балаларды  ағылшын  тілінде,  дыбыстарды  дұрыс  дыбыстауға 



үйрету  арқылы  шет  тілінің  бастапқы  дәні  себіледі.  Елімізді  жаңа  саяси  жолға 

бастайтын Президентіміздің «Қазақстан – 2050» Стратегиялық Жолдауында Қазақстан 

азаматтары  2025  жылға  дейін  үштұғырлы  тілді  меңгеру  керектігі,  білім  арқылы 

интеграциялау  үшін  ағылшын  тілін  де  жақсы  білу  қажеттігі  айтылған  болатын. 

Сондықтан Елбасы Жолдауының басымдықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар 

қалыптастыру. Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы 

ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті 

емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып 

өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды 

ағылшын  тілінде  атауын  қайталату.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ата-аналармен 

байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, ертеңгіліктерге пікір алмасу 

мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл-кеңестер 

және  үйге  жеке  тапсырмалар  беріледі.  Ағылшын  тілінде  жұмбақтар,  сөзжұмбақтар, 

лото,  лингвистикалық  ойындар,  бөлмедегі  жиһаздарды  орнына  қою,  дүкендерді 

аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады.[3] 

Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор 

ықпалын  тигізуі  тиіс.  Бұл  ең  алдымен  балалардың  бойында  шығармашылық 

тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас 

тәрбиесін  қалыптастыру  болып  табылады.  Жүйелі  және  мақсатты  ағылшын  тілін 

оқыту  ережеге  сай  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  балаларға  білім  беру 

үрдісінің негізгі формасы болып табылатын арнайы сабақтарда жүргізіледі.[4] 

Ағылшын тілі сабағында барлық тапсырма жалпы тақырыппен байланысты болу 

керек. Мысалы, балалар Микки Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына 

дейін  сол  туған  күн  иесімен  ойнайды  немесе  кішкене  тышқан  Джерриге  көмектесу 

үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тілді оқыту мақсаты 5-6 жасар 

баланың  өмір  сүретін  әлемімен  байланысып  сай  келіп  тұрады.  Бұл  –  таза 

қызығушылық,  жаңаны  білу  және  өзінің  қатарлас  достарымен  ойнауға  деген 

құштарлық  сезімге  толы  ертегі,  қызықты  әңгімелер  мен  өлеңдердің  әлемі.  Егерде 



 

136 


 

тақырыптық  бірлік  бірнеше  сабаққа  созылса,  балалардың  әрекетін  міндетті  түрде 

түрлендіру  керек,  жиірек  жұмыстың  түрін  өзгерту  қажет,  оларды  динамикалық 

паузалармен,  қозғалыс  элементтері  бар  ойындармен  көңілін  аулау  керек,  өйткені 

балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде тәрбиеші 

сабақтың  әр  элементі  оның  міндеттерін  орындау  қажет  болуын  ескеріп,  қозғалыс 

немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.[5] 

Шетелдік  және  отандық  ғалымдар  мен  педагогтардың  зерттеулері  мен 

жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары 

екенін  көрсетеді.  Мектепке  дейінгі  жас  тіл  меңгеруге  әсіресе  қажетті  жас  деп 

есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі 

туындайды.  Балаларды  шет  тіліне  оқытуға  бағытталған  жұмыс  негізінен  оқыту 

мақсаттарының  кешенді    жүзеге  асыруының  принциптерінен  шығады,  яғни  оқыту 

үрдісі балалардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне 

(диалогтық және монологтық сөйлеу, тыңдау) бағытталған.[6] 

Фонетиканы оқыту ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын 

алатынын ескере отырып, тәрбиешілер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті 

белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және 

де  сабақтың  көңілді  әрі  қызықты  өтуі  үшін  фонетикалық  жаттығулар  ойын  түрінде 

қолданылады. Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық 

құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау – балаларға 

ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.  

Жаңа  сөздер  енгізгенде  5-6  жастағы  балалардың  психо-физиологиялық 

ерекшеліктеріне  аса  зор  мән  беру  керек.  Бұл  жаста  балалардың  сөйлеуі  сезім 

мүшелерінің  заңдылықтарына  бағынады.  Мұндай  қабылдаудың  негізгі  ерекшелігі 

балаларға бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші 

жағынан  ол  заттардың  атауларының  мүлде  маңызды  болмауы  болып  есептеледі. 

Берілген  материалды  қабылдау  кезінде  балалар  оның  берілуіне,  эмоционалдық 

сапасына  үлкен  мән  береді.  Ашық,  түрлі-түсті  көрнекілік  кіші  жастағы  балаларды 

оқытудағы  таптырмас  көмекші  болып  есептеледі.  Жаңа  сөзді  суретпен  немесе  әсем 

көрнекіліктермен  байланыстыра  отырып  түсіндірсе,  оны  белгілі  бір  іс-әрекетте 

қолданып көрсетсе бала өте тез меңгеріп кетеді. [7] 

Белгілі  бір  тақырыпқа  байланысты  сөйлеу  қабілетін  қалыптастыруда  әртүрлі 

таратуға арналған материалдарды, ойыншық, жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың 

барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың 

сөйлеуін  белсендіру  үшін  оқытудың  басында  ойыншықтар  мен  бірнеше  нұсқадағы 

заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар 

немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен 

суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды. 

Жаңашылдық  принципі  балаларды  шет  тіліне  оқытудағы  жетекші  принцип  ретінде 

сабақтың  сюжетті-композициялық  құрылымын  түрлендіруге  мүмкіндік  береді. 

Ойыншықтар  мен  суреттерді  көбірек  пайдалану  арқылы  балаларда  қиялы  және 

байланыстырушылық  есте  сақтау  қабілеті  дамиды,  ал  қарым-қатынас  жасау 

міндеттерін  нақты  қою  және  оларды  шешуді  ұйымдастыру  логикалық  сөйлеу,  есте 

сақтауының дамуына өз септігін тигізеді. Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың 


 

137 


 

ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың 

бар  оқыған-білгендері  жадтарында  сақталады.  Бірақ  олардың  жедел  сақтау  қабілеті 

нашар  дамыған.  Бала  берілген  материалды  көп  мөлшерде  миына  бекіте  отырып 

сақтауға  деген  қабілетке  ие.  Бірақ  бұл  материал  бала  үшін  меңгеруге  өте  маңызды 

рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана болады.  

Ағылшын  тілінің  білім  мен  тәрбие  беру  үрдісіне  енуі  ең  қарапайым  ойын 

формаларында  жүзеге  асырылады:  дидактикалық  ойындар,  драматизациялық 

ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар. Оқытудың бастапқы кезеңінде 

ерекше  рөлді  балаларда  пәнге  деген  қызығушылықты  қалыптастыруда  бұл 

мәселелердің  шешімін  әртүрлі  ағылшын  тіліндегі  ойындар  арқылы  табуға  тырысу 

қажет.[8] 

Ағылшын  тілін  оқытуда  ерекше  орынды  драматизациялық  ойындарға  беруге 

болады.  Драматизациялық  ойындарды  жүзеге  асыруда  ағылшын  фольклорының 

танымал  ертегілері,  мультфильмдері,  тақпақтары  болып  табылады.  Мысалы:  «The 

three  little  pigs»,  «The  turnips»,  «Little  mouse»,  «Old  MacDonald»  және  т.б.  Бұл 

қойылымдар  балаларға  бұрыннан  белгілі  лексикадан,  сөз  тіркестерінен  құралады. 

Әлемдік  тәжірибе  драматизациялық  ойындардың  дайындалмаған  сөйлеу  қабілетінің 

дамуына  тигізетін  әсерінің  зор  екендігін  көрсетіп  отыр.  Драматизациялық  ойындар 

мектепке  дейінгі  балалардың  тілдік  компетенттілігінің  жоғары  дамуына  септігін 

тигізеді, тілді тезірек «сезінуге» көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын 

тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.[9] 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1. 


Қазақстан  Республикасының    2015    жылға    дейінгі    білім    беру    тұжырымдамасы// 

Қазақстан  жоғары  мектебі. – 2004. - №1  

2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының  жолдауы. «Жаңа әлемдегі-жаңа 

Қазақстан» - 2007. - 28 – ақпан  

3. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж. 

3-5 б.  


4.    Кадыргалиева  С.И.,  Есбергенова  Г.  Мектепке  дейінгі  балаларды  ағылшын 

тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 10-14 б.  

5. Мектептегі шет тілі (журнал   №1)  (31)қаңтар-ақпан   2008 ж.10-11 б.   

6. 


Шетел  тілін  оқыту  әдістемесінде  коммуникативтік  біліктілікті  қалыптастырудың 

артықшылықтары  мен  принциптері.  

7. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004 ж.  

8. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001 г. 25 с.  

9. Биболетова М.З. и др. «Enjoy English-1», Обнинск: Титул,  2005 г. 2 с.  

 

 



 

 


 

138 


 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ  ТӘРБИЕНІҢ  БАЛА  ӨМІРІНДЕГІ  МАҢЫЗЫ 

 

Аманбаева Рысгүл Рахметуловна 



«Ертөстік» балабақшасы 

   


Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың 

көру және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал 

етуге бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік 

тәрбие  пәнін  құрайды.  Тәрбиеші  баланы  сұлулықты  қабылдауға,  оған  эмоциялық 

ықлас  білдіруге,  сондай-ақ,  эстетикалық  ұғым,  эстетикалық  пікір,  эстетикалық  баға 

беру  қасиетін қалыптастыруға  жасау  керек.  Эстетикалық сезім дегеніміз  –  өмірдегі, 

көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. 

Ол адам табиғатына ғана тән жоғарғы сезім. 

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты – баланың бойына эстетикалық құндылықтарды 

сіңіруді  қажетсіну,  оған  деген  қызығушылығын,  эстетикалық  талғамын  дамыту, 

эстетикалық іскерлік пен дағдысын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету – шексіз 

жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы. 

Эстетикалық сезім әлеміне қатысы бар құбылыстарды зерттейтін философияның 

бір  саласы  болса,  эстетикалық  тәрбие  көбінесе  адамның  сезіміне  тәрбиелеу  арқылы 

санасына әсер етіп, іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруді көздейді. Жүріс-тұрыс адамдар 

арасындағы  қарым-қатынас  талаптарын  түсініп,  сезіну  оның  эстетикалық  жағын 

қамтиды. Этика мен эстетика іс-әрекет, жүріс-тұрыс, мінез-құлық көріністері арқылы 

бір-бірімен байланысып жатады. Әр нәрсенің мөлшері мен өлшемін білу эстетикалық 

жақтан сезіну арқылы келеді. Эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – сезім әлеміне 

әсер ету, оны дамыту, қалыптастыру. Сезім мен дағдылар арқылы сұлулықты түсіне-

сезіне  білуге  тәрбиелеу  баланың  дара  қасиеттерін,  барлық  мүмкіндіктерін 

қалыптастырады. 

Баланың  көркемдік-эстетикалық  дамуы  сәтті  болу  үшін  тәрбиеші,  педагог  жас 

ерекшелігіне  сай  әртүрлі  ойындар,  сабақтардың  түрлерін  қызықты,  әрі  танымды 

өткізеді.  Танымдық  ықпалдар  эстетикалық  қобалжулармен  неғұрлым  байланыста 

болса,  соғұрлым  нәтижесі  де,  әсер  етуі  де  жақсарады.  Педагогтың  балалар 

қажеттіліктерін,  мүмкіндіктерін,  қызығушылықтарын  ескере  отырып,  әр  біреуімен 

жұмыс  жасауы,  бала  тұлғасының  дербестігін  көркемдік  шығармашылық  арқылы 

айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік береді. 

Балаларға  жағымды  жағдай  жасайтын  болсақ,  олар  көркемдік-эстетикалық 

түсініктерді  еркін  меңгереді.  Оқыту  мен  тәрбиелеу  арқылы  оларға  білім  беріп  қана 

қоймай,  тұлғалық  дамуына  жағдай  жасай  отырып,  әрекеттілік  қабілетін 

(интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала адекватты, өнімді 

және нәтижелі дамиды. Осыған орай көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мектеп алды 

мекемелерге қоятын міндеттері: 

- Баланың қиялын, эстетикалық сезімін, қабылдауын жүйелі және биік мақсатқа 

бағытталған  түрде  дамыту;  өнердің  барлық  түрі  қажеттілік  сияқты  сезімдерді 

тудырады; 



 

139 


 

-  Баланы  өнер  саласындағы  әрекетке,  алғашқы  көркемдік  білімді  игеруге  және 

көркемдік деңгейді бағалауға баулу. 

- Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Балабақшалардағы  көркемдік-эстетикалық  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық 

жақтарымен  тығыз  байланысты.  Көркемдік-эстетикалық  тәрбие  жұмысын  нақты, 

нәтижелі  ұйымдастыру  үшін,  оның  мазмұнын  әр  бір  жас  ерекшелік  талаптарынан 

ықтап алу қажет. 

Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  күнделікті  өмірінде  зор  рөл 

атқарады.  Әсемдікті  көріп,  түсіне,  бағалай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады, 

қызғылықты  етеді,  одан  ең  жоғары  рухани  ләззат  алуға  мүмкіндік  береді.  Біз  әр 

адамның  адамгершілік,  тұлғалық  келбетін  жан-жақты  дамытуға  ұмтыламыз, 

сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті,  әсем  нәр  сені  сүйетіндей  етіп 

дамытуымыз  керек.  Адамның  әсемдік  пен  жексұрындықты,  адамгершілік  пен 

ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыныт.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі 

мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы 

мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. 

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысыда тұрақты зейін 

салуды, күн сайын талапты күшейтетін мәселе. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің 

ғана  емес,  сондай-ақ  еңбек,  қоғамдық  қатынастар,  қоршаған  орта,  тәртіп,  тұрмыс, 

табиғаттың  да  әсемдік  жақтары  да  ықпал  етеді.  Эстетикалық  көзқарастар  адамның 

шындыққа деген бағамын анықтайды. 

Адам  өмірінде  эстетикалық  көзқарас  әр  дайым  қуатты  рухани  күшретінде 

көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңінен бастап, әсемділікке ұмтылу тән нәрсе. Ол 

әрдайым  бойларында  әсемдік  құндылықтары  бар  қатар  –  құрбыларына,  ересектерге 

еліктейді.  Балалардың  өз  еңбек  іс-әрекеті  тиімді  және  сапалы  болуы  үшін  оның 

ұйымдастырылуы  толысып,  тамаша  нәрсені  оң  қабылдау  деңгейіне  жеткені  жөн. 

Балаға  сонымен  қатар  жасампаздықтың  да  әсемдігі  ашылады.  Еңбек  әсемдігін 

қабылдауды  үйретіп,  қоғамдық  іс-әрекет  әсемділігіне  сезім  талдығын  тәрбиелеп, 

мұғалім  балалардың  еңбек  белсенділігін  кеңейтуге  дембереді.  Эстетикалық 

көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы 

бар.  Бұл  біздің  қоғамдағы  қоғамдық  өндіріс  адамдардың  өскелең  рухани  және 

материалдық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталғандығынан  туындайды. 

Сонымен балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу – дамыған әсемдік сана мен 

талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала 

ұйымдастырылған  үрдісі.  Эстетикалық  көзқарасты  тәрбиелеу  баланы  жан-жақты 

үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде, ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-

әрекеттің  барлық  түрлеріндегі  әсемдік  нышанын  анықтап,  оны  баланың  әсемдікке 

көзқарасының даму, білім алу, қалыптасуы құралына айналдырады. 

Баланы  әсемдікке  тәрбиелеудің,  жан-жақты  және  үйлесімді  дамытудың  жалпы 

жүйесінде  жанама  қызмет  те  бар.  Әсемдіктің  адам  үшін  зор  тартымды  күші  бола 

отырып,  сонымен  бірге  оның  іс-әрекетінің  белсенді  және  тиімді  дем  берушісі  де 

болады. Бала өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүнисінің байлығы, шешендігі оны басқа 

адамдарға тартымды етеді. Балалар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, оның 

еңбегін тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің үрдісін жеңілдетеді. Ерлік пен шын 


 

140 


 

азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға 

жетелейді. 

Баланың  эстетикалық  көзқарасын  тәрбиелеу,  әсемділік  қасиеттері  бар  әртүрлі 

өмірдегі  қатынастар  мен  әсерлер  ықпалымен  жүзеге  асырылады.  Кіші  мектеп 

жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын 

нәрсе ‒ оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйе деңгейіне көтерліуі. 

Эстетикалық  көзқарасты  тәрбиелеудің  негізгі  құралы  ‒  өнер.  Ол  шындықты 

көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы 

адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік көзқарасын қалыптастыруға жәрдем 

етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен 

тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар 

әсемдігін  ашпай  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Еңбекке  тәрбиелеу  ‒  адамдардағы 

әсемдікті,  еңбек  мазмұны  мен  үрдісін  танымай  саналы  тәртіп  пен  мінез  құлықты 

тәрбиелеу  мүмкін  емес.  Сондай-ақ,  әсемдікке  көзқарасты  тәрбиелеуді  өмірден, 

белсенді  іс-әрекеттен  және  мұраттарға  жету  жолындағы  күрестен  оқшау  қарауға 

болмайды.  Мектеп  баланы  әсемдікті  өмірден,  адамдар  қылықтарынан,  еңбек  іс-

әрекетінен,  еңбек  нәтижесінен  көруді  және  ләззат  алуды  үйреніп  қана  қоймайды, 

күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді. 

Сонымен  эстетикалық  тәрбие  ‒  табиғаттағы,  өнердегі,  еңбектегі,  өмірдегі  ең 

жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік 

атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. 

Эстетикалық  тәрбиенің  өзіне  тән  міндеттері  бар.  Олардың  бірі  ‒  эстетикалық 

сезімді және  эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу.  Өмірдегі,  өнердегі әдемілікті  сезу 

және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын 

білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, 

жанынан  өте  шығады,  әдемілікті  сезу  үшін,  оны  түсіну  үшін  ең  алдымен  бейнелеу 

өнері, музыка және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім 

адамды  әдеміліктің  обьективтік  критерилерімен  қаруландырады.  Білімді  адам 

сұлулықты  бағалай  біледі,  түсінеді.  Айналадағы  дүниеге  сезімталдық,  эстетикалық 

қабылдау  қырағылығы,  ықыластылық,  қамқорлық  баланың  эстетикалық  дамуының 

негізі болады. 

Эстетикалық  ұғымды,  пайымдауды,  баға  беруді  қалыптастыру  ‒  эстетикалық 

тәрбиенің  тағы  да  бір  міндеті.  Әдемілікті  сүю,  оған  түсіну  үшін  балаға  негізінен 

көмектесетін  білім.  Сондықтан  бала  бейнелеу  өнері  саласындағы  ырғақ,  үндестік, 

музыка  мен  әндегі  дыбыстарды  және  өнер  әдістері  туралы  білімді  игеруі  қажет. 

Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, пайымдай және бағалай 

алады. 


Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте 

зор. Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік 

пен нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. 

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың 

эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп 

қана  қоймай,  осы  заңдар  бойынша  өзін  қоршаған  айналаға  өзгеріс  жасауы  қажет. 

Өмірге  кіріккен  эстетика  (еңбек,  табиғат  эстетикасы,  адамдар  қатынасы  және  жай-


 

141 


 

жағдай  эстетикасы)  адамды  сүйсіндіреді.  Адам  белсенді  түрде  өмірдегі  әдемілікке, 

көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. 

Балаларды  эстетикалық  белсенділікке  тәрбиелей  отырып,  оларды  өздігінен 

ілтипатты  оқырман,  қайырымды  көрермен,  сезімтал  тындаушы  болуға  баулу  керек. 

Балалар  әдебиетті  оқуға,  кинофильмді,  теледидарды,  спектакльді  көруге,  музыканы 

тындауға өте ынталы болады. Әртүрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің 

оқиға  желісін  дұрыс  түсіну  үшін  балаларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру 

ұстаздардың басты міндеті. 

Эстетикалық  тәрбиенің  маңызы  міндеті  ‒  өнер  және  әдебиет  салаларында 

балалардың  қабілетін,  ынтасын  және  бейімділігін  дамыту.  Осыған  орай,  мектепте 

оқушылардың  ықтимал  мүмкіндіктерін  және  қабілетін  барынша  анықтау  керек. 

Балалабақшадағы  балалардың  эстетикалық  түсініктері,  олардың  еңбекке  әсемдік 

тұрғысынан  қатынасы,  өзіндік  белсенді  іс-әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. 

Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-құлықты, әрі әсемдік көңіл-

күйі жай табады. 

Балалардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  көзқарасын  дамыту,  білімдегі  оқудың 

қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-

әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін 

еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет. 

Эстетикалық тәрбиесіз адам өмір сүре алмайды. Эстетикалық тәрбие балаға тек 

мектепте ғана емес, үйде, қоғамда, сабақтан тыс жұмыста, көшеде жүрсе де керек. Сол 

үшін біз мұғалімдер әрқашан көптеген педагогтармен пікір алмасып белгілі бір тиімді 

әдіске сүйене отырып жұмыс жүргізуіміз керек.    Сонда ғана біз ойы кең, талғамы биік, 

ынтасы  зор,  қызығушылық  қабілеті  мол  болашақ  Қазақстан  Республикасының 

эстетикалық тәрбиесі бар өскелең ұрпақ тәрбиелейміз. 

 

Әдебиеттер: 



1.

 

Алмаханова  Х.  Жас  өспірімдерге  эстетикалық  тәрбие.  Әдітемелік  нұсқау.  – 



Алматы, 1990. 

2.

 



Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. ‒ Алматы, 

1990. 


3.

 

Ұзақбаева С.А. Эстетикалықтәрбие негіздері.13 Дәріс. ‒ Алматы, 1991. 



4.

 

В.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976 



5.

 

Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1990. 



 

ОЙЫН - МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ  

БАСТЫ ҚҰРАЛЫ 

 

Аманбекова С.Г., Кәрімқызы Н. 



Қарағанды қаласы «№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы»КМҚК 

 

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,  



оның шығармашылық қабілетін дамытады,  

 

142 


 

ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».  

В.А. Сухомлинский  

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  жолдауында  Қазақстанда  тұратын  барлық 

этностардың тілдерін сақтай отырып,ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы 

ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл 

саясаты болу керек.Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, 

қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. 

Тәуелсіз  ел  тұғырына  25  жыл  болып,  ел  өзіңдікі,жер  де  өзіңдікі  болған  кезде 

болашағымыздың  яғни  балаларының  да  мемлекеттік  тілге  деген  мәртебесін 

көтеріп,болашақта бәсекелестікке еркін түсе алатын ұрпақ болу әр қазақстандықтың 

азаматтық  борышы  десек  артық  айпаған  болармыз.Қазіргі заманда  мектепке  дейінгі  

мекемеде  жұмыс  атқаратын  педагогтардың  басты  проблемасы  –  ол  анық  сөйлей 

алмайтын,еркін  қатынасқа  түсе  алмайтын  ,өзіне  –өзі  сенімсіз  ұрпақтардың  көбейіп 

бара жатқандығында.Сол проблеманың шешімін табуға апаратын тура жол -ол ойын . 

Балабақашағы  оқыту-  тәрбиелеу  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  молайту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті 

өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста 

қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.  

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл 

дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.  

Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы 

заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін 

ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым, 

түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде  тілдік  қарым-  қатынас  жасай  білуге 

үйретеміз.  

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде педагогтың:  

-балалардың сөздік қорларын дамыту;  

-жаңа сөздерді меңгерту;  

-үйреген  сөздерін  тиянақтап,  анықтап,  әрі  байытып  отыру  басты  міндет  болып  

саналады.  

Осы аталған міндеттерді педагог үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа 

алып  отыруы  тиіс.  Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма 

жаттығулардың  орны  ерекше.  Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын 

арқылы  бала  айналасындағы  нәрседен  өзіне  қызықтысына  ықыласы  ауып,  таңдап 

алады.  Баланың  бір  ерекше  қасиеті  сөйлеуден  еш  жалықпайды.  Ойын  бала  тілінің 

дамуына  ықпалын  тигізіп,  таным  белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала 

болмасын  ойынмен  өседі,  өйткені  бала  табиғатының  өзі  тек  ойынмен  байланысты. 

Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз 

барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың 

білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.  

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде 

де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек,  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың 

ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде 



 

143 


 

де  жалғасы  береді.  Ойын  барысында  бала  өзін  қоршаған  үлкендер  сияқты,  өзінің 

сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Педагог балалармен ойынды әр-түрлі формада етіп өткізуіне болады. Заттармен 

ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: 

«Дәл  ұқсасын  тауып  ал»,  «Салыстыр  және  ата»,  «  Ғажайып  қоржындағы  бірдей 

ойыншықты тап», «Көп- аз», т.б.  

Үстел  үсті  ойынын  ұйымдастыруда  домино,  лото,  суреттер  қолданылады. 

Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір 

сөзбен  ата»,  «Кім  байқағыш»,  «Қиылған  суреттер»,  «Ұқсасын  тап»,  «Не  артық?», 

«Есіңде сақта». 

Ал  сөздік ойын  арқылы  сөзді  орынды қолдана білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз 

мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді, «Сөйлем құра», «Жұмбақтың шешуін 

тап»,  «Түсін мені»,«Жақсы-жаман», «Жалғастыр». 

Балаларды  ойынның  мазмұнымен  таныстыра  отырып  ойынға  барлық  дерлік 

балаларды  қамту  және  ұйымдастыра  білу  және  еркіндік  беру.  Ойынды  талдау,  бұл 

ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып 

табылады.  

Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма-

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры 

дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді,  таным  белсенділіктері  қалыптаса  түсіп, 

ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 

Ойынды  қолданумен  бірге  ойлауға,  тілді  дамытуға,  шығармашылық  әрекетін 

байытуға  бағыт  алады.  Баланың  ойын  кезіндегі  қимыл-  қозғалысы  дене  бітімін 

жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық 

әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса 

отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.  

Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында 

баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- 

құлық  дағдыларын  қалыптастыру  көзделеді.  Психологиялық  жаттығулар  баланы 

үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін 

айтып  жеткізе  білуге  көмектеседі.  Ойын  жаттығулар  арқылы  баланың  білімділік 

дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.  

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің 

үйлесімді  дамуына  ықпал  етеді.  Баланың  сезім  әрекетін,  әсерленушілік  деңгейін 

анықтау үшін қолданылады.  

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің 

жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей 

білуін  анықтау,  қалыптастыру.  Ойынға  зер  салып,  ой  жүгіртіп  қарар  болсақ,  сол 

ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең 

алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да 

ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.  

Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма- 

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры 


 

144 


 

дамып,  ауызша  сөйлеу  машығын  игереді.,  таным  белсенділіктері  қалыптаса  түсіп, 

ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.  

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы 

дамыту  ойындарының  маңыздылығын  ұғындыру.  Баланы  қызықтыруда  және  жаңа 

хабарларды  игеруіне  көмектесуде  үйретуді  ойынмен  алмастыру,  алға  қойған 

мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете 

отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. 

Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму 

деңгейін  көрсетеді.  Осыдан  келіп  қол  қимылдарын  басқара  білу  туады.  Сондықтан 

ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.  

Қазіргі  кезде  баулы  ойыншықтардың  көбейгенін  немен  түсіндіруге  болады. 

Қазіргі  ата  –  аналарда  мұндай  ойыншықтар  болған  жоқ  қой,  сонда  олар  осындай 

қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?  

Қазіргі  кездің  балаларында  жалпы  моторлық  артта  қалушық  байқалады  екен. 

Ойлап көріңізші, тіпті  қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім 

кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де қиындық туғызатын 

болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына 

көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының 

бәрін жасайтын машина.  

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық 

себебін  зерттей  келе  қазіргі  заманғы барлық  баланың жазуға  дайын  еместігі немесе 

тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды 

шығаруға  болады:  егер  тілінің  дамуында  ақау  болса,  онда  бұл  ұсақ  моториканың 

мәселесі.  

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты 

деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан 

тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті 

іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.  

Балабақша  балалары  болашақ  иесі  болғандықтан  дүниежүзілік  мәдениетті 

танитын,  өзінің  төл  мәдениетін  білетін,  сыйлайтын,  рухани  дүниесі  бай,  саналы 

ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы 

жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған 

ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс 

қалыптастыру тәрбиеге байланысты.  

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру 

үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін 

ұйымдастыра  отырып,  бір-біріне  деген  қайырымдылық,  мейірімділік,  жанашырлық, 

достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен 

таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі 

табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты 

адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның 

рухани  жетілуі  мен  табиғи  өсуінің  қажетті  алғы  шарты  және  халықтың  салтын 

үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік 

пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты 


 

145 


 

бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік 

жабайы  болып  қалған  болар  еді»  деп  К.Чуковский  бала  денесінің  дамуы  мен  ой-

дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.  

Қазақ  халқының  жылдар  бойы  атадан  балаға  жалғасып,  қалыптасқан  ұлттық 

дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың 

дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, 

тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. 

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.  

Ойын  –  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-әрекеті.  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  «Балалықтың  қанына  -  ойын  азық»  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын 

үстінде  баланың  бір  затқа  бейімділігі,  мүмкіндігі  және  қызығуы  анық  байқалады. 

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, 

құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар 

ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды 

табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке 

біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-

қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала 

алған  рөлдеріне  сай  кейіпкердің  киімін  киіп,  қимылын,  дауыс  ырғағын  мәнерлі 

жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған 

білімдерін  пайдаланады,  қуыршақты  ұйықтату  үшін  бесік  жырын  айтып  әлдилейді, 

бейнелеу  өнері  сабақтарында  жасаған  ыдыс,  үй  жиһаздарын,  қағаздан  құрастырған 

заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: 

оны  балалардың  өздері  жасауында,  ал  ойын  қызметі  айқын  өнерпаздық  және 

шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.  

Құрылыс  ойынында  бала  сызық  бойына  әдемі  үй  құрылысын  жасап,  оның 

бояуларының  бір-бірімен  келісімді  болуын  қадағалайды.  Құрылыс  материалдарын 

пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі 

(биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа 

мазмұн  ойластырып,  белсенділік  көрсетеді.  Өзінің  және  жолдастарының  тұрғызған 

құрылыстарының  сапасына  баға  береді.  Дидактикалық  ойын  барысында  есту,  көру, 

сезіну,  қабылдау  сияқты  үрдістері  дамып,  балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әр 

түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, 

түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша 

ойналатын  дидактикалық  ойындарда  сұрақ,  өтініш,  келісімді  білдіретін  дауыс 

ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша 

бөлек-бөлек  суреттерді  пайдаланғанда  оларды  белгілі  бір  тәртіппен  жинау  үшін 

байқағыштық  пен  тапқырлық  көрсетеді.  Қимыл-қозғалыс  ойынында  балалар 

санамақтар,  өлеңдер,  тақпақтар  қолданады.  Бұндай  ойындарда  балалардың  ептілігі, 

қимылдың  әдемілігі  дамып  қалыптасады,  кеңістікті,  уақытты  бағдарлауға  үйренеді, 

батылдық,  тапқырлық,  қайраттылық,  достық,  жолдастық  көмек,  тәртіптілік,  ойын 

ережесіне  бағына  білу  сияқты  адамгершілік  сапалар  тәрбиеленеді.  Бала  өмір 

құбылыстарына,  адамдарға,  жануарларға  деген  ынтасын,  қоғамдық  мәні  бар  іс-

әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай 

түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.  


 

146 


 

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да 

оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән 

салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. 

Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын 

үстінде  қалыптасады.  Ойынды  зерттеу  мәселесімен  тек  психологтар  мен  педагогтар 

ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала 

тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды.  

 

Қолданылған әдебиеттер 



1. Бержанов К., Мусин С. Педагогика тарихы. -Алматы мектеп, 1992, - 12 – 14 б. 

2. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Д. Педагогика. Алматы-мектеп, 1998 – 20-22б. 

3. Бала және балабақша журналы №2. 2013 

5. Отбасы және балабақша журналы 2009. 10-12 б. 

6. Бала тәрбиесі журналы 2010, 16-17 б. 

 

 



БАЛАБАҚША МЕН ОТБАСЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАРЫМ-

ҚАТЫНАСЫ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет