Бақытты, Базарлы Балалық! №22 (1257)



жүктеу 1.16 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата19.01.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Нарша ҚаШаҒаНҰЛЫ

бұл даланы саңырықтар сақтаған!..

 

Суретті түсірген Владимир алсуфьев 



орТа

5

   //    «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №22 (1257),  27  МАМыР  2015 Жыл   //



Өнімге СұраныС кӨп

 

„



Тараз қаласының маңында орналасқан  «Шағал» ЖШС-де жылына 250 мың 

текше метр куб тас қиыршықтары өндіріледі. Бұл зауыттың фракцияланған 

тастары өңірге ғана емес, көрші жатқан Оңтүстік Қазақстан облысына да 

жөнелтіліп отыр.



Шынболат СеЙДУаЛИев

Қала маңында Құмшағал деген шағын аудан 

бар. Құмшағал деп аталуы жерінің құмды 

және шағалды болуында деп түйсіне беруге 

болатындай-ақ. Себебі, мұнда «Шағал» ЖШС 

орналасқан.  Осы  аумаққа  бара  қалсаңыз, 

көзіңізге  бірден  түсетін  де  -  осы  шағал 

шығаратын алып өндіріс ошағы. аталмыш 

«Шағал» ЖШС  біздің облысқа қана емес, 

бүкіл  республикамызға  танымал.  Осын-

дай алып карьер Қазақстан бойынша екеу 

ғана көрінеді. Соның бірі - осы кәсіпорын. 

Тарихы сонау 1939 жылдан бастау алады. 

Сол уақыттан бері мұнда шағал өндірілуде. 

Зауыттың техникалық проектісі 1969 жылы 

Новосібір инженер-проектикалық құрылыс, 

жол шаруашылық және геологиялық инсти-

Жұмыстың қызған сәті.

 

Суретті түсірген Владимир алсуфьев 



тутында жасалған. алып өндіріс ошағы 36 га 

жерді алып жатыр. Негізінен, «Шағал» ЖШС-

де  25-60-тық  фракциялық  тас  өндіріледі. 

Тастарды игеру ашық тәсілмен жүргізіледі. 

Кәдімгі  жер  қыртысын  ЭКГ-5а  экскава-

торы  арқылы  қазып  алып,  оны  сұрыптау 

машинасына артады. Сұрыптау машинасы 

өзіне артылған топырақты бірден тасын бір 

жаққа, одан қалған қалдығын бір жаққа бөліп 

алады. Топырағынан ажыраған тас сұрыптау 

машинасынан бірден Краз автокөлігіне ар-

тылып, 1 шақырым жердегі тас майдалағыш 

бункерге  жөнелтіледі.  Онда  жеткізілген 

тас СДм-109 аппараты арқылы тас өңдеуге 

түседі. Одан өңделіп шыққан тастар конустық 

майдалағышқа өтеді. Осылай өңделіп шыққан 

тастар  зауыттың  қоймаларына  жиналады. 

Өңдеуден  өткен  тас  қиыршықтары  25-60-

тық фракциялық тас ретінде қалыптасады. 

бұл 25-60-тық фракциялық тастар теміржол 

құрылысында төсеніш ретінде пайдаланы-

лады.  Әрі  қайсыбір  құрылысқа  болмасын 

сұранысқа ие. 

2010  жылы  сол  кездегі  ҚР  Премьер-

министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ 

Шүкеев  Жамбыл  облысына  сапары  бары-

сында осы зауытқа арнайы атбасын бұрып, 

кәсіпорынның жай-күйімен және оның даму 

перспективаларымен танысып қайтқан бо-

латын.  Сол  кезде  зауыттың  жұмысына  оң 

баға берген-тін. «Шағал» ЖШС-і атқарушы 

директоры бақытбек алипбаевтың айтуынша, 

зауытта 65 адам жұмыс жасайды. Олардың 90 

пайызға жуығы жергілікті Құмшағал шағын 

ауданының тұрғындары. айлық жалақысы 

қызметтеріне  қарай  60  мың  мен  90  мың 

аралығында алады. 

-    біз  негізінен  «Қазақстан  темір  жолы» 

ҰК» аҚ-мен тығыз жұмыс жасаймыз. бізде 

өндірілген  25-60-тық фракциялық тастар об-

лысымыздан өзге Шымкентке де жеткізіледі,-

деді зауыт турасында.

Зауыттағы  техникалар  да  заманға  сай 

жарақтандырылған.  Оның  ішінде  алып 

ЭКГ-5а экскаватордың облыс бойынша екі 

данасы ғана бар. Оның атқаратын қызметі 

де толағай. Жүк көліктерінің де алуан түрі 

осында. Сонымен қатар зауытқа теміржол 

желісі жүргізілген.  Осы арқылы өндірілген 

тас  қиыршықтары  тасымалданады.  Зауыт 

жылына шамамен 250 мың текше метр куб 

тас қиыршықтарын өндіреді.

Мүлкіңді жария ет!

 

„



Тараз қаласы бойынша заңдастырылған мүлік құны 

5 млн. 793 мың 043 теңгені құрап отыр.



Құдайберген рЫСДӘУЛеТ,                                                                

Тараз қаласы бойынша 

Мемлекеттік кірістер 

басқармасының баспасөз 

хатшысы

2014  жылғы  1  қыркүйектен 

басталған  мүлікті  заңдастыру 

акциясы жалғасуда.

- б ұ л ,   ә р и н е ,   ә л е м д і к 

э ко н о м и к а ғ а   е н г і з і л г е н 

жаңашылдық емес,-дейді Тараз 

қаласы  бойынша  мемлекеттік 

к і р і с т е р   б а с қ а рм а с ы н ы ң 

Жеке  кәсіпкерлерді  тіркеу, 

ақпараттарын  қабылдау  және 

өңдеу орталығы бөлімінің бас-

шысы Жанар Әлібаева.

-Қазақстанда  бұл  тектес  ша-

ралар  осыған  дейін  екі  мәрте 

жүргізілген болатын. Сондықтан 

бізде тәжірибе жоқ емес.

Экономикалық  тұрғыдан 

алып  қарасақ,  мүлікті  және 

қолдағы  бар  капиталды  жа-

рия  ету  инвестициялардың 

төмендеуі,  сауда  балансының 

түсуі  секілді  Қазақстанның 

қазіргі  таңдағы  экономикалық 

жағдайының төмендеуі кезіндегі 

қолға алынған құптарлық жәйт 

деуге болады. Өйткені бұл шара 

отандық  экономиканың  ішкі 

ресурстарды  көлеңкеден  алып 

шығуға қажетті қосымша резерв-

тер десек қателеспес едік.

2017  жылдан  бастап  табысы 

бойынша  декларация  өткізу 

науқаны  басталмай  тұрып, 

жауапкершілікке  тартылмай, 

қолдағы барды заңдастыру үшін 

бұл  шара    қазақстандықтарға 

беріліп отырған үлкен мүмкіндік 

деп түсінуіміз керек. мемлекет 

елдегі  және  шет  елдегі  жеке 

меншік  мүлік  пен  ақшалары 

барларға тағы да тиімді мүмкіндік 

беріп отыр.

    


Заңдастыруға жататындар 

туралы білгіңіз келе ме?

Жалпы  заңдастыруға  ақша, 

бағалы қағаздар, елімізде және 

басқа  елде  бар  жылжымай-

тын  мүліктерді  жатқызамыз. 

Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан 

мүлікті  заңдастыру,  жал-

пы  халықтық  декларациялау 

науқанының  алғашқы  қадамы. 

Қазақстан  азаматтары  осы 

мүмкіндікті пайдалана отырып, 

қолдағы  бар  дүниелерін  осы 

акция  аясында  заңдастырып 

алғандары жөн.     

 

 Жалпы халықтық табысын 



декларациялау не береді?

Ж а ң а   ж о ғ а р ы д а 

айтқанымыздай,  2017  жылы 

Қазақстан жалпы халықтық та-

бысын декларациялау басталады. 

бұл, халықтың нақты табысын 

есептеу арқылы салықты өндіру 

қорын кеңейтіп, көлеңкелі сауда-

ны жүгендеуге септігін тигізері 

сөзсіз.


 Мүлікті заңдастыру үшін 

қанша уақытқа дейін 

өтініш беруге болады?

 Қолдағы бар капиталды және 

мүлікті  жария  ету  өтінішітері 

2015 жылғы 30 қарашаға дейін 

қабылданып,  1  айдың  ішінде 

қаралатын болады.



Ақша мен бағалы қағаздарды 

заңдастыру үшін қайда өтініш 

білдірсе болады?

 

ақша және бағалы қағаздарды 



заңдастыру  үшін  еліміздегі  кез 

келген екінші деңгейлі банктерге 

өтініш білдіруге болады. мүлікті 

жария  ету  акциясының  мерзімі 

аяқталғанша ұлттық және шетел 

валютасындағы ақша Қазақстан 

Республикасындағы  кез  келген 

екінші деңгейлі банктерден Сіз 

ашқан жинақтық шотқа немесе 

поштаның ұлттық операторлары-

на салынуы тиіс.

Егер ҚР –ның «ҚР азаматтары-

на, оралмандарға және Қазақстан 

Республикасында тұруға ықтияр 

хаты  бар  тұлғаларға  олардың 

мүлікті жария етуіне байланысты 

рақымшылық  жасау  туралы» 

Заңының 8 бабы, 3 тармағының 

талаптарына  сәйкес  келмесе, 

заңдастыру мақсатында салынған 

ақша  кемінде  күнтізбелік  60 

ай  бойы  Сіздің  жинақтық 

шотыңызда болуы тиіс.

 акция басталғалы бері Тараз 

қаласы  бойынша  мемлекеттік 

кірістер  басқармасына  мүлікті 

заңдастыру  туралы  617  өтініш 

түсті.  Солардың  ішінде  438 

тұрғын жай, 141 тұрғын жай емес, 

59  коммерциялық  мақсаттағы 

н ы с а н д а р   ж а р и я   е т і л і п , 

заңдастырылды. Заңдастырылған 

мүліктің жалпы құны 5 млн. 793 

мың 043 теңгені құрады-деп ха-

барлады Жанар Әлібаева.


зерде

6

//    «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №22 (1257),  27  МАМыР  2015 Жыл   //



550

жыл


Мыңжылдықтар тоғысында

g

 



Көне шаһар Таразда екі күн қатарынан Ұлы Жібек жолы мен Қазақ хандығы 

тақырыбында халықаралық тарихи-археологиялық конференция өтті. 

Тарихпен бетпе-бет.

 

Нұржан СерІКХаНҰЛЫ

ауқымды  шара  Тараз  инновациялық-

гуманитарлық  университетінің  баста-

масымен  Жамбыл  облысы  әкімдігі, 

Ә.Х.марғұлан атындағы археология ин-

ституты, Түркия Жазушылар Одағы, Вар-

шава университетінің археология институ-

ты (Польша), Санжы университеті (Қытай), 

Әзірбайжан  ҰҒа  археология  және  эт-

нография  институты,  «археологиялық 

сараптау»  ғылыми-зерттеу  ұйымымен 

бірлесе ұйымдастыруымен Қазақ хандығы 

дәуірінің тарихи-археологиялық мұралары 

мен қазіргі гуманитарлық ғылымдардың 

өзекті  мәселелері  талқыға  түсті.  Шара-

ны  ТИГУ  ректоры  Ерболат  Саурықов 

жүргізіп отырды. Жиынды облыс әкімінің 

орынбасары Ерқанат манжуов ашып берді.                                                                                                                                           

          -биыл елімізде Қазақ хандығының 

550  жылдығын  атап  өтеміз.  Жамбыл 

облысында  бұл  мерейтойға  дайындық 

жұмыстары  жүріп  жатыр. бүгінге  дейін 

біз  70-ке  жуық  ғылыми  конференция 

өткіздік.  Өкінішке  орай  біз  көне  Рим, 

Грекия  сынды  елдердің  тарихын  жақсы 

білсек те, өз еліміздің тарихын жетік біле 

бермейміз.Осыдан бес жарым ғасыр бұрын 

хандықтың жағдайы қалай болды, көршілес 

елдермен  қандай  қарым-қатынастарда 

болдық, ата-бабаларымыздың салты қандай 

болды, басшылардың қандай жетістіктері, 

қандай  кемшіліктері  болды?  Осындай 

көп сұрақтарға тек бүгінгі ғалымдардың 

деректерінен  ортақ  жауап  ала  аламыз,  - 

деп Ерқанат Нұрбапаұлы шараға арнайы 

келген қонақтарға алғысын жеткізді.  ал 

ғалым м.Х.Дулаи атындағы ТармУ-дың 

бірінші проректоры, тарих ғылымдарының 

докторы,  профессор  асқар  абдуалы  өз 

құттықтау  сөзінде:  «Уақыт  жағынан 

Ұлы  Жібек  жолы  мен  Қазақ  хандығы 

біріне-бірі  қатысы  жоқ  болып  көрінуі 

мүмкін. Дегенмен, қазақ ұлысының хандық 

құрылымға  дейін  өсіп-өркендеп,  уақыт 

аренасынан жоғалып кетпей, пайда болуы 

Ұлы Жібек жолына тікелей байланысты. 

бұл жолдың өркениетке, шаруашылыққа, 

экономикаға, халықтар арасындағы байла-

нысты нығайтуға қосқан үлесі орасан зор. 

ал Жамбыл өңірін Қазақ хандығының ал-

тын бесігі деп айтсақ та артық емес» - деді. 

бұдан әрі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

кафедра  меңгерушісі  Гүлмира  мәдиева 

мен Ө.Жолдасбеков атындағы экономика 

және  құқық  академиясының  ректоры                              

Досбол Сайынмұрат жиналғандарды Қазақ 

хандығының 550 жылдығымен құттықтап, 

өз  ойларын  ортаға  салды.  Қонақтардың 

сөзінен  кейін  пленарлық  баяндамалар 

тыңдалды. 

Қазақ халқының этногенезі қола 

дәуірден басталады

Берекет Кәрібаев,

тарих ғылымдарының докторы:

-маған көп сұрақ қойылады. «Неге қазақ 

хандығы»,  «Неге  қазақ  мемлекеттілігі 

емес», «Көрші елдердің барлығы өздерінің 

бірнеше  мыңжылдықтарын  тойлап  өтті, 

ал бізге 550 жыл?». Елбасы осы жарлыққа 

қол қояр кезде барлығын жан жақты са-

ралап,  нақтылаған  болатын.  мемлекет 

өте  кең  ұғым.  мемлекеттің  бір  түріне 

қағанат,  республика,  корольдік,  хандық 

кіреді.  бұл  тұрғыдан  айтқанда,  қазақ 

мемлекеттілігіне  3000  жыл,  ал  Қазақ 

хандығына  550  жыл  болды.  бұл  біздің 

ұлттық сипаттағы мемлекеттілігіміз. бұған 

дейін қазақ даласында 20 саяси құрылым 

болды. бірақ олардың барлығы белгілі бір 

тайпа  мен  тайпалық  одақтың  мемлекеті 

болатын. міне, солардың дамуы ұлттық 

сипаттағы  ел  болуға  алып  келді.  Қазақ 

хандығының құрылуы тікелей солардың 

жалғасы. біздің еліміздің дамуы тарихи 

санамыздың дамуымен қатар жүріп келе 

жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін, «алаш» 

мәселесі, отызыншы жылдардағы аштық 

мәселесі көтерілді. 1993 жылдан бастап 

Орбұлақ  шайқасының  350  жылдығына 

байланысты біз ХVІІІ ғасырлардағы хандар 

мен  батырларды  дәріптей  бастадық.  ал 

енді 2050 бағдарламасы қабылданғаннан 

кейін,  әлеуметтік  дамуымызға  орай  та-

рихи  санамызды  тереңге  қарай  сілтей 

бастадық.  Қазақ  хандығының  550 

жылдығын  тойлау  бұнымен  шектеліп 

қалмайды. Кешегі Ұлытау төріндегі Ел-

басы  берген  сұхбатында  тарихымызды 

ғұндардан  бастап,  көктүріктерге,  одан 

әрі  жалғастырып,  Қазақ  хандығы  мен 

сөз  түйінін  Тәуелсіздікке  алып  барды. 

Енді  26  жылдан  кейін  біз  алтын  Орда 

мемлекетінің 800 жылдығын тойлаймыз. 

Өйткені сол кездегі бүкіл Еуразия аумағын 

алып жатқан сол іргелі мемлекеттің тікелей 

ұрпағы  біздің  қазақ  елі.  алтын  Орданы 

құрған елдердің ішінде қазір бізден басқа 

дербес ел жоқ. Татарстан -  автономиялық, 

қырым татарларының мемлекеттілігі жоқ, 

Сібірде сібір татарлары дейтін халық жоқ, 

астрахан  татарлары  деген  халық  жоқ, 

ноғай деген халық бар. бірақ мемлекеттілігі 

жоқ. алтын Орданы құрған бірден бір ел 

Қазақстан  тереториясындағы  ақ  Орда, 

яғни біздің ел. бұдан кейін 16 жыл өткесін 

біздің  далада  Түрік  қағанатының  1500 

жылдығы тойланады. Тағы да осы түрік 

қағанатының тікелей ұрпағы мына біздер. 

«ағаш  неғұрлым  биіктеп  өскен  сайын, 

тамыры соғұрлым тереңдей түседі. адам 

да солай» деп белгілі жазушы Ілияс Есем-

берлин айтқандай, бүгінгі біздің тарихи та-

нымымыз еліміздің дамуымен қатар жүріп 

келе жатыр. Қазақ халқының этногенезі кем 

дегенде қола дәуірінің ортасынан бастала-

ды. Этнокомпоненттердің құрамына аумақ, 

тіл, мәдениет пен қозғаушы күштер кіреді. 

Қазақ даласындағы негізгі қозғаушы күш 

көшпелі мал шаруашылығы болды. Осы 

қозғаушы күш кешегі отызыншы жылдарға 

дейін тоқтамай келді. Онымен айналысқан 

барлық ру, тайпа сынды этнокомпоненттер 

бір этникалық қазанда қайнады. аталмыш 

процес  екі  мың  жылға  дейін  созылды. 

Скиф, сақ сынды бірнеше кезеңдерді ба-

сынан кешірді. Қола дәуіріндегі этногенез, 

одан кейін сақ дәуіріндегі этникалық про-

цесс, ғұн, үйсін, қаңлы дәуірі, түркі мен 

оғыз-қыпшақ дәуірі. Жалпы ғалымдардың 

пайымдауынша,  ХІІІ  ғасырда  қыпшақ 

хандығының құрылуы мен қазақ этногенезі 

өзінің мәресіне жеткен болатын. Тек бір ғана 

фактор жетпей қалды. Нақты теретория бар, 

тіл бар, тек саяси фактор, мемлекеті әлсіздеу 

болды.  Және  ол  мемлекеттік  жүйе  сол 

ғасырдағы моңғол шапқыншылығына төтеп 

бере алмады. Сондықтан этникалық процес 

бірталай уақытқа шегерілді, бірақ жойылып 

кеткен жоқ. Тіпті, даму барысында сыртқы 

жаулаушыларды жеңіп шықты. мемлекеттік 

дін ретінде ислам дінінің қабылдануының 

өзі  жаңа этногенезді көрсетеді. ал ХІІІ 

ғасырдың  ортасы  мен  ХІVғасыр  мәре 

(финиш) болды. бұл туралы шайбанилық 

деректер, халық ауыз әдебиетінің үлгілері 

мен  астрахандық  деректер  айтып  отыр. 

Керей  мен  Жәнібек  билеуші  әулеттің 

өкілдері. Олар да қозғаушы күшке сенді. 

Ол  күштер  этникалық  тайпалар  болды. 

Кешегі Қобыланды батыр мен ақжол бидің 

арасындағы  қайшылық  бар,  этникалық 

тайпалар  арасындағы  аумалы  төкпелі 

шиеленістер  бар,  Керей  мен  Жәнібек  өз 

ұлысын бөліп алып келеді. Сөйтіп, қазақ 

сөзі жаңа этникалық жаңа мәнге ие болады.



Тарих тағылымы тереңде

Түркиядан  Қазақстанға,  оның  ішінде 

Тараз шаһарына тұңғыш рет келіп тұрған 

профессор Салих Юлмаз, мыңжылдықтар 

тоғысында  еңсе  көтерген  егемен  қазақ 

елін хандықтың 550 жылдық мерейтойы-

мен құттықтап, аталмыш уақыттан бұрын 

пайда болып, ел мен елді, мәдениет пен 

руханиятты, өркениеттерді жалғаған Ұлы 

Жібек  жолына  тоқталды.  1453  жылдары 

Еуропалықтар  су  жолдарымен  қатынай    

бастап,  тарих  сахнасынан  тасалана  бер-

генмен араға бірталай ғасырларды салып,  

кейін  қайтадан  қолға  алынып  отырған 

Жібек жолы проектісіне игі лебізін жеткізіп, 

65  мемлекетті  қамтыған  аталмыш  жоба 

Қазақстан  мен  Түркия  елінің  де  арасын 

жақындата  түсетіндігін  баса  айтып  өтті. 

«Қазақстан өзінің тарихи рөлін қалпына 

келтіріп, Еуропа мен азияның арасындағы 

өзіндік  көпір  ретінде  Орта  азиядағы  ірі 

іскерлік транзиттік хабына айналуы тиіс... 

бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық 

дәрежедегі  сауда-көлік,  қаржылық-

іскерлік,  инновациялық  –технологиялық 

және  туристік  маңызды  транзиттік  дәліз 

қалыптастырады... бұл мегажобаны жүзеге 

асыру  арқылы  2020  жылы  Қазақстан 

арқылы транзиттік жүк айналымы екі есеге 

артып  болашақта  оны  жылына  шамамен 

50  млн.  тоннаға  жеткізуге  болады»  деп 

айтқан болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Осы 

бастамасымен іске асырылып жатқан «ба-

тыс Еуропа-батыс Қытай» магистральдық 

көлік  дәлізіне  түркия  профессоры  жан- 

жақты тоқталып, тарихи достығымыздың 

нығая  беруіне  тілеулестігін  жеткізді. 

бұдан әрі сөз тізгіндеген тарихшылардың 

барлығы өздерінің ізденіс жұмыстарының 

нәтижелерін ортаға салды. ЮНЕСКО-ның 

аймақаралық сарапшысы, т.ғ.к. Дмитрий 

Воякин Жамбыл өңірінің бай жәдігерлеріне 

шолу  жасап,  мағынасы  тереңде  жатқан 

мұраларды  сөз  етті.  Оның  айтуынша, 

«ақыртас» аумағынан табылған жерасты 

құбырларында сол заманның өзінде ыстық су 

жүргізілген екен. ал арал теңізінің астында 

қалашық болған. Қазіргі таңда теңіз астынан 

қалашық үйінділері мен оған тиесілі тарихи 

жәдігерлер де табылыпты. бұған қоса ол 

Отырар, Сарайшық сынды қазақ ұлысының 

даму  тарихына  куәгер  шаһарларда 

болған  қазба  жұмыстарымен  түбегейлі                                                                                            

таныстырып өтті. Конференцияның екінші 

күнінде бес секция бойынша ғалымдардың 

ғылыми баяндамалары тыңдалды.



Тағзым

7

   //    «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №22 (1257),  27  МАМыР  2015 Жыл   //



g

 

Біздің елімізде қарттар әрқашан қамқорлық аясында. Әсіресе, бүгінгі 



бақытты, бейбіт өмірімізді қасық қаны, шыбын жанымен қорғаған Ұлы 

Отан соғысы ардагерлеріне құрмет ерекше. Олар сыйға тартқан Жеңістің 

70 жылдығын кеше ғана тойладық. Бірақ соғыс ардагерлеріне құрмет пен 

қошемет күннен-күнге арта түспесе, азаймақ емес..    



ахметжан аЙТНаЗарОв,                                   

Жамбыл облыстық қаржы бақылауы 

инспекциясының бөлім бастығы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соғыс 

және еңбек ардагерлеріне қамқорлық 

көрсету  мәселесін  ешқашан  назар-

дан  тыс  қалдырған  емес.  ал  биылғы 

Қ а з а қ с т а н   х а л қ ы н а   Жо л д ау ы н д а 

Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы  тойла-

натын  мерекелі  жылда  әрбір  соғыс 

ардагеріне ерекше көңіл бөлініп, ба-

рынша қамқорлық жасалуы керектігін 

және ол науқандық сипатта қалмауын 

баса  айтты.  Осыған  орай  облыста 

да  соғыс  ардагерлеріне  құрмет  пен 

қошемет көрсетілуде.

біздің  ұжым  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагері Иван андреевич Кудрявцевке 

қамқорлық  жасауды  міндетіне  алған. 

Осы  міндеттің  ойдағыдай  жүзеге 

асырылуы  облыстық  инспекция  бас-

шысы  Қанат  Төрехожаевтың  қатаң 

бақылауында.

Ұлы ерлікке мың тағзым!

 

қарт МаЙданГЕр 

қаМқорлықта

ардагермен етене араласу кезінде ол 

кісінің Отан қорғаудағы ерлік істеріне 

қанық болдық. Неміс-фашистер КСРО-

ға  тұтқиылдан  шабуыл  жасаған  1941 

жылдың  21  маусымында  әлі  18-ге  де 

толмаған  жасөспірім  жігіт  С ерпу-

хов  авиация  училищесінің  курсанты 

екен.  араға  22  күн  с а лып  әскерге 

шақыртылған.  Содан  жауды  қанқұйлы 

ұясында  талқандағанға  дейін  қаруы 

қолдан   түсп еген   майда нге р  соғыс 

аяқталғаннан кейін, Ордженикидзедегі 

Суворов  әскери  училищесін  жеделде-

те  оқып  бітіріп,  ширек  ғасырға  жуық 

әскери  қызметте  болып,  полковник 

шенінде отставкаға шыққан.

Оның  жауынгерлік  ерліктері  мен 

мінсіз  әскери  қызметін  айғақтағандай 

о м ы р ау ы н д а   Қ ы з ы л   Ж ұ л д ы з ,   І І -

д ә р е же л і   О т а н   с о ғ ы с ы   о рд е н д е р і , 

«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Кавказды 

қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені 

үшін», «Кеңес әскері қатарында 20 жыл 

қалтқысыз қызметі үшін» медальдары  

жарқырайды. Олардың қатарын бейбіт 

күнде  Кеңес  Әскері  мен  Жеңістің  ме-

рейтойларына  арналған  жауынгерлік 

марапаттар толықтырып тұр.

–   Ә с ке р и   қ ы зм е т т е н   от с т а в ка ғ а 

шыққаннан  кейін,  1987  жылға  дейін 

т а б а н ы   к ү р е кт е й   2 0   ж ы л   Жа м б ы л 

облыстық  сауда  басқармасында  аға 

инспектор қызметін атқардым. Өмірлік 

жарым  Тамара  Петровна  да  сауда  са-

ласында  жұмыс  істеген.  Қыздарым 

анна,  Надежда,  Неллялардан  немере, 

шөберелерім,  тіпті  шөпшектерім  де 

бар.  Өміріме,  өмірімнің  өте  т ама-

ша  кезеңдерін  өткізген  Қазақ  еліне, 

ақжарқын, қонақжай халқына ризамын! 

Рахмет! Тек Томаның жоқтығы болмаса, 

- деп мұңайған қалыпта томаға-тұйық 

отырып қалды Иван андреевич. Әйелі 

осыдан 7 жыл бұрын дүние салған екен. 

мерекелі  жылда  біз  қарт  майдан-

герге  жыл  басынан  бері  қамқорлық 

к ө р с е т і п   ке л е м і з .   Ұ л т т ы қ   м е р е ке 

Наурызда  жақсы  сый-сияпат  жасап, 

дастарханнан  дәм  татқыздық.  Жеңіс 

мерекесі  қарсаңында  үйіне  «бұл  үйде 

Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады» 

деген  тақта,  пошта  жәшігін  орнатып, 

үй  маңайын,  арық-атызын  тазаладық. 

мерекеде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

арналған мерекелік медаль мен облыс 

әкімінің  Құттықтау  хатына  қоса  тағы 

да сый-сияпат тарту еттік.

а р д а г е р г е   а т аул ы   м е р е к е л е р д е 

лайықты  құрмет,  қошемет  көрсету  – 

парыз. біз ол парызымызға адалмыз.

Батыр байланысшы 

 

„

Тұңғышының балауса үнімен бал 



қылықтарын көріп, тұлымы желбірей 

бастаған уақытта соғысқа аттанған Оспан 

Жолдасов ұрыс даласында 163 гвардия 

полкінде байланысшы болады. 



Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс
PDF-kaz -> №9 (1244) 3 наурыз 2015 жыл, сейсенбі „ «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!»
PDF-kaz -> «Жасыл белдеулер» қанат жайып келеді
PDF-kaz -> Конференцияда талқылады басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ерқанат манжуов ашып, жүргізіп отырды. Ол ағымдағы жыл аймақта өтетін қазақ
PDF-kaz -> Құрметті тұтынушылар!
PDF-kaz -> №1 (1341) 5 қаңтар 2017 жыл, бейсенбі „ Жаңа жыл мерекесінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Рио-де-Жанейро қаласында өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Зульфия Габидуллинаның арманын
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2 бет. Тарихыңды таны
PDF-kaz -> Құрметті тараздықтар!


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет