24.8. ГОЛОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
МЕДИЦИНАДА ҚОЛДАНЫЛУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Голография
1 —
толқындардың интерференциясына және дифракциясына негіз-
делген көріністерді ж азу немесе сақтау әдісі.
Голография идеясын 1948 ж. Д. Габор бірінші рет ұсынды, ал оның прак-
тикалык колданысы тек лазер сәулесінің пайда болуынан кейін мүмкін болды.
Голографияны түсіндіруді фотографиямен салыстырудан бастау орынды.
Фотография кезінде фотопленкада денеден шағылған жарык сәулелерінің
толкынының каркындылығы түсіріледі. Кескін бүл жағдайда караңғы және
жарык нүктелердің жиынтығын береді. Шашыраған сәулелердің фазасы тір-
келмейді де дене туралы көптеген акпарат жоғалып кетеді.
Голография объектімен шашыраған толкынның амплитудасын және фаза-
сын ескере отырып ол туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Фазаларды
тіркеу интерференцияның аркасында жүзеге асырылады. Бүл мақсатта жарык
шығаратын бетке екі когерентті толкын жіберіледі: тіректі толқын, ол қосымша
қүрылғы ретінде колданылады, олар тікелей жарык көзінен немесе айнадан шы-
ғады, ал екіншісі сигналды толқын, ол тіректі толқын (жарык) денеден жартылай
шашырағанда (шағылысқанда) пайда болады да, ол туралы ақпарат сактайды.
Сигналды және тіректі толкындардың косылысыннан түзілген, жарык
сезгіштік пластинаға түсірілген интерференциялық бейнені голограмма деп
атаймыз. Кескінді кайта алу үшін голограмманы сол тірек толқынымен кай-
та жарықтандырады. Бірнеше мысалмен голограмманың қалай алынатынын
және кескінді кайта алуға болатынын түсіндірейік.
Достарыңызбен бөлісу: