Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет12/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92
Информатиканы оқыту әдістері  
Әдіс (грек.– «methodos» – «зерттеу») – бҧл тәсіл, әдіс немесе әрекет 
бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған тҥрде реттелген 
әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің 
практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.
Әдебиетте әдіс ҧғымына әртҥрлі анықтамалар келтіріледі:
1) мҧғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі;
2) жҧмыс тәсілдерінің жиынтығы;
3) мҧғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол;
4) мҧғалім мен оқушылар әрекеттерінің жҥйесі және т.б.
Педагогтардың кӛпшілігі, әдістерді оқыту ҥрдісінің тапсырмалар 
жинағын шешуге бағытталған, мҧғалім мен оқушының реттеліп ӛзара 
іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады.
Оқыту әдісі – бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу кезінде белгілі бір 
тапсырмалар шеңберінде қолданылатын педагог пен оқушылардың 


23 
нысаналы педагогикалық қарым-қатынасын ұйымдастыру ережелері мен 
реттеуші қағидалар жүйесі (М.И.Махмутов1).  
М. И. Махмутов (1926 ж.) п.ғ.д., профессор, академик. Проблемалы 
оқытудың теориясы мен тәжрибе негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі 
сабақтың жаңа жҥйесін қҧрған.
Л. Я. Лернер және М. Н. Скаткин оқыту әдістерінің жіктеуін қҧрған 
Кеңестік педагог, дидактиктер. Л. Я. Лернер оқыту әдістерінің жҥйесін 
жасап, оқытудың дидактикалық незідерін айқындаған.
3 Ю.К.Бабанский (1927 ж.) – Кеңес Одағының педагогика ғылым 
Академиясының толық мҥшесі. Педагогикалық институттың студенттері 
ҥшін, педагогика бойынша оқулықтардың авторы.
Оқыту әдістерінің жіктеуі  
Оқыту әдістерінің саны мен сипаттамасы кӛп болғандықтан, оларды 
бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету сипаттамасы бойынша
– Лернер-Скаткиннің2 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:
- тҥсіндірме-суретті (кӛрнекілік) әдіс;
- репродуктивті әдіс;
проблемалы баяндау әдісі; бӛлшектеп іздеу немесе эвристикалық әдіс;
- зерттеу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет