Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Мектепте STEM білім беруді ҧйымдастыру



Pdf көрінісі
бет42/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
2.6 Мектепте STEM білім беруді ҧйымдастыру. 
 
STEM-білім беру дегеніміз не? 
Қазіргі уақытта әлемде тӛртінші технологиялық революция болып 
жатыр: қарқынды ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен 
әзірлемелер біздің ӛміріміздің барлық салаларын ӛзгертіп жатыр. Қоғам 
сҧранысы да, жеке тҧлғаның қызығушылықтары да ӛзгеріп жатыр.
Егер бҧрын қыздар еңбек сабағында алжапқыш тігіп, ал ҧл балалар 
ағашпен немесе металлмен жҧмыс істесе, онда қазіргі уақытта бҧл 
жеткіліксіз. Робототехника, қҧрастыру, бағдарламалау, ҥлгілеу, 3D-жобалау 
және тағы басқа – бҧның бәрі енді дҥниежҥзінің қазіргі оқушыларын 
қызықтырады. Бҧл қызығушылықтарды жҥзеге асыру ҥшін анағҧрлым 
кҥрделі дағдылар мен қҧзыреттер керек. Білу мен істеу ғана емес, сонымен 
қатар зерттеу және ойлап шығару маңызды. Ғылым, математика, 
технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір 
мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and 
mathematics) деген бір сӛзбен біріктіріп атауға болады. 
STEM – оқытудың кіріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық 
ғылыми-техникалық тҧжырымдар шынайы ӛмір мәнмәтінінде зерделенеді. 
Мҧндай тәсілдің мақсаты – STEM-сауаттылық пен әлемдік экономикадағы 
бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам, жҧмыс және 
бҥкіл әлем арасында тҧрақты байланыс қҧру (Tsupros, 2009). 
«STEM» аббревиатурасын алғаш рет 1990 жылдары америкалық 
бактериолог Р.Колвэлл ҧсынды, бірақ ол 2000 жылдардан бастап белсенді 
тҥрде қолданыла бастады. STEM негізінде осы ҧғымның жаңа нҧсқалары 
пайда болды. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары STEAM (ғылым, 
технология, инженерия, ӛнер және математика) және STREM (ғылым, 
технологиялар, роботтехникасы, инженерия және математика).
Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі 
болып табылады. Технологиялардың қарқынды дамуының арқасында жаңа 
мамандықтар пайда болуда және STEM мамандарға деген сҧраныс жаппай 
ӛсуде. Мысалы, ЕО елдерінде бҧл салада жҧмысқа орналасқан мамандардың 


71 
ҥлесі 2000 жылдан 2013 жылға дейін 12%-ға артты. 
Сонымен қатар, еуропа 
елдерінде 2025 жылы басқа мамандықтарға сҧраныс 3%-ға ӛссе, STEM 
саласындағы мамандарға деген сҧраныс 8%-ға ӛсетіні болжануда. 
2011 жылы 
ЭЫДҦ-ның қарастырылған 16 мемлекеттің ішінде Финляндияда STEM-
мамандықтар тҥлектерінің анағҧрлым кӛп саны байқалды: 20-39 жастағы 
халықтың 100 мың адамына шаққанда 109. Бҧл кӛрсеткіш Канада мен 
Швейцария кӛрсеткіштерінен екі есе артық.
STEM саласында білім беру жоғары технологиялар саласындағы 
мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. Сондықтан, Аустралия, 
Қытай, Ҧлыбритания, Израиль, Корея, Сингапур, АҚШ секілді кӛптеген 
елдер STEM-білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалар жҥргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет