Байынқол Қалиұлы


Ана тілі,  1995, 7 қыркүйек, 7-б



Pdf көрінісі
бет20/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64
Ана тілі, 
1995, 7 қыркүйек, 7-б. 
ҚАЗАҚ СӨЗІНЕ (ТЕРМИНДЕРІНЕ) ҚАУІП ТӨНІП ТҰР! 
 
1. Кәсіби терминдердің бәрін қазақшалаған дұрыс. Қазіргі орысша 
қолданып жүрген кәсіби терминдерді қазақшаламасақ, онда ол қазақ 
тілінің емес, орыс тілінің терминдері болып қала береді. Демек, 
қолданатынымыз орыс тілінің термині екен. Сол арқылы орыс тілінің 
терминін дамытып жүрміз. Қазақ тілі айдалада қалып отыр. Дүние жүзінде 
5 мыңдай тіл бар. Жалпы тілдердің қалыптасқан қағидасы бойынша әр тіл 
өз терминдерін өздері жасап алулары керек.
Терминнің екі жағы бар. Біріншісі – сыртқы тұлғасы, ол ұлттық 
болады. Екіншісі – ішкі мазмұны, бұл халықаралық болады. 
2. Қазақ тілінде жазылған әсірісе, техника ғылымдарына байланысты 
оқулықтар жалпыға бірдей түсінікті емес. Өйткені, ондағы терминдердің 
көпшілігі орысша, халықаралық терминдер деп жүргеніміздің өзі - басқа 
тілдерден орыс тіліне, орыс тілінен бізге келген терминдер.
Бұл бір. Екіншіден, оқулықтарда бірлі-жарым қазақша терминдер 
кездесетін болса, оны соны жазған адамнан өзге ел түсінбейді. Үшіншіден, 
дәл сол терминді екінші бір маман басқа бір қазақша сөзбен береді.
3. Бұл олқылықты түзетудің тиімді жолдары мыналар:
а) қазақша терминдерді ең алдымен терминкомға бікіттіріп алу;
52 


ә) бекітілген терминдерді газет-журналдар арқылы көпшілікке 
насихаттау;
б) барлық оқулықтарға жасқанбай, жалтақтамай ендіру;
г) сөздіктерге кіргізу. 
Қысқасы, 
қазақ 
терминдерін 
қалыптастрғымыз 
келсе, 
жиі 
қолдануымыз керек. Сонда қалыптаспайтын термин болмайды.
Ана тілі, 
1998, 7 мамыр, 4-б. 
 
ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТІЛ МӘДЕНИЕТІ 
 
Біз қазақ тіліндегі терминдердің бәрін мәдениетті терминдер деп айта 
аламыз ба?
Бұл сұраққа: «жоқ», болмаса «ия» деп жауап бере қою, әрине, оңай 
емес. Өйткені біздің қазақ тілінің терминдері деп жүргендеріміздің түгелге 
жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы еуропа тілдерінен енген сөздер. 
Олардың орыс тілінен енгендеріне «советизмдер» деп, ал еуропа 
тілдерінен енгендеріне «интернационализмдер» деп, ат қойып, айдар тағып 
алғанбыз. Аспаннан аяқтарын салбыратып түскендей-ақ оларды 
мақтаймыз, мадақтаймыз, тіпті үстіне қылпық жуытпай, орыс тілінде қалай 
жазылса, қазақ тілінде де солай жазамыз. Сондықтан болу керек, егер 
қазіргі кезде: «Бұлар біздің тіліміздің заңдылығына сай алынбаған», - деген 
жаңа ой, тың пікір айта қалсақ, оған көп адамның илана қоймасы анық. 
Өйткені олар тамырын тереңге жіберіп, тілімізге сіңісіп те үлгерген.
Ескеретін нәрсе: бұл халықтан екінші халыққа сөз ауысқанда олар 
міндетті түрде дыбыстық өзгерістерге түседі. Дыбыстық өзгерістерге 
түспейтін сөз жоқ. Тіпті бір-бірімен туыс деп аталатын халықтардан 
ауысқан сөздердің өздерінде де азды-көпті дыбыстық өзгерістер болмай 
тұрмайды. Мысалға «өзіміздікі» деп мардымсып жүрген орыстың 
пальто
сөзін алалық.
Оның түп төркіні – француздың 
палетот
(paletot) сөзі. Ағылшын, 
неміс тілдерінде де бұл сөз осылай аталынады. Ол сөз албан, болгар, поляк 
тілдерінде – 
палто
(palto), румын тілінде – 
палтон
(palton), ал, орыс, 
украин, белорус және қазақ тілдерінде – 
пальто.
53 


Орыс, украин, белорус тілдерінде бұл сөздің осылай аталынуы заңды. 
Өйткені олар – туыс тілдер. Ал бұлармен туыстығы жағынан үш қайнаса 
сорпасы сорпасы қосылмайтын қазақ тіліне не жорық?! Ең болмаса, бұл 
сөз қазақ тілінде жіңішкелік белгісінсіз – 
пәлте
делінсе бір сәрі ғой (орыс 
тіліне бас ұру, табыну, бір сөзбен айтқанда – орыстану дегеніміздің бір 
көрінісі осы). 
Бізде қазір терминдерді реттеу, термин жасау ғылымымен шындап 
айналысып жүрген ешкім жоқ. Анда-санда біреу бұрын қазақ тілінде 
орысша қолданылып жүрген сөздің орнына ауызекі сөйлеу тілінен, 
жергілікті сөздерден алынған немесе жаңадан жасалынған сөздердің 
біреуін балама етіп ұсына қалса (мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет