Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
бигеш
– маятник, 
қапсал 
– 
кассета, 
риян
– косметика деген сияқты), «жоқ, бұлар жасанды сөздер, олар 
тиісті ұғымдарды дәл бере алмайды», - дейді. Олай болса, әлгіндей орысша 
сөздердің орнына тілімізде бұрыннан бар, бірақ жиі қолданылмағандықтан, 
ұмытылып бара жатқан көне сөздердің біреуін ұсынып (мысалы: 
әнжі 
– 
тампон, 
берн
е – функция, 
көйе
– халат, 
қандыл
– люстра деген сияқты), 
«осы қалай болар екен»? десең, әлгі адамдар: «Жоқ, көне сөздер бүгінгі 
күнге лайық емес», - деп екінші жағына жалт береді. Сөйтеді де: «Қазақ 
тілі – кедей тіл. Термин жасауға оның лексикалық қоры жетпейді. 
Халықаралық терминдердің ішінде жоғарғыдай ұғымдарды білдіретін 
мынандай-мынандай грек, латын сөздері бар. Әлгі қазақша сөздердің 
орнына соларды алу керек», - деп ақыл айтқансып, өз жыртысымыздан гөрі 
өзгенің жыртысын жыртады. 
Кейбір азаматтар: «Басқа тілден сөз алмасақ, біз тұйықталып қаламыз, 
тіліміз байымай қалады», - дегенді сылтау еткісі келеді («Егемен 
Қазақстан», 26 шілде, 1994). 
Кім басқа тілдерден сөз алмайық деп отырған?! Алу керек. Көрші 
тілдерден сөз алу – тілімізді байытатын жолдардың бірі екендігі рас. Дүние 
жүзі халықтарының бәрі солай және солай істеп келе жатыр. Мәселе ол 
сөздерді қалай алу керектігінде ғана. 
Әлгі азаматтар айтқандай «Шет тілінің сөздерін сол халықтың өзінде 
қалай айтылып, қалай жазылса, біз де оларды солай айтып, солай 
жазуымыз керек», - деу, біріншіден, ол сөз алу емес. Ол – шет тілі 
сөздерінің басып кіруі деген сөз. Олар ғылымда варваримдер деп 
аталынады. Екіншіден, ондай жолмен енген сөздер тілді байытпайды. 
54 


Қайта, керісінше, ондайлар тілді бүлдіреді, ластайды. Неге орыстар сан 
ғасыр бойы варваризмдермен күресіп келді?! Неге Ленин өзінің біраз 
мақалаларын осы мәселеге арнады?! 
Ал біз болсақ, сол варваризмдерді «құшақ жайып, қарсы алалық», 
«олардың қылшығына қыл жуытпай (ешбір дыбысына қол тигізбей», сол 
күйінде алалық», - дейміз. Осымыз дұрыс па? 
Әрине, дұрыс емес. 
Бірде мен: «
Бухгалтер 
деген сөздің қазақша баламасы табылмаса, оны 
бұғалтыр 
деп өзімізше дыбыстасақ та жетпей ме», - дедім. Соны естіген 
әріптестерімнің біреуі: «
Бухгалтер
– бух (buch) «кітап» және 
халтан 
(halten) «ұстау» деген неміс сөзі. Ол – халықаралық термин. Халықаралық 
терминді 
бұғалтыр 
деп қазақшаласақ, мұнымыз әлгі сөзді бұрмалағандық 
болып шығады. Сөзін бұрмалап, келеке еткеніміз үшін неміс халқынан ұят 
емес пе?» - дегені бар. 
Жарайды-ақ, солай-ақ болсын делік. Бірлі-жарым сөздерін тіліміздің 
ішкі заңдылығына сай қазақша дыбыстағынымыз үшін біз еуропа 
халықтарынан ұялып-ақ қалалық. Ал біз үшін, біздердің бейшаралығымыз, 
білімсіздігіміз, намыссыздығымыз үшін, қазақ тілі үшін кім ұялады? Басқа 
тілдерден ауысқан сөздерді «сол халықтан ұят, өзгертпей алалық» деп 
жатқан қай халық бар?! 
Біздің ойымыз айтады: тіл мәдениеттілігін сөз ету үшін, алдымен 
тіліміздің ішкі тазалығын, ұлттық негізін түзеп алуымыз керек. Өйткені, 
біздің тіліміз – орыстанып, еуропаланып кеткен тіл. Неге десеңіз, біздің 
әліпбиіміздің құрамында қазақ тіліне қажеті шамалы 10-12 әрпі жүр. 
Сөздік құрамымыздан «халықаралық терминдер» деген құрметті атақты 
иеленген еуропа тілдерінің 100 мыңнан аса сөздері ойып тұрып орын 
алған. Ол жат сөздер біздің тілдік ерекшелігімізге (үндестік заңына) 
бағынбай қолданылады. Сөз саптау үрдісімізді де қазақ тілінің қалыбынан 
шығып кеткен. Орысша ойланып, сөйлемдерімізді орысша құрамыз т.б. 
Осы сияқтыларды ескере келіп, «қазақ тілін мұндай кінәраттардан 
аздап болса да арылтуымыз керек» деген ой айтсақ, бізге қарсы дау 
айтушылар да, тіпті жазғырушылар да табылып жүр. Сондағы олардың 
дәлелі: «Біздің тіл – дамыған, жетілген тіл. Ондағы сөздер айтылуы 
жағынан да, жазылуы жағынан да әбден қалыптасқан. Қалыптасқан 
сөздерге тиіспеу керек», - дейді. 
55 


Өзім қатты сыйлайтын, ғалым апамыз – Р.Сыздықова: «Бүгінгі күні 
қолданып отырған графикаға сәйкес бекітілген ресми емлені, тілдің 
заңдылығын өз бетінше бұзуға ешкімнің де хұқысы жоқ.Тіліміздегі орыс 
тілінен еніп, әбден орныққан ондаған кейбір сөздер, «самауыр», «кереует» 
т.б. осы сияқты сөздерден басқалары тіл заңдылығына сөйкес (қай тілдің 
заңдылығы екендігін бір құдайдың өзі білсін. – Б.Қ.), өзгертілмей, 
бұзылмай жазылуы керек», - дегенді айтыпты (Ана тілі, 18 тамыз, 1994, 6). 
Рас, бекітілген ресми емлені өз бетінше бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. 
Бірақ сол «бекітілген ресми емле» тіліміздің табиғи заңдылығына сай 
келмесе ше? Атамыз қазақ тіл заңдылығын сақтап, орыстың «самовар» 
сөзін – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет