Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет40/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

б, в, ғ, д
дыбыстарына 
аяқталмайды) т.б. 
Бұлар біз салыстырып отырған сөздердің тұлғалық ерекшеліктері
яғни әр ұлттың өзіне тән белгілері. Ал бұл сөздердің мағыналық сипаттары 
екі тілде де бірдей: 
ұжым/коллектив
– ортақ жұмыстары, мақсат-
мүдделері бойынша біріккен адамдар тобы; белгілі бір мекеме, кәсіпорын, 
ұйым мүшелері (Қазақ, орыс тілдерінің түсіндірме сөздіктерінен).
Сөздердің тұлғалық сипаты – ұлттық, ал олардың мағыналық сипаты – 
халықаралық деп отырғандығымыздың мәні, міне, осында 
96 


жатыр. Олай болса, әрбір ұлттық терминологиясында да бұл екі сипат 
сақталынуы керек. Өйткені термин дегеніміз де – сол ұлттың, сол тілдің 
сөзі, сол тілдің сөз тіркестері; бір сөзбен айтқанда – ұлттық тілдің 
бірліктері. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда біздің арғы тегі жағынан әлде гректік, 
әлде латындық болып табылатын, сыртқы тұрпаты жағынан бірде 
ағылшындық, бірде италияндық, бірде орыстық болып келетін 
«халықаралық терминдер» деп жүрген терминдеріміз – өзімізді-өзіміз 
алдау. Олар ешқашан қазақ тілінің терминдері бола алмайды. Қазақ тілінің 
терминдері болу үшін, ол халықаралық терминдер бірінші кезекте сыртқы 
тұлғасын, яғни дыбысталуын қазақшаға өзгертуі қажет. 
Мысалыға, 
автомат
халықаралық терминін алалық. Бұл – гректің 
automatos 
деген сөзі. Орыстар ол сөзді 
automatos
деп алмай, өз тілінің 
заңдылығына бағындырып, 
автомат
деп өзгертіп алады. Біз болсақ оны 
орыс тілінде қалай айтылса, солай айтып, сол тілде қалай жазылса, солай 
жазып, 
автомат
деп сыртқы тұлғасын өзгертпей алып жүрміз.
Неге? Орыс терминшілері оны неге өзгертті? Біз неге өзгертпей 
жүрміз? Сұраққа жауап жоқ. 
Жалпы тілдік теория (назария) тұрғысынан біз ол сөздің ішкі 
мазмұнын (мағынасын) сақтап, ал сыртқы тұлғасын 
автомат
деп емес, 
аптамат
деп, өз тіліміздің дыбыстау заңдылығына сәйкес өзгертіп 
алғанымызда ол сөз, сөз жоқ, қазақ тілінің термині болған болар еді. Олай 
етпегендіктен 
автомат
сөзі қазақтың термині емес, орыс тілінің термині 
болып қала береді. 
Орыстың 
автомат
терминін қазақша 
аптамат
деп алалық деген 
менің бұл пікіріме кей біреулер: «Қазіргі қазақ тілі – оқымаған, сауатсыз 
ата-бабаларымыздың тілі емес. Ол – европалық өркениетке аяқ басқан, 
оқыған, білімді («білімді» дегенді орыс тілін білетіндер деп ұғыңыз – Б.Қ.) 
қазақтардың тілі. Ендіше, халықаралық терминдерді орыс тілінде қалай 
болса, біз де солай қабылдауымыз керек», - деп жауап бергісі келеді, солай 
деп те жүр.
Мұндайларға не айтуға болады? 
Кейде еш нәрсе айтқың да келмейді. Өйткені бір нәрсе деп айтқаннан 
өзгеріс болса, қазақ терминдерін жасауға бетбұрыс 
97 


болатын уақыт жетті. Біраз ғалымдар, мамандар, кейбір зерделі азаматтар 
«қазақ терминдерін қазақша жасалық» деген пікірді айтудай-ақ айтып жүр, 
жазудай-ақ жазып жүр. Бірақ одан ешқандай нәтиже шығып жүрген жоқ. 
Өйткені орыс оқуы өтіп кеткендер бұған қарсыласудай-ақ қарсыласып 
келеді. Олардың саны біздің қоғамда көп екендігін ескерсек және олардың 
көпшілігі биліктің төңірегінде жүргенін ескерсек, жақын арада өзгеріс бола 
қояды дегенге сенгің де келмейді. 
Орысша жазылып, орысша айтылып жүрген терминдерді әспеттеп 
«халықаралық терминдер» деп атауымыз – қазақ тілінің қамы емес, ол – 
бізге терминін берген тілдің қамы. Айналып келгенде сол тілдің сөздерін 
қолдану, сол тілдің сөздерін дамыту, өсіру, өркендету деген сөз. Сол 
арқылы қазақ тілін дамытпау, аздыру, азғындату. Нәтижесінде оны 
біржолата құрту, тамырына балта шабу деген сөз. Себебі 
автомат
сөзінде 
мағыналық, ұғымдық сипат болғанымен онда тұлғалық (ұлттық) сипат 
жоқ.
Әдетте біз «тіл өзгереді, өзгерді» деп жатамыз. Тілдің өзгеретіндігі 
рас. Бірақ ол өзгеріс екі түрлі болатындығын әр уақыт ескере бермейміз. 
Ол өзгерістің бірі – тілді дамытатын өзгеріс, екіншісі тілді тығырыққа 
тірейтін өзгеріс. Тілдің ішкі заңы бойынша біртіндеп болатын сандық, 
сапалық өзгеріс – тілдің өмір сүру заңдылығы. Ол тілді дамытады. Ал 
тілдің ішкі заңына қайшы келетін сапасыз, жүйесіз өзгеру – тілді 
кедейлендіреді, аздырады. Бір сөзбен айтқанда ол тілді құртады. 
Қазақ терминдерінің кеңес өкіметі тұсындағы өзгерісі – тілді 
дамытатын жол болмады, оны аздыратын, тоздыратын жол болды. Марқұм 
Ахмет Байтұрсынұлы атамыз мұны алдын-ала сезіп, «сөзі жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады» деп ескерткен екен. Осы бір жалғыз ауыз сөзде 
үлкен ой, терең сыр жатқанын біздің мұқалған санамыз қорыта алса жарар 
еді.
Тіл – халықтық болғанымен, ол жеке адамның ой мен санасына, оның 
адами әрекетіне тәуелсіз емес. Олай болса, тілді, әсіресе оның 
терминологиясынан саналы түрде бағыттап отыруға болады. Олай етпей, 
оны еркіне жіберсек, ол бей-берекет күй кешуі мүмкін. Себебі тілдің бай-
кедей болуы немесе таза-бұлғанған болуы оның тұтынушыларына 
байланысты. Тұтынушылары шын мәнінде сауатты 
98 


болса, олар өз тілін жете меңгерген болса, онда тілі де жүйелі дамыған 
болады. Ал тұтынушылары будан немесе адасқан болса, оның тілі де 
шатасқан, будан болып шыға келеді.
Терминдері реттеп, жүйелеп отыру сөзсіз қажет. Қажет қана емес, ол – 
міндетті түрде істелініп тұруға тиісті іс. В.И. Лениннің өзі бастап орыс 
тілін жат сөздерден тазартуы, Ф.Миттеранның басшылығымен француз 
зиялыларының француз тілін ағылшын сөздерінен тазартуға әрекеттеніп 
жүргендері (француз тілінде 3500 ағылшын сөзі бар екен), міне, сол 
тазартудың қажеттілігін сезгендіктен болған нәрсе. Егер ондай мақсатты 
істер болмаса, яғни тілді жат сөздерден дүркін-дүркін тазартып отырмаса, 
тілдің кірленіп, бұлғанып кетуі ғажап емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет