Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021


Практикалық сабақ 3. Жазық жердің фотожоспарын дайындау, фототрансформациялау



бет5/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Фотограм практика

Практикалық сабақ 3. Жазық жердің фотожоспарын дайындау, фототрансформациялау

3.1.Фотопланга және трансформациялық планшетке негіз дайындау.


3.2.Аэрофотонегатив дайындау.
3.3.Суретке жарық түсіру және басу.
3.4.Тегіс жердің фотопланын дайындау.
Берілген масштаб бойынша трансформирленген суретті алу бірқатар жұмыстардан тұрады: трансформациялық планшет жэне фотопланға негіз дайындау; аэрофотонегатив дайындау; фотоматериал таңдау және оның сапасын анықтау; фототрансформирлеу; фотолабораториялық өңдеу.


1.Фотопланга және трансформациялық планшетке негіз дайындау.

Фотопланға негіз дайындау үшін алюминийге немесе пластикке жабыстырған тығыз ақ қағаз алынады. Осындай негізге координаттық тор тұрғызады, содан соң фототрансформациялық нүктелерді координаталары бойынша түсіреді. Егер трансформирлеу кезінде суреттердің орталық нүктелері пайдаланылатын болса, онда олардың орынын негізде графикалық тәсілмен анықтайды. Сондай-ақ, негізге координаталары бойынша трапеция бұрыштарын түсіреді. Трансформирлеу үшін қатты кағазға трансформациялық және орталық нүктелер түсірілген фототрансформациялық планшет дайындайды.




2.Аэрофотонегатив дайындау.

Далалық байланыстыру жұмыстары нәтижелерін пайдаланып немесе камералдық фототрангуляция жүргізу арқылы табылған нүктелерді аэронегативте теседі. Тесілген нүктелерді тазалап, қосымша оларды кеңейтеді. Сапалы фотографиялық көрініс алу үшін жылтырсыз фотоқағаз қолданылады. Фотолабораториялық өңдеуден кейінгі фотоқағаздың деформациясы 0,2 мм аспауы керек. Фотоқағаздың деформация коэффициенті мынадай формуламен есептеледі: бүл жерде £/ - суреттегі өлшенген үзындықтардың қосындысы; Т.10 - бақылау торындағы сол ұзындықтардың қосындысы. Трансформациялық планшет. Фотоқағаз деформациясын екі рет анықтайды өңдегенге дейін /0 жэне өңдегеннен кейін /. n = l/l0=(d-a)/d, бұл жерде d кескіндеу ортасынан S экранға Е дейінгі ұзындық, яғни, d = ғ(і + к). Жүйелі деформацияның әсерін жою үшін құрал экранындағы нүктемен түйістіру кезінде трансформациялық планшеттің астына картон салады, оның қалыңдығы а мынадай формуламен есептеледі: а = пҒ(К + 1) (3.7) бүл жерде Ғ - фототрансформатор объективінің фокус ұзындығы; К - трансформация коэффициенті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет