3.Суретке жарық түсіру және басу.
Түсіру нүктелері трансформациялық планшеттегі сәйкес нүктелермен түйіскеннен кейін экраннан трансформациялық планшетті алып, керекті диафрагманы қойып, қызыл фильтрмен объективті жабады. Экранға керекті фотоқағазды қойып, үстін шынымен бастырады. Фотоқағаздың жарық сезгіштігіне, аэрофотонегативтің тығыздығына және жарық күшіне байланысты жарықты белгілі уақыт ұстап суретті басады. Ұстау уақыты тәжірибе жолымен анықталады.
4.Жазық жердің фотопланын дайындау.
Трансформирленген суреттер фотоплан дайындауда қолданылады. Фотоплан дайындау: суреттерді дайындау; суреттерді негізге орналастыру; суреттерді қырқу жэне жабыстыру; фотопланды трапеция рамкасымен қырқу; сапасын бағалау жэне фотопланды безендіру сияқты жұмыстардан түрады. Суреттерді орналастыруға дайындық кезінде трансформирленген суреттердің трапеция ауданын толық жабуын тексереді жэне олардьщ сапаларьш бағалайды. Содан соң суреттерде трансформациялық нүктелерді пуансонның (төрт қырлы болат білеу) көмегімен диаметрі 1 мм тесік жасайды. Суреттерді негізге орналастыру кезінде негіздегі нүктелер тесіктің ішінде болуын бақылайды. Ауытқуы 0,4-0,5 мм аспауы керек. Суреттерді орналастыру маршрут бойымен жүргізіледі. Әуелі сол жақтағы жоғарғы маршруттың шеткі суретін орналастырады, оны салмақшамен бекітеді. Осылайша барлық суреттер орналастырылады. Орналастыру сапасын төменгі суреттегі контурлік нүктелердің ауытқуымен бақылайды. Ауытқу 0,5 мм аспауы керек, егер одан асып кететіндей болса, орналастыруды жөндейді, содан соң суреттерді бойлық жабу жолағының шамамен ортасынан қырқады. Қырқу кезінде құрылыс жэне басқа майда объектілерді айналып өтіп, сызықтық объектілерді тік қырқып, қажеттілігі аз объектілердің үстімен жүргізеді. Қырқу кезінде трансформациялық тесіктердің үстімен, өңдері эр түрлі объектілерді бөліп түрған сызықтардың бойымен немесе бағдарлау қызметін атқаратын объектілердің үстімен жүргізуге болмайды. Қырқып болғаннан соң суреттерді кезек-кезек негізге резеңке немесе басқа арнайы желіммен жабыстырады. Сурет қырқындылары бақылау үшін сақталады. Фотоплан дайындаудың сапасын трансформациялық нүктелер, қырқу сызығы жэне рамка бойынша бағалайды. Трансформациялық нүктелер бойынша бағалау кезінде суреттегі тесік трансформациялық нүктелермен сәйкес келуі керек, өйткені суреттегі тесіктің диаметрі 1 мм болғандықтан трансформациялық нүктелер тесік ішінде жатады, яғни, ауытқу 0,5 мм аспайды. Қырқу сызығы бойынша бағалау сурет қырқындыларын пайдалану арқылы жүргізіледі. Контурлердің сәйкес келмеуі 0,7 мм аспауы керек. Рамка бойынша бағалау көрші фотоплан немесе карта болтан жағдайда жүргізіледі. Бұндай жатдайда рамка бойымен бір фотопланнан екінші фотопланға өтетін сәйкес контурлерді тексереді (мысалы, өзен немесе жол). Ауытқу 1 мм дейін жіберіледі. Таулы жерлердің фотопландары үшін жіберілетін қателер 1,5 есе көбейтіледі. Айтылған тәсілдерге қосымша фотопланның геометриялық дэлдігі координаталары бойынша түсірілген бақылау нүктелер бойынша тексеріледі. Бақылаудан соң фотопланға координаталық торлар сызылады жэне рамка сыртын инструкцияға сэйкес безендіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Фотопланға негіз түсіру үшін қандай шарттар орындалады?
2. Фотоқағаздың деформация коэффициентіқалай анықталады?
3. Фотоплан дайындау барысында қолданылатын сурет.
4. Сурет қырқындылары не себепті керек?
Достарыңызбен бөлісу: |