Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


-сурет. Балықтардың дене құрылысы



Pdf көрінісі
бет108/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
1-сурет. Балықтардың дене құрылысы. 
Балықтың құйрық жүзбеқанатынан басқа бір жұп көкірек, бір жұп құрсақ жүзбеқанаттары 
бар. Ал құйрық, бір немесе екі арқа және бір құйрықасты (аналь) жүзбеқанаттары сыңар 
болады. Алға қарай жүзгенде құйрық жүзбеқанаты негізгі рөл атқарады. Балық көкірек 
және құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен судың төменгі қабатына түсіп, беткі қабатқа 
көтеріледі, әрі денесінің тепе-теңдігін сақтайды. Құйрықасты жүзбеқанаты денені берік 
ұстауға көмектеседі. Балықтың су ішінде күрделі қимылдар жасауына бұлшықеттері 
жәрдемдеседі. Әсіресе тұлғасы мен құйрықтағы бұлшықеттер жақсы жетілген. Оның 
себебін өздерің ойланыңдар. Көптеген балықтарда (сазан, алабұға, тұқы және т. б.) жүзуін 
реттейтін торсылдақ бар. Торсылдақ қан тамырлардан бөлінетін газдардың қоспасына 
толған кезде балықтың меншікті салмағы азайып, су бетіне жеңіл көтеріледі. Торсылдақ 
ішіндегі газдың көлемі азайғанда, дене салмағы артып, балық су түбіне қарай батады. 
Торсылдақ кейбір балықтарда – дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір 
балықтарда дыбыс шығаратын мүше ретінде жұмыс істейді. 
Қосмекенділер – құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар (2-
сурет). Осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, олардың артқы аяқтары 
ұзын болады. Сондықтан олар секіріп қозғалады. Бақа сияқты тіршілігі жартылай сумен 
байланысты түрлерінде аяқтарының артқы жұбындағы саусақтарының арасында терілі 
жүзбежарғақ болады. 
 
 
 
2-сурет. Бақа, оның қаңқасы мен аяғының құрылысы. 
Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта – қарбілек және алақан, артқы 
аяқта сансирақ және табан бөлімдері бар. Алақаны төрт саусақты, табаны бес саусақты. 
Аяқ сүйектері осы үш бөлімге сәйкес келеді. Алдыңғы аяқта тоқпан жіліккәрі 
жілік және алақансаусақ сүйектері болады. Артқы аяқта ортан жілікасықты 


104 
 
жілік және табан сүйектері бар. Бұлар өзара буын арқылы, омыртқа жотасымен екі 
белдеу арқылы байланысады. Иық белдеуі бұғанаданқарға 
сүйектен және жауырыннан түзіледі. Жамбас белдеу өзара бітісіп кеткен, бір шеті 
омыртқа жотасымен, екінші жағы ортан жілікпен байланысады. Қосмекенділердің тірек-
қимыл жүйесінің құрылысына толық тоқталуымыздың себебі – жорғалаушылардың, 
құстардың, сүтқоректілердің тірек-қимыл жүйелері қаңқаларының құрылысы бір-бірімен 
ұқсас. Әрине, қалай қозғалатынына байланысты әр түрдің өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Мысалы, кесірткенің аяқтары денені жоғары көтере алмайтын, қысқа болады да, 
аяқтарына құйрығы көмектеседі. Жыландарда аяқ болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет