Шығармашылығы: Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексен әнге өлең жазған. Жүз сексен әнге өлең жазған. 70 төлтума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.
Оның «Құрбыма» (1945), «Лирика» (1958), «Менің Қазақстаным» (1960), «Жүрек лүпілі» (1967), «Аспандағы әпке» (1984) т.б. жыр кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы болып келеді. Мұзафар Әлімбаевтың 300-дей өлеңіне ән жазылған. Сонымен бірге мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтардың мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де жүйелі айналысып келеді. Ол қазақ балалар әдебиетіне толассыз кадр тәрбиелеген «Балдырған» журналын өз қолымен ұйымдастырып, ширек ғасыр үлгілі басшылық жасады. «Балдырған» балалар әдебиеті үшін оқушы мен жазушы арасындағы алтын көпір іспетті болғанын айтуымыз керек. Аталмыш журнал арқылы М. Әлімбаев кішкентай оқушыны ұлағатты сөзге тәрбиелеп қойған жоқ, оларға шынайы көркем шығарма сыйлайтын жас таланттар тәрбиешісіне де айналдыра білді. Балалар әдебиетінің көптеген өкілдері әдебиетке келу жолында өздеріне ақын Мұзафар Әлімбаевтың шапағаты тигенін мақтанышпен баяндайды. Жетекші дарынның сондай бір қызық мінезі – жас талаптың тұсауын кесумен шектелмей, оның шығармашылық жолын ұдайы қадағалап, бет алысын бақылап, сын мақала жазып, бағдар сілтеп отыратын жақсы қасиеті бар.
Ақын шығармашылығы жанрлық жағынан бай. Әркімнің дарын қуаты, бейімі әр қилы. Біреу бейімін белгілі бір жанрдан іздеп, жанрға маманданса, екінші біреу өзін бар жанрға баулып, мәпелеп жүргені. Мұзағаң осының соңғысына жататын қаламгер. Ақын шығармаларында өлең, тақпақ, ертегі, өлең-ойын, санамақ, синоним сөздер, өтірік өлең, айтыс, мазақтама, ән өлеңдері, жұмбақ, лотогрифтер, қарама-қарсы қызық сөздер, адас атаулар, метограммалар, шарадалар, жаңылтпаштар және т.б. «ішкі жанр» үлгілері ұшырасады. Мұның өзі ақынның ізденіс аясын, білім өресін аңғартатынына дәлел болса керек. Сол мол жанрлық үлгіні танытатын өлеңдерден шынайы балалар ақынының кішкентай оқушы танымының қабылдау мүмкіндігіне саналы бейімделуін байқаймыз. Өлеңдер мейлінше қарапайым, бірақ, ойлы, мақсатты, тәрбиелік нысанасы айқын. Әр сатыдағы оқушылардың жас мөлшеріне сай лексиконды таңдап ала отырып, қандай күрделі ойды да аз буынға сыйғыза айтып бере білу де осы бейімделудің көрінісі. Мысалы, «Мұнар басқан күз, Сарғыш тартқан түз», «Ауладағы мұз, Ауадағы сыз», «Қамбадағы дән, Тандырдағы нан», «Күз нышандары» деген атпен берілген, небәрі екі жолдан тұратын өлеңдер барынша қарапайым бола тұра, ең кішкентай оқушының өзіне табиғат маусымының негізгі белгілерін сурет қарекеттерін нақты жеткізіп береді.
Мұзафар Әлімбаев ондаған кітаптың авторы.Жазушының шығармашылық мұрасы туралы мыналар белгілі:
Поэзия. Әлімбаев ақындық жолын ресми түрде 26 жасында бастап, 39 жасында «Қарағанды туралы жырлар» атты алғашқы өлеңдер жинағын басып шығарды. Ақын жыл сайын өз жанкүйерлерін жаңа басылымдарымен қуантты. Отыз жыл ішінде 13 жинақ жарық көрді, оның ішінде: «Ақмаңдайлым»; «Ол неге ұқсайды? Балаларға арналған өлеңдер»; «Сүймеген жүрек семеди»; «Қар тамшысы»; «Ән мәтіні»; «Алатаудың қойнында»; «Жүректің сыбыры»; «Менің Қазақстаным»; «Тамаша уақыт – балалық шақ», т.б. «Әуе жолының ханымы» кітабы үшін ақын Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Оның «Дәрігер қызымыз бар», «Е, тамашасың, жылқышы», «Бір жас қазақ» және т.б өлеңдерінің халық әніне айналуы ақын шығармашылығының халық арасында кең тарағанын айғақтайды. Әлімбаев өлеңдерімен, тағылымды ертегілерімен балалардың сүйіспеншілігіне бөленді. Дүниетанымның кеңдігі, қоршаған дүниенің сұлулығы мен адамның сұлулығы туралы лирик Мұзафар Әлімбаев айтқан. Қазақ жазушысының орыс, украин, поляк тілдеріндегі өлеңдері дүние жүзінде оқылды.
Мұзафар Әлімбаев – фольклор жинаушы. Әлімбаев фольклортанушы ретінде танымал болды. Соның арқасында қазақ мәдениеті халық мақал-мәтелдері мен нақыл сөздерінің, нақыл сөздер мен нақылдардың баға жетпес жинағымен байыды («Маржан сөз. Мақалдар», «666 мақал-мәтел»). Оның үстіне авторды тек ұлттық фольклор ғана емес, басқа халықтардың да халық өнері қызықтырды. Фольклорлық материал авторлық афоризмдердің жасалуына серпін берді. Әлімбаевтың өмірлік тәжірибесі мен байқағыштығы оның жасаған нақыл сөздері мен афоризмдерінде көрінеді.Автордың шығармалары кең аудиторияға ие болды - оның кітаптары Кеңес Одағының көптеген тілдеріне аударылды. Ол тек қазақ және орыс тілдерінде ғана емес, қырғыз және түркімен тілдерінде де бірнеше өлеңдер жинағын шығарды.
Мұзафар Әлімбаевтың тағы бір ерекшелігі – ел аузындағы елеулі ертегі, аңыздарды тере жүріп, жаңғырта жырлауы, халық шығармашылығындағы ғажап үлгілер дәстүрімен өзі де жанынан аңыз, ертегілер, күлдіргі жырлар тудыруы. «Қос керенау», «Кім ұтылды, кім ұтты?», «Жақсыбай батыр мен Елпекбай», «Алшынбай мен Шөже» т.б. өлеңдер осының айқын дәлелі.
Шығармалар жинағы: Ақсерек те көксерек: Тақпақтар, дастандар, ән - өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар;Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар;Аулақ бол жаман әдеттен: Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған;Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар;Биікке, биікке: Балаларға арналған өлеңдер;Екі тақтай - бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер;Ер айнасы - еңбегі: Еңбек туралы мақалалар мен нақылдар;Жауқазын: Дастандар мен өлеңдер;Жолдар - жырлар: Өлеңдер;Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэма;Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: Естеліктер, эсселер;Көңіл күнделігінен: Эссе, зерттеулер;Көңіл күні: Таңдамалы;Көргендерім көңілде: Деректі эссе - очерктер;Қалам қайраты: Эсселер, сын мақалалар;Қоянның құлағы неге ұзын?;Менің Қазақстаным: Поэма;Менің ойыншығым;Отанның орны - жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар, эссе;Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой – толғамдар;Өрнекті сөз - ортақ қазына;Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар;Өшпес от: Дастан мен өлеңдер;Сен дегенде: Өлеңдер, балладалар, мысалдар;Сүймеген жүрек семеді: Өлеңдер, балладалар, нақылдар;Тәрбие туралы әңгімелер;Толқыннан толқын туады: Зерттеулер, эссе, естеліктер;Ту тіккен: Поэма мен өлеңдер;Халық - ғажап тәлімгер: Қазақ халқының мақал - мәтелдері, қара өлеңдері;Хас батыр Қасым Қайсенов;Қарағанды жырлары.
Мұзафар Әлімбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны авторларының бірі. Жалаң талантпен жазатындар да аз емес. Мұзафар Әлімбаев өлеңді біліммен де жазады. Оған ақынның бала психологиясын, таным процесін жете зерттеуі себеп болды. Ақын оқырмандарын ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен хабардар болуды міндеттейді. Мәселен, ақын стюардесса еңбегінің мәнін ашып, мүмкіндігінше оны «Аспандағы әпке» деп баламалапты. «Аспандағы әпке» деп кезекті жинағына атау етіп беруі де жаңа баламаны балалар санасына сіңіре беру ниетінен туындағандай. Мұзафар Әлімбаевтің бұл кітабында ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарына сүйене отырып жазылған өлеңдері мол. «Аспандағы әпке» кітабы негізінен мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған. Теориялық еңбектерге табан тірей айтсақ, бұндай жас мөлшердегі бала – зерттеуге көне бермейтін, көркем әдебиетті қабылдауы қиын орман. Халықтық педагогика тәжірибесі мен поэтикалық өнер теориясын ұдайы қадағалайтын, балабақша мен мектеп оқушылары арасында кездесулерде жиі болып, кейіпкерін жіті зерттейтін ақын сондай қиындықты жеңіп, оқырмандарына жап-жақсы шығарма ұсына алды.
Әдебиетте жемісті еңбек етіп келе жатқан көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев шығармашылығы жөнінде көп ойлардың бәрі бір пікірге сияды. Халқымыздың әрлі де нәрлі кемел сөзі белгілі бір қаламгердің жас мөлшеріне қарай емес, дарын қуатына, таланттың гүлденуіне орай айтылуға, қолданылуға тиісті. Біз бұл ойды қазақтың белгілі ақыны
Мұзафар Әлімбаев – қай уақытта да жыр-бәйгесінде өзіндік орнын алып келе жатқан ақын. Сөйте тұра, балалар ақыны ретінде оның талантының шын гүлдеп, еркін ашылуы – соңғы жылдары. Мұның баршасы, оның ұлғайған жасына қарамай, тынымсыз ізденуінің жемісі болса керек. Ақсақал ақын бүгінде де жемісті еңбектеніп келеді.