Бастауыштың 3 сыныбында Қазақ әдебиетінің 1 бөліміндегі Мұзафар Әлімбаевтың–«Он саусақ» өленінің мазмұны: Он саусақ Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Негізгі идея: Оның басты тақырыбы — еңбек және ұйымшылдық.Еңбек қозғалыстан, əрекет етуден басталады. Екі саусақты біріктіру де, онымен ине ұстау да еңбек. Енді одан əрі не түйме қадалады, не киім тігіледі. Өстіп еңбек екі саусақтан, аздан, кішкенеден өрбиді. Ал үш саусақ біріксе, қалам ұстауға, хат жазуға, білім алуға жарайды, он саусақ кіріссе, үй де салынады, жол да жасалады. Саусақ арқылы адамдарды мегзеп тұрғанын байқауға болады. Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал ету.
4автор: Әдібай Табылды Өмірбаяны: 1926 жылы 2 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы «Жаңа тұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Тараздағы Абай атындағы педагогикалық училищені бітірген.ҚазПИ-ді (1955, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.Ұлағатты ұстаздығымен елге мэлім болтан педагог 1944 жылдан ақьшдық, педагогтік еңбегімен елге танылып келеді. 1944-1968жылдары ауыл мектептерінде пионер жетекші, оқытушы, оқу ісін меңгеруші, мектеп директоры қызметгерін атқарьш, іскерлігімен бүкіл республикаға белгілі болады. 1968-1980 жылдары ҚазССР Ғылым Академиясы ұйымдастырған Қазақ Совет Энциклопедиясьшьщ Бас редакциясында педагогика, тіл-әдебиет редакцияларын басқарды, 1980 жылдан бері ҚазМУ-де педагогика, этнопедагогика, оқыту-тәрбиелеу эдістемелері бойьпшіа дәріс беріп келеді. 2021 жылы 9 шілдеде дүниеден өтті.