Балалар психиатриясының негіздері



бет5/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1. Психосенсорлық бұзылулар- науқастар қабылданатын заттарды дұрыс анықтайды, оларды таниды, бірақ пішіні, өлшемі, салмағы, өз денесінің және оның бөліктерінің пішіні, сондай-ақ кеңістіктегі заттардың орналасуы бұрмаланады. Бұл сенсорлық анализдің, көрнекі-кеңістіктік бағдардың бұзылуына әкеледі.

Метаморфопсия немесе дисморфопсия көру қабылдауының бұзылысы, бұндай бұзылыста заттардың формасы мен өлшемі бұрмаланады.




2. Оптико-вестибулярлы бұзылыс- айналадағы заттардың орналасуы және олардың тұрақтылығы бұрмаланады.


3. Иллюзия – шын мәнінде бар және қабылдау сәтінде қолжетімді заттар мен құбылыстарды қате қабылдау. Олардың балаларда пайда болуы көбінесе бірқатар факторларға байланысты. Сезім мүшелері бойынша қабылдаудың көру, есту, тактильді, иіс сезу, дәм сезу иллюзиялары ажыратылады. Науқастар сөздерді қабылдайтын есту перцептивті алдаулары вербальды (латынша «verbalis» - сөздік) деп аталады.


4. Галлюцинациялар – нақты тітіркендіргішсіз (объектісіз) еріксіз пайда болатын және науқас үшін объективті шындық сипатын алатын бейнелер түріндегі қабылдау бұзылыстары.

Қарапайым, күрделі және комплексті галлюцинациялар бар.


-Қарапайым галлюцинацияларда алдамшы бейнелер элементарлы болып келеді.
-Күрделі кезде олар мағыналы болады.
-Комплексті жағдайларда галлюцинаторлық бейнелер күрделі және бір мезгілде әртүрлі сенсорлық модальділіктермен беріледі (мысалы, науқас адамды көреді, оның сөзін естиді, одан шығатын иісті және оның жанасуының жылуын сезінеді).


3. Ойлау


Ойлау - адам санасында объективті шынайылық бейнелеуінің ең жоғарғы формасы. Бұл шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.
Ойлау негізі – түсінік болып табылады. Түсінік – заттардың өзіне тән қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды анализдейміз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.


Ойлау патологиясы:

Ойлау патологиясын екіге бөліп қарастырамыз:


1) Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл ойлаудың формасы бойынша бұзылуы.
Бағаланады:
- Қарқын- ойлау жылдамдығы.
- Тереңдік- құбылыстың мәніне ену дәрежесі, яғни жалпылау процесінің сипаттамасы.
- Жүйелілік – пайымдау барысының өзара байланысы, дәлелділігі, негізділігі.
- Икемділік - бұл қажет болған жағдайда жоспарланған әрекетті өзгерту мүмкіндігі.
- Сынилық - бұл жағдайды түсінуді дұрыс бағалай білу, объективті шындық пен ол туралы өзінің субъективті идеяларын салыстыру.

2) Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, логика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады: сандырақ, аса бағалы ойлар, жабыспалы идеялар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет