Балалар психиатриясының негіздері


Вальтер-Бюеля триадасынан тұрады



бет14/23
Дата15.05.2023
өлшемі93,16 Kb.
#93220
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
^Nметотнази Психиатрия (копия) (копия)

Вальтер-Бюеля триадасынан тұрады:
•Ес бұзылыстары
•Интеллектің төмендеуі
•Эмоциялық лабильділік
7. Эмоция


Эмоция — әр адамға оған әсер ететін тітіркендіргіш пен өз ісінің нәтижелерінің (қанағат болу, қанағаттандырмау) маңыздылығын бейнелейтін, индивидтың субьективті боялған ой-толқулары түріндегі реакциялар. П.К.Анохин жазуы бойынша: “Эмоциялар айқын бейнеленген субьективті боялуы бар және адамның сезімдері
мен ой-толқуларының барлық түрлерін қамтитын (терең жарақаттайтын қиналулардан бастап, қуаныш пен әлеуметтік өмірді сезінудің жоғары формаларына дейін) ағзаның физиологиялық жағдайы”.

Эмоция түрлері:



- Эпикритикалық (қыртысты)- эстетикалық, этикалық, адамгершілік сезімдер.
- Протопатиялық (қыртыс асты)- аштық, шөлдеу сезім, жыныстық сезімін қанағаттандыру.
- Оң эмоциялар- қуаныш, қанағат болу сезімі.
- Теріс эмоциялар- ашулану, тітіркену, уайым, мақсатқа жетудегі кедергілердің болуы.
- Стениялық- мақсатқа жетудегі күшті мобилизациялайтын активті белсенділік, күреске бағытталған сезімдер.
- Астениялық- төмен белсенділік, сенімсіздік, күдіктену сезімі.


Эмоциялардың жіктелуі:

Күші мен ұзақтығы бойынша:
• Көңіл-күй - ұзақ, біркелкі эмоциональды жағдай;
Құштарлық(әуестік) - күшті, тұрақты және терең эмоциональды жағдай;
Аффект - аса күшті, қысқамерзімді эмоция.


Күрделілік бойынша:
төмен, инстинктармен байланысты
жоғары, эмоциялар, қоғамда тәрбиелену нәтижесінде қалыптасады.


1) Эмоционалды көңіл бөлу - әртүрлі жағдайларға жауап ретінде дамитын жедел эмоционалды реакциялар.
2) Эксплозивтілік - жоғары эмоционалды қозғыштық, айқын аффект көріністеріне бейімділік, күші бойынша адекватсыз реакция.
3) Эмоционалды тоқырау - пайда болған аффективті реакция ұзақ уақытқа бекітіліп, адамның ойы мен қимылқозғалысына әсерін тигізетін жағдай.
4) Амбиваленттілік - бір адамға бір уақытта қарама-қарсы сезімдердің дамуы.
5) Сезімдерді жоғалту сезімі - болып жатқан оқиғаларға немқұрайлықпен қарау, психогенді “эмоционалды салдану” кезінде кездеседі.

Гипертимия— жоғары көңілді, қуанышты көңіл-күй, өте жақсы физикалық сезінумен, барлық сұрақтарды шешудегі жеңілілікпен, өз мүмкіндіктерін асыра бағалаумен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет