Балалардың жасы: 4 жастан


Математика негіздерінен ойын-жаттығу



бет11/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Математика негіздерінен ойын-жаттығу
"Ең биік шыршаны іздегенде".
Мақсат-міндеттер: балалардың заттардың биіктігі жөніндегі ұғымдарын жетілдіру; реттік сан туралы ұғымдарын қалыптастыра бастау; заттардың биіктігін саусақтар арқылы өлшеп, салыстыру тәсілімен таныстыру.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Қырау".
Мақсат-міндеттер: балалардың жансыз табиғат құбылысы қырау туралы түсініктерін кеңейту.


Дидактикалық ойын.
"Көңілді қыстырғыштар".
Мақсат-міндеттер: қыстырғыштар арқылы саусақ моторикасын дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту. Ұсынылған бірнеше фигуралардың ішінен дұрысын таңдау. Мектеп жасына дейінгі баланың сөздігін кеңейтуге және белсендіруге, сондай-ақ есте сақтау мен ойлауды дамытуға ықпал ету.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)



Театрды сахналау.
"Күшік досын қалай тапты" ертегі желісін сахналау.
Мақсат-міндеттер. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, сұрақтар бере отырып, ертегінің желісі бойынша әңгімелеуге үйрету.
(көркем әдебиет)


Құрастырудан ойын-жаттығу
"Жаңа жылдық сыйлық"
Мақсат-міндеттер: балаларды қалдық материал: бірреттік қағаздан жасалған табақшадан, мақта және қағаздан аяз атаны құрастыруға үйрету.

Қазақ халқының ұлттық ойындары. «Қара сиыр» ойыны. 4+
Мақсат-міндеттер.
Балаларға тапқыр, шапшаң, ұйымшыл болуды үйрету.
Шарты.
Ойын көбінесе далада, көгалды жерде, кең аулада ойналады. Ойынға 3 не 10, одан да көп ойыншы қатынасады. Ойынға көбінесе қара зат таңдап алынады (ескі малақай, құм салған дорба және т.б.). Ойынға қатынасушылар шеңбер құрып, көздерін жұмып тұрады. Ойынды басқарушының берген бұйрығы бойынша бір ойыншы шеңберден шығып, тығуға әзірленген затты қолын алып тығылады.
Ойыншы балалар сол тыққан затты іздеп табу керек. Егер тығылған зат табылса, ойын жүргізуші ойынға қатынасушылардың барлығына естірте дауыстап жариялайды да, барлығын табылған заттың төңірегіне жинайды. Заттың иесі өз затын қорғайды да, басқалары оны алдап-сулап, көңілін басқа жаққа бұрып, әлгі затты тартып алуға тырысады. Затты кім ала алатын болса, сол затты тығушы қызметін атқарушы болады да, қалғандары қайта шеңбер құрып, көздерін жұмып тұрады. Ойын осы тәртіппен жүре береді. (дене шынықтыру)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет