Балалардың жасы: 4 жастан


Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»



бет12/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
zWxFhnqrkhI9S5WDGA480yhjvtLsOXvs92YxKBrr

Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта».
Ойынның мақсат-міндеттері: ұзын - қысқа, жуан - жіңішке, үлкен - кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: балалар сипап сезу арқылы заттың ұзын не қысқалығын анықтайды. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын не қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.
(сөйлеуді дамыту)


Дамытушылық жаттығу.
"Не өзгерді?"
Мақсат-міндеттері. Балалардың қабылдауын, зейіндерін, есте сақтауын дамыту; байқампаздыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар:
Әртүрлі заттар мен ойыншықтар.
Барысы.
Педагог балалардың алдына таныс ойыншықтар мен заттарды ұсынады. Алдымен, саны 6 басталып, ал кейін 10-12 дейін жеткізілуі мүмкін.
Балалар ойыншықтарды бір қатарға орналастырғанда олардың реттік нөмірін айтады.
Балалар көздерін жұмады, педагог қатардағы ойыншықтардың орналасуын өзгертеді.
Балалар көздерін ашады, қай ойыншықтың қай жерге ығысқанын айтады.
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері, қоршаған ортамен танысу)

Балалармен жеке жұмыс

Бала тілін дамыту. Тақпақтар айтқызу.
"Күміс қар" (Әли Ысқабаев)
Қырларды жапты күміс қар,
Далада жаңа тыныс бар.
Бұталар жалт-жұлт етеді
Кәдімгі бейне хрусталь.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Жаңылтпаштар жаттайық.
1) Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым,
Жорта қойдым.
2) Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр, топтала.
Зымырап допты ала
Қуады көп бала.
3) Қырық құрықтық
Сырық қырықтық.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет