Балалардың жасы: 4 жастан


(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)



бет10/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Бесін ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттері. Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыруы. Ас ішу мәдениетімен таныстырып отыру. Қасық, шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Асты сөйлемей ішу. Астан соң беті-қолды жуу.
А. Меңжановтың "Тазалықтың досы".
Сылдырлайды сылдыр су.
Мөлдір суға қолыңды жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)

Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу
"Шырша туралы әңгіме құрастыру".
Мақсат-міндеттер: балалардың әңгіме жанры туралы білімдерін тиянақтау; әңгіме және тақпақ, жұмбақ туралы ұғымдарды жетілдіру; шыршаның өсу ерекшелігі мен адамның өмірінде алатын ойны туралы ұғымдар жиынтығын қалыптастыру.


Дамытушылық жаттығу. "Қандай және қанша айырмашылық бар?"
Мақсат-міндеттері. Балалардың қабылдауын, зейінін, ойлауын дамыту; ақылдылыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу. Керекті құрал-жабдықтар. Жұп суреттер (бірінші суретпен салыстырғанда, екінші суретте бірнеше өзгеріс бар). Барысы. Педагог балаларға бірінші суретті көрсетеді, ал кейін сондай екінші суретке қарауға ұсынады. Балалар екінші суретте, бірінші суретке қарағанда не өзгергенін айтады, айырмашылықтарын табады.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Шыршаның басынан өткізген хикаясы".
Мақсат-міндеттер: балаларды С. Дүйсенбиевтің "Шырша да жылайды" әңгімесі мазмұнымен таныстыру; оларға шырша туралы мәтін мазмұнын түсінгендерін сұрақтарға толық жауаптарды қайтару арқылы жеткізуге білуге үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет