Балалардың жасы: 4 жастан



бет13/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
zWxFhnqrkhI9S5WDGA480yhjvtLsOXvs92YxKBrr

«Суреттер құрастыру».
Мақсат-міндеттері. Балаларға ұсақ суреттерден бір мазмұнды сурет құрастыруды үйрету, әңгіме құрастыра білу, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту, әртүрлі мазмұнды суреттер құрастыруға балалардың қызығушылығын арттыру.
(сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар)

«Үй құрылысының ретін көрсет».
Мақсат-міндеттер: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін үрдістерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны қарай әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. Мазмұны: балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Қажетті сөзді тап».
Мақсат-міндеттер: тапқырлыққа, ойланып жауап беруге үйрету.
Ойын ережесі: тәрбиеші бір сөз атайды, балалар соған қажет заттардың атына байланысты сөздерді тез атауға тиісті. Мысалы: тоқылатын заттарды ата десе, балалар шұлық, шәлі, қолғап, жемпір деп жауап береді. Қайда, немен, кім тоқиды?
- Фабрикада машинкамен, үйде бізбен тоқымашы тоқиды.
- Тігілетін заттарды ата? Көйлек, етік, тымақ, көрпе, пальто, т.б..
- Қайда, немен, кім тігеді?
(сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар, қазақ тілі)

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттер:
- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;
- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.
- сапқа тұру кезінде 1-ден 5- ке дейін саналып тұру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет