Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет29/50
Дата25.12.2023
өлшемі2,37 Mb.
#143205
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
Желтоқсан айы

Қоршаған орта
Міндеті: Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің қозғалыс ережелерін сақтау
Мақсаты Жолда жүру ережесін сақтап жүруге тəрбиелеу
«Ұшқырлар мен тапқырлар» ойыны.
– Біздің топта кім ең ұшқыр ойлы жəне тез тапқыр екенін білгім келеді. Мен
сендерге сұрақтар қоямын, кім дұрыс жауап айтса, қолын көтереді. Хормен берілген
жауап қабылданбайды. Кім дұрыс жауап берсе, жұлдызша алады. Ойын соңында
жұлдызшаларды санап, жеңімпазды анықтаймыз. Кімде жұлдызша көп болса, сол –
жеңімпаз.
– Автокөліктің қанша дөңгелегі бар? (Төрт).
– Жаяужолда кім жүреді? (Жаяу жүргінші).
– Көлікті кім басқарады? (Жүргізуші).
– Екі жолдың қиылысы қалай аталады? (Жол қиылысы).
– Жолдың жүріс бөлігі қай жақтан басталады? (Оң жақтан).
– Жаяу жүргінші немесе жүргізуші жол ережесін бұзса не болуы мүмкін? (Апат
немесе жол-көлік оқиғасы).
– Бағдаршамның үстіңгі шамы қандай? (Қызыл).
– Жаяу жүргіншілер өткеліндегі жолақтар қандай жануарды еске түсіреді?
(Зебра/алаша атты еске түсіреді).
– Жаяу жүргінші жер асты өткеліне қалай түсе алады? (Баспалдақпен).
– Егер жаяужол болмаса, жаяу жүргінші қалай қозғалады? (Сол жақтан, қозғалысқа
қарсы).
– Қандай мəшинелер арнайы дыбыстық жəне жарық сигналдарымен жабдықталған?
(«Жедел жəрдем», өрт сөндіру жəне полиция мəшинелері).
– Қауіп төнбеу үшін, қай жерде ойнау керек? (Аулада, балалар алаңында).
Дұрыс жауаптарға жұлдызшалар беріліп, педагог ойынды қорытындылайды




Үзіліс:      




Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет