«Балапан» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліктің іс-шарасы



бет3/7
Дата23.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#75750
1   2   3   4   5   6   7
Зал іші әсем безендірілген.
Балалар музыка ырғағымен топқа кіреді.
Жүргізуші:
-Армысыздар, аяулы ұжымдастар, ата –аналар!
Сәлем, балақайлар, сендер бәрің де бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер, мына жерде орман аңдары мен сүйікті кейіпкерлеріміз де жүр екен,
«Балапан» тобының ертеңгілігін тамашалауға келіпті.
-Балалар, бүгін қандай мереке?
-Жаңа жыл мерекесі.
Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі Гүлбану апайымызға сөз береміз.
Жүргізуші:
-Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде қоян, аю, түлкі үшеуі дос болыпты. Олар біздің ортамызға тап болыпты.
Қоян:
-Ой, неткен әдемі сарай, бұл жерге түлкіден қашып келіп едім.
Артынан түлкі келеді, қоян жасырынады.
Түлкі:
-Бұл тойға мені неге шақырмайсыңдар мені ешкім шақырмайды.
Қоян , қайдасың, тоқта бәлем- деп артынан қуа жөнеледі.
Жүргізуші:
-Түлкі тоқташы, алдымен сәлемдесейік,
Балалармен қонақтармен амандас.
Түлкі:
-Сәлем балақайлар, қонақтар
Жүргізуші:
-Қоян сен де кел амандас қорықпа.
Қоян да сәлемдесіп , балаларды құттықтайды.
-Жүргізуші:

-Аяз ата мен Ақша қарды да ортаға шақырайық,


-Бәріміз бірге Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата,Ақшақар!
(Көңілді әуенмен ортаға Аяз ата мен Ақшақар , Аю келеді,).


Аяз ата: Армысыңдар, балалар!
Бармысыңдар, балалар,
Құтты болсын мереке,
Құтты болсын жаңа жыл,
Жаңа жылды тойлаңдар!


Ақшақар: Амансыңдарма балалар, армысыздарма қонақтар! Балалар біз сендердің жаңа жылдық кештеріңізге сонау алыстан келдік. «Балауса» балабақшасының бүлдіршіндерінің жаңа жылға дайындаған өнерлерін тамашалауға асығып келдік
Аю:
-Сәлем балақайлар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме?
Балалар:
-Иә, білеміз, аю.
-Иә, аюмын:
-Бірін бірі қуған түлкі мен қоянды іздеп жүр едім, олар осында екен ғой. Екеуі жыл бойы араздасып келеді, мына керемет мерекелік кешке келіп, бәрін ұмытып кеткен бе?
Жүргізуші:
-Иә, аю, бұл мерекеде барлық жамандық ұмытылады.
Аю:
-Аа, жақсы екен онда
құрметті балалар, қонақтар жаңа жыл отбасылырыңызға тек қана жақсылық әкелсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет