«Балапан» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліктің іс-шарасы


Жүргізуші: Аяз ата, енді не істейміз, мыстан сіздің сиқырлы таяғыңызды алып кетті. Аяз ата



бет6/7
Дата23.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#75750
1   2   3   4   5   6   7
Жүргізуші: Аяз ата, енді не істейміз, мыстан сіздің сиқырлы таяғыңызды алып кетті.
Аяз ата:
- Таяғымды мыстан алып кетті дейсің бе, қап енді қайтеміз,Соңынан қуып жетейік ендеше.
Сиқыршы:
-Жоқ, Аяз ата қуып әуре болмаңыз, мен оны бір мезетте табамын.
Сиқыршы:
-Ахалай-махалай, куф-суф!
Мыстан қайтадан келеді.
Сиқыршы:
- Мыстан сенің мұның не жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзғың келді ме?
Мыстан:
-Мені кешіріңдерші жарайды таяқты қайтарам, бірақ мен де бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілікте мен де өнер корсетейін (мыстан ортада ата- аналармен флешмоб билеп береді.)
Жүргізуші:
-Жарайсыз, көңіліміз бір көтеріліп қалды, ендеше кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.
9-бала (Шадияр): Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл!


10-бала (Томирис( Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.


11-бала (Бейбарыс( Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға,
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, барша


12-бала (Рамазан): Жаңа жылды қарсы аламыз,
Жасаймыз біз жылда бір,
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр


13-бала (Батырхан:Жылдың әнін бастайын,
Аяз ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар балалар, ендігі кезекте Бекқали Розаның орындауында ән: «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші:
-Жарайсың, дауысың қандай әдемі.
Жүргізуші: Ендігі кезекті биге берейік берейік.

Би: Гномдар


Орындайтындар:Батырхан,Бейбарыс, Иса, Рамазан, Ақарыс, Дарын, Асылхан, Айбек.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар, балалар, ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына береиік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет