«Балапан» тобының «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгіліктің іс-шарасы


Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар, аю бізде сендерді көп күттік. Аяз ата



бет4/7
Дата23.03.2023
өлшемі111,5 Kb.
#75750
1   2   3   4   5   6   7
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, Аяз ата, Ақшақар, аю бізде сендерді көп күттік.


Аяз ата: Балалар, мына әсем шыршаның шамдары жанбапты ғой, ендеше мен бұл шыршаның шамын жарқыратып тұрып, жағайын.

Бәріміз бір дауыспен,


Дейік енді шыршаға,
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!


Балалар: Шыршамыз керемет жарқырап, керемет әсем күйге бөленді.


Жүргізуші: Аяз ата сізге көп рахмет. Ал, енді балалар өз өнерлерін Аяз ата мен Ақшақарға, қонақтарға көрсетеді, біздің балапандарымызды құттықтап, «Қарлығаш» тобының бүлдіршіні Алуаның орындауында
Ән «Шырша жыры»
Жүргізуші:
-Жарайсың , өте жақсы айттың, рақмет саған.
Жүргізуші:
-Балалар, орманнан келген қонақтарымыздың іші пысқан болар , ендеше барлығымыз «Қар мен сәбіз жинау» ойынын ойнайық.
(Ойын шарты: Екі себеттің біріне сәбіз екіншісіне қар жинайды, қайсысы көп жинаса сол жеңіске жетеді.)
Жүргізуші:
-ой, не деген жылдамсыңдар, жарайсыңдар балапандар.
Келесі кезекте біздің тобымыздың ұлдары «Гномдар» биіне шығады, биді бірге билейміз.
Жүргізуші:
-Жарайсыңдар, балапандар, ендігі кезекте «Күншуақ» тобының қыздары «Ақша қарлар» биімен ортада қабыл алыңыздар.
-Жарайсыдар, қыздар, керемет биші екенсіңдер, көп рақмет сендерге.
-Балалар, орманнан келген қонақтар, бұл жерде бііздің ата-аналарымыз да отыр, ендеше ата-аналарды да ойынға шақырсақ қайтеді.
-Ойын ойнаймыз ба?
-Иә, ойнайық
-Ендеше «Кім жылдам?» ойынына ата-аналарымызды ортаға шақырайық.
Ойын шарты:Ортаға орындықтар қойылады, музыка ырғағымен ата-аналар билеп айналады, соңында орындықты кім иеленсе, сол жеңімпаз атанады.
Ата-аналар ойынға шығады.
Жүргізуші:
-Енді біздің балапан қыздарымыз шырша биін билейді.
-Жарайсыңдар, қандай керемет бишісіңдер, рақмет сендерге.
Жүргізуші:
«Тұлпар» тобының тәрбиеленушілерінің орындауында «Қысқы оркестр»әні.
-Рақмет, жарайссыңдар, қыздар.
Жүргізуші:
-Құрметті ата-аналар, қонақтар, балапандар, осымен бүгінгі «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келген қадамдарыңызға гүл бітсін, жаңа жыл әр шаңыраққа бақыт әкелсін, жаңа жылымыз берекелі жыл болып кіре берсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет